Елге көнсем ақ жолдан адасамын,
Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын.
Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды,
Енді қайтіп бұл елмен жарасамын.
Елге көнсем ақ жолдан адасамын,
Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын.
Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды,
Енді қайтіп бұл елмен жарасамын.
Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайын осыдан 3-4 жыл бұрынғы кезеңмен мүлде салыстыра да алмаймыз. Енді бұл жағдайды немен өлшеп тануға болады деңіз. Сонымен нақты деректерге жүгінсек; 2004 жылы «Ақиқат бастауы» атты кітаптың 1-ші бөлімін шығарып және кітап түрінде таратқанмен оны зиялы қауым өкілдерінің оқудан бас тартқанды былай қойғанда, ел билік тарапынан қудаланып, тиым да салынған болатын. Ол кітапта қазақтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, дін ұстанымдарымен бірге құранның қазақ тіліндегі аудармаларын Халифа Алтай атамыздың аударған еңбегімен салыстыра отыра өз пікірімді жазып сынаған да едім.
Қолда қалам, көзде жас, толқындап ой,
Шіміркеніп, тітіреп, салқындап бой,
Тозған мола сықылды сұм көрініп,
Өткен күнде қызыққан сауық пен той.
Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер
Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.
Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап, суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,
Бәрібір сен де елірме дуанасың.
Білімділер насихат көп жазады,
Адам үшін уайым жеп жазады.
Байқап оқып отырсам, соның бәрі.
«Дүние сұм, алдамшы» деп жазады.
Ашылған көз тұра ма бір зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсі өзгермей.
Әдейілеп көрейін демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?
Көктем келіп, көктеммен бірге жылда бір қайталанатын сынақтың енді Қарағанды облысында, Сары арқа өңірі мен солтүстікте басымдылық танытып жатқаны бар. Жыл басында қазақ еліне келетін рухани сынақтардың басты белгілерін хабардар қылғанбыз. Ақпан айында төтеннен, себебі белгісіз сынақтардың орын алатынын, ал оның іс жүзінде орындалған жағдайы болды. Ал наурыз айы әйел кіндікті пенделерге нұр келіп өзгерістің болатынын жариялағанбыз. Мұны түсінетін қазіргі жоғарғы ел билеуші ақпарат өкілдерінің жетесі кем болғандықтан түк болмағандай өте шыққанмен, ал шыныда талай хикметтің болып әлі әйелдер қауымына жалғасып жатқаны да хақ.
Есімім Байтасов Кескірұлы,
Екі естілік кітабынан бұл бір белгі.
Жете-әкеден, атым — жын, талабым,
Анадан — ділім, саналық — ұлттың тегі.
Құлшылық діннің тура жолын таппақ,
Алланың «өзі»-мен жан жалғанбақ.
Алланың «ӨЗІ» тоқсан тоғыз есім болып,
Алланың жүзіне айналып, «БІР» аталмақ.