Насихат
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайрылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайрылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Мен бір – тілсіз көлікпін,
Басыма соқпа дауың жоқ.
Тепкілеме, өлікпін,
Шайтаннан басқа жауым жоқ.
Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғұн,
Түзелер заманы болмас.
Ажал жетсе өлдің бе,
Өлім келді, көрдің бе?
Баянсызға салынба»-
десе, тоқтау бердің бе?
Біздің қазақ әркімді қылар мазақ,
Деп жүрме екен өзім бойым таза-ақ.
Осы жұрттың байқаңыз, беті қалай,
Қайда қаңғып барады осы қазақ?
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен,
Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.
Құдай жолын біле алмай, қу билеген
Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен.
III-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері
Қазіргі әлемдегі рухани дағдарыстың індеті қазақ елін де тыс қалдырмағанын рұқы ояу, жетелі адам баласына айқын жағдай. Әбір жаратылыстың нәрселерін жұбы, парымен жараттым деген Раббымыздың бұлжымас заңдылығы бар. Ал жаратылыстың сырын түсінуі арқылы ғана адам баласы өзін таниды, өзін тану арқылы ғана ақылды, дана, ғылымды болып аталады. Сонымен ғылымды болу үшін ақылды сосын білімді болу керек. Ал ғылым-ілім болып, оның екі сипаты жұбы болып; Біріншісі; құпия сөздермен, нақыл, мәтелдермен, пайғамбарлар, елшілер, даналардың өсиеттерімен артында қалдырған сөздерімен байланысты болады.
Әлем халқының бүгінгі замандағы ең үлкен алаңдатушылық туындатып жатқан түрлі бүлікшілік және таң қаларлық адам ақылы жетпейтін уақиғалардың, көріністердің біздің замандық білімнен тыс «метафизикалық» жағдайлардың көрінісін түсіндірмек болған философиялық пайымдаулармен және талай дін топтарының туындауына себеп болып жатқаны хақ. Сонымен мұндай құбылыстарға қазіргі болып жатқан қияметтік оқиғалардың жауабы, түсінігі бар ма?-деген сауалды қойып жатқандарымыз да жеткілікті. Неге «гендік»теңдіктің, «демократияның» үлгісі болған Америка құрлығында апаттар 3 есеге артып және біздердің қатарына қосыламыз деген дамыған аталған мемлекеттердің де осындай кенеттен, тосыннан келетін табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр? Бұл жағдайлардың теңізге жақын орналасып, табиғаттың кездейсоқ оқиғасы десек, мұндай теңізі жоқ және теңіз деңгейінен ең биік жерде орналасқан қазақ елін су басып жатыр. Көрші тұрған қырғыз, өзбек, орыс, тәжік елінде неге мұндай жағдай жоқ?
Күнде керуен келеді бір сарайға,
Неше бөлек үйі бар әрбір жайда.
Сансыз көп саудагерлер келіп жатыр,
Біреу жылда қайтады, біреу айда.