Үш-ақ түрлі өмір бар; бәрі де мас,
Бір рәуіште болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің-ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Үш-ақ түрлі өмір бар; бәрі де мас,
Бір рәуіште болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің-ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,
Жағайын деп ұмтылдым, көңіл жүйрік.
От жаққалы жатқаным-бір үлкен үй,
Отын жиып қойыпты талай күндік.
Қабағынан қар жауған,
Қараңғы бұлт жоғалды.
Қас қараймай беті ауған,
Қаһарлы жел де оңалды.
Мақсұтың болса орынсыз,
Сілкініп жүріп сыға бер.
Жолдасың болса тойымсыз,
Көзіңе құмды тыға бер.
Мен өтермін, кетермін,
Жоқтарсың мені бір кезде.
Жәрдемім тимес не етермін,
Бекінем осы бір сөзге.
Мақсұтың қайсы, досың кім,-
Жоқ болса ақың өзімде,
Қалғандарды зарлатпа.
Өтірік болса сөзімді,
Оныма менің алдатпа.
……………………….
Есің барда елің тап,
Барғанда кірер жерің тап.
Жаратқанның құлысың,
Жағатұғұн ебін тап.
Жайдары күлдіргіш, қалқам,
Ұятсыз, әдепсіз, салқам.
Күлгенім бір сенің арқаң,
Ыржақта, қылжақта, әйдә!
Мына заман қай заман,-
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
Өлшеуі жоқ бай заман.
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.
Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,
Орақшы пішен шауып шөп алғанда.
Бүлдірген, қарақатты тереміз деп,
Қыз-келіншек сай-сайға жоғалғанда.