Кәрілік-шал деген бір ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Кәрілік-шал деген бір ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Ақын қасиет пайғамбарлық,
Дәуіттей даналыққа жалғанарлық.
Абыз, би, шешендердер жол көрсеткен,
Ар ісін қазақ тегін жанға аларлық.
Анам мені туған күн!
Есік ашып өмірге,
Құрсақтан бүгін шыққан күн.
Іңгәлап жылап дүниенің,
Қарсылық сырын ұққан күн.
Талап деген жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтып мінді.
Бір суыр адасыпты оттап жүріп,
Кез болды бір ауылға көп қаңғырып.
Ит қуалап тыққан соң иесіз үйге,
Бояу толы шелекке кетті кіріп….
Өмір, дүние жер мен көк өткен заман,
Бесеуінен қуат алып болмақ адам.
Өмір уақыт өлшемі әр пендеге,
Тағдырың боп несібең бірге туған.
Құранның аяттарының әлемдегі барлық түсірілген дін кітаптарының жинағы болып табылатынын, сондықтан да; «Құран», «құралу» немесе «Нар», «Рұқ» деп түсінгенде абзал. Ал неге нар-түйемен байланысты десеңіз жердің жазылғандағы бейнесі түйе құс болып шығатынын ата жол жазбаларында баяндадық және түйеде 12 түрлі жан-жануардың сипаты да табылады. Сондықтан жылға кірмегенмен барлық жан-жануарлардың негізі болып табылады. Жаратылыстың барлық жерлік қуаттарының түйе арқылы бейнеленіп өтуін аятта; «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көтергендерге көктің есіктері ашылмайды… Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз.» (7-40)
Шикі надан, ақылы жоқ
Жас баламен бір есеп.
Біле тұра алдап алмақ,
Естілердің жолы емес.
Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ.
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.
Қазақ елінде ата дәстүрін, бабалар аманатын, тура жол дінін теріске алып, орта топтық масһаб пен құдайдың құдіретті қолы аруағын, әр пенденің аруақ-ғұмыр кітабына және қазақтың «Өлі риза болмай тірі байымас» деген нанымын жоғалтуға барлық білімді ел билеуші, зиялы және тұрғындары да өз үлестерін қосқаны хақ. Сонымен қазір 3 жыл бойы сын сағатын соққанына. Қаншама елімізге, ел билеушілерге түрлі сипаттағы ескерту белгі түскенімен оған мойынсұнғаны болған жоқ. Бұл құдайдың беріп жатқан белгісі болар деп қам қылған білімді, іс басында жүрген ел тұрғындары да болмады. Сондықтан енді мамыр айының аяғында ақырзаман сүрі үріліп, Арыстаның ақырғаны (сүр үрілу) басталды.