Байтасов Т.К. жеке блогы

Ел тағдыры елімнің болашағы,

Ауыртады жүректі қинап жанды.

Жындылығы жастықтың сөзі емес,

Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.

Көргендерім тіршіліктің күні емес,

Тарихтан белгі келді тұрған елес.

«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ.

«Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түкте жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар. Жан денеме кіргенінде, Бірге кірген осы дерт, Жан беретін дәрігерің де Ем таба алмай қор болар. Менде де бар да, тіпті сізде Жоқ емес бұл қасиет. Оны өшіріп, бәріңіз де Дедіңіздер: «жауды жар». Әлемнің бастауы болып, жерді жаратпай тұрып жаратушы иеміз мәңгілік өмірді яғни өзінің жарлық-құдайлық сипатын жаратқанды.  Жанмен бірге кіретін барлық жаратылыстың жанының ерекшелігі  мен қасиеттілігінің сапасы; «Мен» — Жар мәңгілік өмірлік нұры болып саналды. Рұқ пен жанды бір деп атап ислам діншілерінің  адасуы да, Мен сипатының қасиетін, зайырын, ішкі сырларын түсінбеуден пайда болған.

   Қазіргі таңдағы қазақ елінің ел билеушілерінің үш тілді меңгертіп, жастарды ғылымды қыламыз немесе діншілердің бес парыз намазды үйретіп, масһабпен жүріп, құдай ісінсіз-ақ, шындық, хақиқатынсыз елді иманды қыламыз, деген ұғымның ібілістің ықпалымен, шайтанның сыбырлауымен, тек білімге негізделіп, белгілі бір замандағы кісілікке табынумен амалға айналдыратын жындылықтан туындап жатқанын аңғарудан қалғанбыз.