Байтасов Т.К. жеке блогы

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!..» Шәкәрім атамыз бұзылмайтын құдайлық шынның әулиелік қасиетпенен байланысты, таза ақылдан туындайтынын ескертіпті. Ал әулиелік қасиеттілікті жындылықтың әрекетінен тазарумен ғана меңгеруге болатынын баяндадық. Әр ұлттың алған жол-жобасы салт-дәстүрінен, ата жолының құдайлық шынның бейнесі болып қалыптасуымен ата-бабаларымыздың аруақтық кітабы болған шындықтың қазынасына, тарихи естілік жадымызға, яғни әулие-әмбилеріміздің жаннаттық, жұлдыздық орындармен жалғанып тұратынын да естен шығармаңыз.

Бір естілік, есті болу деген ұғым тарихпен, өткен өмірмен байланысты ғана қалыптасатын бір ақылдық жүйе болып табылады. Естілік біздің өміріміздегі тәжірибелеріміздің шындықпен, ғылыммен жүйеленген қуат болып және ата-бабаларымыздың да тарихи жады шындығымен жалғанып, екі дүние өмірінің барлық саласын қамтуымен, көріпкелдік, болжампаздыққа да қуат болып саналады. Естіліктің жанмен және рұқтың сипаттарымен байланысты да түрлері болады. Яғни иманмен және сеніммен байланысты екі сөздік белгісі болып бір естілікті қалыптастыруға құдайшылдықтың құлшылығын меңгеру міндетті болмақ. Естілікті 7; 9 санды белгілері болып оң білек, оң жақ көлеңкемен, құлақ, иық, шынтақ, алақанмен жалғанып тұратын қуаттық жүйені құрайды. Оң жағымыз жасыл түспен және нағашы жұрт аруағымен байланысты болуында да мән бар. «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп естілік тектің қалыптасуын ескерткен.

«Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар. Жалғыз жарға шоқынған Қайда мендей пенде бар? Менің жарым қыз емес Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры…»  (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы «зайырлы мемлекетпіз, зайырлы дін ұстанамыз» деген дінші, ел билеушілердің пәтуаларының қазақтың нанымына, сөз өнеріне, атау сөздердің ұғымына ашық қарсылық болып; «хақиқаттың нұрын жүрегіне алған, еліміз түгел әулиеге айналған, құдай патшалығындағы  елміз» деген ұғымды меңзейді.  Атау сөз ұғымдарының ойына жүгінсек; Сауаттылық – тектілік, ұғымдылық болып адамзатқа тән қасиет болады.

Зайырлық – ішкі жаратылыстық құпия сыры, тегі болып барлық жаратылыста кездесетін қуатқа жатады. Шәкәрім атамыз; «…Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар.» зайыр ұғымының адамзаттың болмысында кездесетін Алланың нұрынан, жанның ғылымдық сырын хақиқаттың шын нұры, құдайлық белгі-жар деп түсіндіреді. Олай болса, мұндай атау сөз ұғымдарын терістеп, халықтың ақылын қазыққа байлаушылар ібілістің ұрпағы деген ұғымға да лайық болады.

Ел тағдыры елімнің болашағы,

Ауыртады жүректі қинап жанды.

Жындылығы жастықтың сөзі емес,

Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.

Көргендерім тіршіліктің күні емес,

Тарихтан белгі келді тұрған елес.

«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ.