(Әлемдік дін басылары мен қазақ дін- дәстүрі бас қосуына арналады)
«Әуел баста Сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. «Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жохан 1-тарау) Адамзаттың ақыл, парасат, саналық қуатының өрісін жетілдіретін ғылым деректері болып саналды. Сондықтан біз ғылымға сүйеніп жерді айналады, әлемдегі барлық планетелар күн жүйесіне бағынышты қозғалады дегенге сеніп, өзіміз мұны көзбен көріп анықтай алмасақта соған сүйене отыра білімізді жетілдіріп отырамыз.
Шаранамен туып едің,
Бөз оранып кетесің.
Бір сағымды қуып едің,
Қай уақытта жетесің?
Қатындар жас баласын күтеді,
Аямай қолдан келген шамасымен.
Емізбей ұрып-соғып, түртеді,
Ержетіп есі кірген баласын.
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға әлің келсе, батасың.
Патшалар сансыз шығын қылады,
Дайындап соғыс үшін ғаскерін.
Аямай бірін-бірі қырады,
Ел алар оққа байлап жастарын.
Қазақ дәстүрінің аты бар, жалпы сипаты бар, бірақ ішкі сыры – дініміздің жетістігі мен ғылымдық маңызы бүгінгі таңда жоғалған десек жалған емес. Қазақ дәстүрінің туы; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Үш байлық», «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Ақыл алтыда, ой жетіде», «Жетесізге жеті айтсаң да түсінбес, санасызға сан айтқанмен түсінбес». Біздер түпкі жаратушы Аллаға ешқандай құлшылығымыз да жетіп және қандай зиянкестік, қарсылық қылғанмен, ешқандайда зиянды әсер бере алмаймыз. Сондықтан Алланың барлық әлемді баураушы жоғарғы орын екені; «Ол азап биік дәреже иесі Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер және Жәбірейіл мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» (70-4).
Ислам бірлік дін еді,
Тұрағы діндер жүрегі.
Намаз деп ислам діңгегі,
Пайғамбардың сүннеті.
Егеменді қазақ деген дербес өзінің ата заңы бар, рухани еркіндігі бар ел болдық дегенмен, бірақ оған жете алмағанымызды құдай бізге Путин мырзаның аузына сөз салып сынақпен ескертті де. Сондықтан Путинге де қазақтың естілерінің атынан рахмет айту да керек. Біздің жаны өліп қалған жетесіз ел басшыларының жалған намысына түрткі болғанына. Жалған дейтініміз Ар деген санадан биік тұратын Алла тағаланың біздің бойымыздан сегіз сипатының бейнеленуі болады. Мұндай арлы адам баласы алды артын болжап, дін-дәстүрдің бұзылмауын ойлап қана намыстанып амал қылады.
Адамдық қасиеттің төрелігі,
Хан болар ақылға кемелдігі.
«Керікті» арғы атасы Керейханның,
Үш рудың туының бұл елдігі.
Жаратылыс сырын білу даналықтан,
Әлемдік қозғалысқа қуат қоссаң.
Қозғалыстың тегі бар үш негізді,
Жұбымен алты ақыл кірпіш болған.