Қандай да бір істі және дін рәсімдерін орындап меңгеру үшін, әуелі соның ниетін жасаймыз, яғни ниеттенеміз. Мұндай ниеттену арқылы өзіміздің құдайдың біздер үшін жаратқан жақсылығына деген ықыласымызды білдірген болып және көңілден пайда болған мақсұтымыздың бағытын да белгілейміз. Оны жанның құмарлығы деп атауға болады. Ниеттің қозғаушы күші де белгілі бір қозғалыс киесі себепке байланысты. Яғни бір себептен пайда болған оқиғаларға, көріністерге, тағдырдың, заманның жағдайларына қарай пайда болған кедергілерден, сынақтардан немесе бақытты өмір сүруге байланысты талаптан пайда болатын ниеттердің сан алуан түрлері бар.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Айта-айта алтайды, әжеміз сонан қартайды деген төркінін, туған жерін сағынған әжеміздің мұңын түсінген ұрпақтары. Біздің де ата жолында аз да болса ата-баба дәстүрін, тақуалық тазалығын сақтауға тырысып, сонан болар, әйтеуір тылсымнан келіп жатқан хабарлардың көп жағдайда өз басымызда жан ұяларымызда және жұртқа жеткізген ескертулердің де нақты орындалып жатқанына да дәлелдер жеткілікті де бар. Сондықтан біздер айтудан жалықпаймыз; әлде де айта береміз, ел басшылар мен бұқара халық тарапынан тыңдар құлақ аз болса да.
Қазіргі таңдағы масһаб діншілері мен дін имамдары Алламен арада ешқандай дәнекер болмауы керек, тікелей Аллаға табынып (ұқсастықта болып) жалбарыну керек деп түсіндіреді. Негізінде жалпы жаратылыстың барлығы тұтастай Алла болып, Алланы тану дегеніміз әлемдік тұрғыда ақылымыздың шамасы жеткенінше ғана жаратылыстың барлық құпия сырларын, ішкі зайырлық қадір-қасиет, білімін және ақиреттік білімін меңгерумен ғана Алламыздың өзіндік сипаттарын ғана ұғынып, танып, біздер үшін жаратқан қадір, қасиеттеріне, жолына бой өрісімізбен, жан өнімі көлеңке перштелігімізбен жалғанамыз.
Қырық үйден тыймаған,
Бойға жарық жимаған,
Қыз етексіз, санасыз
Шашын жайып жынданған.
Дін-насихат деген барлық киелі кітаптарда. Ал насихаттың адамзаттың сөз өнерімен, ақыл, даналықты меңгерумен байланысты әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғану кітабының әр замандық уақиға, қозғалыстық өзгерістерге сай білімнің қуатымен белгіленген түсінігі болып табылады. Біздер қандай білімді меңгерсек те, оның пайда зиянын анықтап, белгілі шамасын өлшемінен артық шектен шықпау үшін жанымызды жоғалтпауға жаратылыстың ақ бұлағына, бастапқы ғылымға жалғануды меңгеруіміз керек.
Мереке наурыз басы әйелдерде,
Ырымға айналған күн шет елдерде.
Көшеге шығып қатын, қыздар,
Жын-қуатпен біз де тең деп ерлерге.
Бір күнді ғана әйелдерге неге арнаған,
Бір күн сыйлап, артынан ұмыт болған.
Шариғат, дін ислам бұған қарсы,
Күні-түні, сый құрметті парыз қылған.
«Мұхаммед сол уақытта Раббың періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. Періштелер: «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!»,-деді.» (2-30) Бұл аятқа ақыл тоқтатқан адам баласына ол уақытта жер бетінде бірін-бірі азық қылған, қан төгетін жанды жаратылыс егелерінің, яғни жындық сипатта; жәндіктік, жануарлық, құстық тұрғыда болғаны, олардың негізінде 4-періштелік (Жәбірейіл, Исрафил, Микәйіл, Әзірейіл) тәңірлік жүйемен басқаруында тұрып енді, барлық жанды жаратылыстың сырын, қасиетін меңгерген және барлық періштелерді де басқарып қызметке тұрғызуға, жер бетінің барлық ісінің халифасы қылып, Алла тағаланың Мен-Жар сипатының ұқсасы; Мен-Адам сипатын, Раббымыз ақ топырақтан жаратқан еді.
Бүгінде көп мақтаншақ,
Партия болып мастанбақ.
Ел түземек заңменен,
Атқа қонып ел бақпақ.
«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және онан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар. Шәксіз Алла тағала сендерді бақылаушы.» (4-1) Жер бетінің барлық тұрғындары заттық, тәндік болмысында жануарлық сипатта, қуаттық, ұлттық, қылықтық, мінездік нәпсілік тұрғыда ерекшеленетін болсақ, адамдық нәсілдік, кісілік, тектік тұрғыда; Адам баласы болып аталамыз. Кісі ұғымы; толық кемел, жетілген адам, тұлғалықпен адамзаттың жасырын рухани жетілген, дін тұрғысындағы тазалық жағдайымен байланысты. Адам — бір тұтас кісіліктің шамасы және жаратушымыздың Раббылық Меннің сипаты, көшірмесі, бейнесі болып саналады. Олай болса, толық кісіліктің дәрежесі; Адам-Хау-Ер-Әйел рұқтық жағдайда төрт сипаты болып және адам балалары нәсілі болып қалыптауы үшін жандық тұрғыда көбейіп жетілудің бес түрлі кісілік қуатын меңгеруіміз керек.
Адамзатты көргізіп, естіртіп, ойлантып, сөйлетіп, бүкіл жаратылыстың барлық жандыларынан артық қылу үшін де жұп-парлылық жаратылыс негізінде жындық қуатты меңгеруге және өзіне құлшылыққа қойғаны да хақ. Аятта; «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым.» (51-56) деп адамзат пен жынның біртұтас екенін ескертеді. Егер екі түрлі жаратылыс болса; адамзат «ЖӘНЕ» жынды деп ескертер еді. Жыннан ібіліс жаратылғанымен, оған оның баласы тұрғысында «Әкеге» тікелей ықпал етуге мүмкіндігі жоқ.