Адам баласының адамдығының ең жоғарғы дәрежесі ешқандай жаратылыс егелеріне де, періштелерге де ұқсамайтын сипаты болып; ол сөз ұғымдарын, Алла тағаланың ғайып сипатты рұқын, түрлі жағдайларда аян, уахи белгі, кітап болып оқылған үнсіз бейнелі сөзін меңгеру арқылы оған қасиетілік сипаттарына ат (жорып)беріп, көркем сөздің қуатын көбейтіп, әлемдік қуатқа, шындыққа үлесін қосу болмақ. Ғылымның сыры біздер үшін қашанда ғайып-метафизикалық сипатта болады. Ал Алла тағаланың кереметі көмес және көрнеу хикмет, шындық (анамольды) сипатта болады.

 

   Сонымен біздің ұлттық байлығымыз рухани қазынамызды; «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық –он саулық» деп атайтынымызды білеміз, бірақ оның маңызын жанның ғылымымен тәрбиесімен байланыстылығын білеміз бе? «…Әрнәшік тән қуатымен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оны аты дәулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты бар нәрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатымен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кеспаты, тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң-айырыласың. Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса-жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кетен кісі ойын байлай алмай, қияли болып кеткен болады….» (43-сөз) 

   «Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім (ұрпақтарым)! Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы бір сөз жазып естелік қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, ол үшін махаббаттың төлеуі-махаббат; -Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмағы әуелі хауас сәлим (денсаулық) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалған өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады..» (Абай ата;38-сөз) Олай болса, адамзатты Адам деген ұғымға лайық болсын, деп адамзатты махаббатпен жаратқан, яғни  Адам-жан мен тәннен тұратын қуатарының негізі ғылым мен ақылдан жараламыз. Сонымен біздердің адамдық мінезіміз, бізге құдайдың тарапынан берілген жан қуатымен яғни махаббаттық шамамыз бен ата-аналарымыздың тектілігі, бізге аманаттап артына қалдырған жүректерінің қуаты-ғұмыр кітабына жалғанумен және әке шешеміздің ақылдық шамасынан, қан тазалығынан тәніміздің де сапасы пайда болады.

   Құранның аяттарының әлемдегі барлық түсірілген дін кітаптарының жинағы болып табылатынын, сондықтан да; «Құран», «құралу» немесе «Нар», «Рұқ» деп түсінгенде абзал. Ал неге нар-түйемен байланысты десеңіз жердің жазылғандағы бейнесі түйе құс болып шығатынын ата жол жазбаларында баяндадық және түйеде 12 түрлі жан-жануардың сипаты да табылады. Сондықтан жылға кірмегенмен барлық жан-жануарлардың негізі болып табылады. Жаратылыстың барлық жерлік қуаттарының түйе арқылы бейнеленіп өтуін аятта; «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көтергендерге көктің есіктері ашылмайды… Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз.» (7-40)