Түп негізді жаратушымызды біз ақыл тұрғысында Алла деп атап, ал оның бізге көрінетін растығы, барлығы Алла тағала деп аталады. Ал бастапқы барлық ғаламның жаратылған алғашқы нұрын Раббы деп атаймыз. Сонымен Алла тағала біздерге мәлім болған 8 сипатты қуаттары болып; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы- бар қылушы. Алла тағаланың бұл сипаттарын біз жеке-жеке қарастырғанмен, оның түсінігі, болмысы біздің жерлік тұрмысымыздағы пенделік ақылымызбен қабылданатындай емес. Себебі барлық сипатында өмір бар, сол сияқты ғылым мен құдіреті де бар.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Біздердің ұғымымызша ғылым мен білімнің айырмасы жоқ деп түсінеміз. Білімді көп жинағанды ғалым, ғылымды меңгерген деп атаймыз. Ал Абай атамызға жүгінсек; «Алла тағалаға ұқсамақ-дәл бірдейлік дауғасымен емес, соның соңында болмақ. Ол үшін алла тағаланың сипаттары; Өмір, Ғылым, Құдірет, Түсінуші, Естуші, Қалаушы, Сөйлеуші, Тудырушы-бар қылушы. Бұл сегізінен алла тағаладай күрделі жетілгендік болмаса да, пендесіне әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты…» Олай болса біздердің естіп, көріп, қалап, сөйлеп, өмірде бар болу үшін көбеюіміздің бәрі адамдық білімімізден, өмір сүру тәжірибемізден, ақылымыздан болады екен. Ал енді ғылым мен құдіретті тапқан ақылымыздың шамасына қарай ғылымның белгісін танып, хикметіне жалғанып, іздеп тауып меңгере аламыз.
Алла деген ұғымның біздер үшін әлемдік барлық жаратылыстың қуаттарының тұрағы, негізі деп түсінгеніміз абзал. Бірақ бұл қуаттардың жүйесі болып біздерге өмір сүру барысында пайда, зиянды шамаларын анықтау арқылы және әлемдік қуаттардың жүйесімен толық жалғануды, тұтастықта бола білуді Аллаға қосылу, яғни Бір Алланың қызметіне тұрумен құлшылығымыз нәтижесін береді. Жалпы әлемнің жаратылуы таза ақылдан яғни Алланың бір ғылымынан болып және « Әлемді шындықпен жараттым» деген Раббымыз.
«Ақыл алтыда, ой жетіде» деп сөз қалдырған қазақ даналығында. Ақыл біліммен ілімінің насихатынан тәрбиесінен құлшылығынан пайда болатын болса, ой сол меңгерген ақыл деп қабылдаған білімдерміздің ішкі үні болады. Жаратушымыздан түскен даналық ақыл кітабы құранды үлгіге алсақ; Құраның үгіті жалпы қандай амалдардың пайда, қандай жағдайда зиян және біздің білімді ақылымыз жетпесе де, орындауға міндетті болатын намаздардың, құлшылық амалдардың түрлерін баяндайды.
Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Құмарлық
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Құмарлық деген бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Еріншек
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Еріншектен-салақтық,
Салақтықтан-надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.
Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп.
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп.
Әлемнің жаратылысы даналық пен парасаттың әрекетімен жаратылғаны да хақ. Негізінде Алланың нұрынан екі жарықтың сары және ақ түстен басталып, екі аралық қызыл түспен және қарсылық қара қуаттардың теріс ой — көк түспен бейнеленуімен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп парасат егелерімен, жаннатық жандармен жалғануды білдіреді. Ал жалпы жанды жаратылыс егелерін құранда «Біз жараттық, бізге есебі көрінеді» деп ескертеді. Жер ананы жаратқаннан кейін парасатты аспандағы жұлдыздарға айналдырып, екі араны мықты бекітіп қойғаны да сөзсіз. Сонымен Алла тағаланың ғылымы мен кереметі (хикметі) парасат болып көктің мүлкімен бейнеленген. Сонымен ғылым дегеніміз таза ой қуаты болып, құдайлық нұрмен біртұтастыққа айналған адамзаттың әулиелік дәрежеге жеткен кісілігі, рұқ қуаттары, кітабы, иманы жұлдыздар болып саналады.