«Ұжданды мақтайды тамам адам, Мейлі ғалым болса да, мейлі надан. Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Бұрынғы замандарда қазақтың наданы да ұждандылықты арман қылған екен. Қазақтың тектілігіне тән ұлттық арман-ұждан болған. Ұждандылық мәңгілік өлмейтін жанның бейнесін қалыптастырумен байланысты және мәңгілік елдің ақ бастауы да болады.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Сонымен 3-4 жылдан бері әрбір жарты жылдық сын сағатының белгілерін жариялаумен келеміз, бірақ оған ел билеушілердің тарапынан ашық қарсылықпен қалайда халықты мұндай құдайдың ескертуін елемеуге, заңға бағынып ел билеушілердің бәрінен де дүние байлығымен құтқара алатындарына сендірумен келеді. Және көптеген келеңсіз жағдайларды ақпараттық жүйелерде жарияланбауына, халыққа таралмауына да кедергі қойғандары да сөзсіз. Сондықтан ата жол сайтына кіріп оқып таныспағандар үшін; 2016 жылғы алғашқы жарты жылдықта қазақ елінде болатын рухани сынақтарды қайталай кетейік:
«Адам өмірін қалай түзеуге болады.? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар… Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.
Әрине, адам оқып, біліп үйрену қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.» (Шәкәрім әулие)
Қазіргі таңдағы қазақ дін муфтиятының дін істерінің және барлық дін топтары мен ел билеуші, білімді қауым өкілдерінің ата жолы дәстүрімен, тылсымен жалғанып, әулие аруақтарынан бата алып; әркімнің өзін-өзі түзеуге, жамандықтан тиылып, жақсылықты көбейтіп алуға, деген ықласпен; Алла жолына мал жұмсап, артық хайыр жасаумен, нәпсімен соғыс ашуын, заң жүзінде тиым салып, әлі кезге дейін қудалаудан неге жалықпайды деген сауал бар, бұқара халық арасында.
Адам атамыз; екі түрлі ең жоғарғы қасиеттен рұх пен жанның бірлігінен Алла тағаланың махаббатының бөлшегі «Мен»-Адам болып жаратылып, әлемнің ең жоғарғы дәрежелі қуаттық жүйелерінің біртұтас кемелденген денесі болуға лайық жаратылған еді. «Сендерді көркем түрде бейнеледік» деп ескертеді Раббымыз. Адам жаратылысының ең жоғарғы сапалы періштелік бейне болып қалыптасуға сөз мәресін меңгерумен, яғни Алла тағаланың үйреткен сөзіне қарай, оның қасиет сырларын түсініп ат қойып, өзіне ұқсас бейнелерді (бой өрісін) бейнелеуші суреткер болып және бұл денелердің ішкі қасиетін, кісілігін, тектік, зайырлық, қуаттық қабілет берумен де барлық жанды жаратылыстың басқарушысына айналу шартты болды.
Қай заман?
Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8
Мына заман бай заман,
Жалғандыққа жай заман.
Ақымақтың туып күндері,
Ақылдыға болды тар заман.
Ақсақалы бар ауыл азбайды,
Ұққаны бар ма дана Абайды.
Ұжданды болса үлкендер,
Қуатын рұқтан жалғайды.
Дін-насихат, деген пайғамбармыз. Ал дін насихатының екі түрлі жағдайда көрнісін беретінін, Мәшһүр Жүсіп атамыз баяндап кетіпті. Бірінші жағдайда; Ғылымхал болып, жүректен- жүрекке берілетін көместік сипатта болса; екінші жағдайда; кезінде ғылымхалде болған әулиелердің, даналардың шығармашылық тұрғыда пән болып қалған білімін ғылымқал, деп атаған. Ал енді қазіргі білімді заманда ұстанған дініміздің бағытын, қандай адамдық рухани қуат пен құндылықтарды меңгеріп тәрбиелеуге негізделуін, шығармашылықтан, сұхбаттарын естіп, құран арқылы салыстырып, дін ісі болған; шариғаттық білімділік, біліктілігін яғни ғылым-қалдық жағдайын; сөз тазалығын, астарын зертеу арқылы анықтауға болады. Бірақ ол дін ғалымдарының ғылымхалының жағдайына, яғни жанына алған, құпия сыр, кітабына, имандылық қуатына өлшем бола алмайды да.
Ислам газетінің 2016 жылы 11-наурыз, №5 (33) санды басылымында Құдайберді Сабыржан атты дін зерттеушісінің мақаласы басылған екен. Сонымен Сабыржан діншінің пәтуасына жүгінсек; «Тағдырымда не жазылған?», «Болашақта не күтіп тұр?» деген секілді сұрақтар адамзат баласымен бірге сонау алғашқы дәуірлерден бері жалғасып келе жатыр. Өйткені, адам жаратылысында алдағы күндерде не болатынын білуге деген ерекше құмарлық бар. Осы себепті адамдағы осы бір қажетілікке сай болашақты болжағыштар мен көріпкел балгерлер де әрдайым табылып отырған….» деген түсініктерімен көптеген ғұламалардың өсиеттерінен мысалдар бере отыра жалпы көріпкелдік дегеннің ислам дінімен, Мұхаммед пайғамбармызбен және Алла тағала тарапынан да құран аяттарымен тыйым салынғанын дәлелдеуге тырысып аяттарға да сүйеніп пәтуа беріпті.
«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жетеді.» (Әбу Насыр Әл-Фараби) Дана бабамыз Алла тағаламыздың құран аяттармен үкім берген қауымдастықты меңгерудің сырын осылай тәптіштеп түсіндіріп кетіпті.