Сонымен Алла тағаланың ғылымы, құдіреті барлық сипатында да болып, ал біздің адамдық болмысымызда, жер бетіндегі өмірімізде бұл парасаттылық қуатымыз болып бейнеленіп және адамзаттың рухани жарық өнімімен жұлдыздық-кісілігімен байланысты болады. Біздер жаратылысымызда Алланың Өзі сипатының кісілігінен, ата-баба нәсілі аруағынан жаратылып, жеті ата-баба, нағашы жұртымен байланыс белгілерін алып және жер бетіндегі барлық адамзаттың нәсілімен де байланыстық жүйе құрылыммен өмірге келеміз.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Сын сағаты елге соққан-ды,
Екі күнін тартып алып,
Ел билік құдайға қарсы шыққан-ды.
Қызылбас салты масһабы,
Сағаты соғып қиямет,
Үш жыл белгі келген ед.
Мойынсұнбай ел билік,
Діншілер мазақ қылған ед.
Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтыны, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз.
Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтын, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз. Ал біздер үшін Рахмет сипаты; өзіміздің құлшылығымызбен Аланың досына айналумен, жоғарғы дәрежелі періштелік шапағатшылықпен байланысты болып, «Бір Алла –Мен» болып; 1.Рахман, 2.Рахим, 3.Ғафур-кешіруші,4.Уадуд-сүйікті, сүюші, 5.Хафиз-қорғаушы, араша түсуші, 6.Сәттар-кешіруші, араша түсуші, 7.Рәззақ-несібе беруші, ризық беруші, 8.Нафиғ-қосымша несібе беруші, 9.Уәкил-уәкіл, кепілдікте тұрушы, басқарушы, 10.Латиф-жақсылық жасаушы, шапағат етуші болып, бұлар Алла тағаланың көркем 99 есімімен байланысты екенін ескертеді. Яғни бұл 10 сипатының төртеуі Алланың өзі сипаты, ал қалған алтауы Алла досы болған әулие-әмбилердің жандарымен, рұқымен, кісілік ақыл парасаттылығымен тікелей байланысты екенін білгеніңіз де жөн. Мұны; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен даналар.
Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі
X-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері
Сонымен қазақ деген елге құдайдың ерекше назарында болып талай сынақтардан өтіп, енді егемендік алғанда ел басына билеуге шаруашылықты, дүние ісін ғана жақсы таныған білімді, бірақ ғылымсыз пенделердің келуімен дүние ісін жетік меңгеріп, алдыңғы қатарлы елге айналдық дегенмен, ал өзіміздің тектік рұқтық, жандық сипатымызда, тарихымызда, тегімізде болмаған ең төменгі азғындалуға түскен жайымыз да бар. Қандайда бір бүгінгі бағытымыздың дұрыс, бұрысын айқындау үшін бұрынғы өткен тарихымыздан, діннің насихаттарынан, даналардың қалдырған аманат өсиеттермен салыстыра отыра сынаған абзал болады.
Сонымен ғылым деген «метафизикалық» яғни бізге беймәлім көмес, ғайып қуаттардың, жаратылыстың кереметтерінің себебін, адамзатқа пайда, зиянды әрекеттерін, адамзаттың құпия жан, рұқ қуаттарының өсіп, өну көбеюі мен түрленуін, оны дүниелік тіршілікпен байланысты меңгеру адамгершілік құлшылық амалдарын түсіндіру керек. Мұндай көмес, ғайыппен байланысты ғылымды меңгерудің тәрбиесін қазақта ғана дәстүр деп атайды. Сондықтан да Әл-Фараби атамыз; «Балаға біріншіден тәрбие беру керек, ал тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген.
Ақырзаман дегенімізді біздерден бұрын өткен талай даналар болжап белгілерін де нақты көрсетіп кеткен. Ал ақырзаман пайда болған кезде адамзаттың зұлымдыққа түсіп, түрлі апаттармен, сынақтармен азапталатын және ақпараттық күрделі өзгерістің басталу кезеңі екенін барлық дін кітаптары да насихаттайды. Мұндай ақырзаман оқиғалары негізінде 4 кітаптың түсуімен байланысты төрт мезгілдік уақиғалар болса, ал жалпы оның саны құранда жеткілікті ғибраттары берілген. Және бұл замандарда негізінде 8 діннің өзгерісімен 8 түрлі уақиғалардың бір дәуірде қайталануы болса, ал дәуірдің саны 9 болып, аталарымыз; «Тоғыз жолдың торабында тоғысу» деп астарлы ескерткен.
Сөз жазамын түнімен,
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.
Сынатарсың өзіңді,
Менің түгім құрымас.
Өлген кісі сөзімді
Сынама деп сұрамас.