Қияметтік мезгілде тек қана зұлымдықтарға құдайдың жауабы түсіп, жазалаумен ғана шектеледі деп түсіну жаратылыстың сырын, дәуірлік оқиғалардың мән-мағынасына ойды жұмсап, ақыл тоқтата алмаудан пайда болады. Аятта; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.» (43-62) Олай болса, Раббымыздың тарапынан түсетін барлық белгілері мен хикметті білімдерін бейнелеп оқушы әулие-әмбилер мен Алланың сүйікті құлдарының адамзатқа көрсетіп, жол сілтеп жатқан түстері, аяндары, уақиларының бәрі; Алланың өзінен, құдіретті қолы МЕН сипатынан болып және Маған бой ұсыну болып саналады.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Дінсіз адамзат өмір сүре ала ма деген сауалды әрбір есі бар пендеге қойсаңыз, әрине жоқ деген жауап аласыз. Қарапайым ғана түсінікпен аңғарсақ, өлім, ажал бар жерде діннің барын әркім ұғына алады. Барлық өмір тіршілік және өсіп-өніп, қасиеттілікті, тектілікті меңгеру өліммен, яғни «мың өліп, мың тірілу» арқылы ғана пайда болатыны да хақ. Өлім дегеніміз ажалдың «атрибуты», көлеңке бейнелері болып, бір қуаттық жүйеден келесі кезеңге өтуге, жалғануға көпір, жібі болып саналды. Ал енді қазақ билігі заң тұрғысында неге саясатымыз дін-жанынан, бас амандығынан бөлек деп қарсылық білдіреді?
Құтқарар білім тозақтан,
Өмірде түрлі азаптан.
Ілімнен білім шықанмен,
Ойына сынды жаратқан.
Мақтан…
Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8
Мақтанбайтын бүгінде пенде бар ма?
Дінші, тілші, жазушы, ақындар да.
Мақтанның буы бүгін білім болып,
Ел құтқармақ мақтанмен сөз жазарға.
Адамзаттың жаратылысында ібілістік, адамдық болмыс қатар болып, қай жағына қарай ықыласымыз ауса, соның ұрпағы болып, аттылы-еркек, жаяу-әйел сипатты үш байлығымызды түгелдей алмай, меңгерген білімімізге мастанып, жұртты құтқармақ болып, дүние байлығымен мәңгілік ел болмақ болып, ол үшін де жындық топтарға бөлініп алып өзара дауласумен, меңгерген керемет өнерімізді «жұлдыз» болдық деп мақтанумен, өмірдің бар бақыттылығы осы деп әлемге де жар салып жатырмыз.
Арлы ақыл бүгінде кімде қалды,
Неге ұятты, ынсапты деп аталады,
Арсыз ұят, ынсапты билер шығып,
Ел жағдайын байлықпен бағалады.
«Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тия, Дауың мен шарыңды. Құрбыдай хош тұттым Жасың мен кәріңді. Жоқтамай, ұмыттым, Ақыл мен нәріңді. Ортаға көп салдым Өзімде барымды. Япырым-ау, неңді алдым, Сау қоймай арымды?..» (Абай ата). Қазіргі таңда ақылды артқа тастап, тек біліммен өлшеуден жас пен кәрі, ақсақал мен жігіттің, кемпір мен бәлекей қара қатынның немесе қыз бен үлкен әйелдің, сол сияқты қатын мен еркектің қоғамдық өмірде, рухани болмысында еш айырмашылығы неге болмай қалды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Іс жүзінде білімді адамзаттың пайдасына жаратып, түрлі мәшинелерді жасап, оны қызметке қою да білімді ақылмен жұмсай білудің әрекетімен ғана болады.
«Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек, ал ойдағыдай (қиялымыздай) болу үшін жанымыздың аффектісі қандай болуға тиіс екенін және жақсы ақыл-парасатқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс екенін біз анықтап алуға тиіспіз» (Әл-Фараби). Қазіргі таңда әрбір білімді пенденің өзін парасатты санап, ел билеуге, халыққа ақыл айту орындарына сайлануға қақым бар деп санап, түрлі партиялық топтарға бөлініп немесе ұйымдар құрып артынан ел жинап; «Маған ерсеңдер текті, әрі бақытты боласыңдар» дейтіндер таңсық емес.
«…Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не-деп- сұра зұлымдықтан?» Артында азап та жоқ, рахат та жоқ, Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзелсе тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған..» (Шәкәрім әулие) Қазіргі таңда елді түземек, әлемді түземек болып түрлі ойлар айтып, жазып дінші, ғалым аталып, сопылық топтарды құрып, соңына шәкірт жинап немесе түрлі партиялар құрып, тілді, дінді, дәстүрді түземекші болып; әйтеуір ардың, ақтың жолы осы деп, өздерін тектімін, төремін, қожамын, батырмын, ақынмын, әділ заңгермін, кемеңгермін, депутатпын т.б. атақ шенді, мансапқор қиялшылдар жеткілікті елімізде.
Қиында қыстау күн болған,
Кеңестік жүйе жүн болған.
Теңселіп елің тұрғанда,
Тізгінін алдың Раббыңнан!