Қазіргі таңда қандай да бір әлемдік және мемлекет ішінде болған, болып жатқан, алдағы уақытта болатын оқиғалардың белгілі бір заңдылыққа бағынатыны және мұндай оқиғалардың бағзы заман халықтарының тағдырларының жүздеген жылын аз ғана мезгілде, дәуірде қайталанып отыратын да шарттары бары сөзсіз. Қазақ елінің өткен арттағы тарихымызға үңілсек қаншама қанды оқиғалардан, апаттардан, сынақтардан, қан төгістерден ұлтымыздың негізгі тегін сақтап жоғалып кетуден де аман есен өтіп, шежіреміз қалыптасып, біздердің тұрмыстық салттарымыз бен өмір сүру ерекешелігіміздің рухани тұрғыда ұлтымыздың және өзге ұлттармен де ауыз біршілігімізді, халықтардың тұтастығын қалыптастыруға да қабілетті дәстүріміздің де өзге ислам елдерінен әлде қайда биік тұрғанын жетесі жетілген, имандылықты толық меңгерген және санасына белгі алған арлы адам баласы ғана ұғына алады.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Сайттардың бетінде тылсымнан аруақтардан келген ақпарат бойынша; Бұл елді мекендегі ұйқының салдары жер астына шағып жатқан нұрға байланысты екенін, мұнан ата жолы арқылы тазаруға болатын ескерткенмен мұны түсінетін ел билейтін, зиялы қауым арасынан санасы бар азаматты әрине бұл кезде кездестіру қиын. Сана қуаты бастағы шырағданның, қажылық қасиеттің жетілуімен және бас киіммен, ақ жаулықты төменгі сана етектіден алған қан шарабымен тікелей байланысты деп түсінген жөн. Сондықтан қазір тегін жоғалтпаған, анасының ділі қуаты таза, ақ сүтінен ұлттық қасиетіне, ағашына жалғана алған санасы жетілмегенмен жетесі бар азаматтарға ғана бұл хабардың ұғымды болатынын ескерте кетейік.
Қандайда бір жаратылыстық қуаттың өлшемі мен қозғалыс жылдамдығы болып және негізінен 3 түрлі уақыттық жылдамдыққа, үш түрлі ақпараттық жаратылыс жүйесіне тәуелді болып, жер әлемдік жаратылыс қозғалыстық негізін 6 күнмен яғни 6 санмен белгілеп және негізгі себептердің жарықтың бастауы үшпен қайта дәрежелеу арқылы 18-мың ғалам деген осы ақпараттардың орталығы, ошағы, мекені «Матрицасы» болып саналады. Сенім қуатының түрлену, қозғалыс тербеліс жиілігін ғаламдық тұрғыда қарастырсақ 72 сандық белгімен болып, Жын сүресінің жындар әлемінің адамзаттың сенімімен тікелей байланысты бейнеленетінін, яғни ішкі ағзалардың жұмысының бір жүйемен басқарылуын қалыптастыратын ғылымда «биоритм» болып аталады. Ислам ғалымдары мұны Алла тағала тәулігіне 72 рет адамның жүрегіне қарайды деп бұл тербеліс жиіліктің 120 минутқа теңдігін ескерткен. Негінен адам баласының сенімі, тәуекелі білгілі бір ұстанымына байланысты тәуекелшілігінің сипаты болып; 1.Ми; 2.Жүрек; 3.Бауыр;4.Бүйрек;5.Өкпе ағзаларының 24 сағат бойы «биоритмдік» қозғалысының жиілігін қалыптастырады. Адам баласының тәндік қуаты денсаулығы немесе осы ағзаларға байланысты болатын аурулары да белгілі бір ұстанған сеніміне, тәуекеліне байланысты болатыны да хақ. Және мұның қозғалыстың негізі оттың жалынынан адамзаттан бұрын жаралып, ібілістің де жаратылуы жыннан екенін, осы ағзаларға сенімін ұрлау арқылы әсер ете білетінін де білген жөн. Сенімдік қуаты тәуекелдің қандайда бір заманның оқиғаларына, білімінің, жараталыстың түрленуіне байланысты болып, мұндай жағдайда Алла тағаланың хикметімен, белгілерімен түсірген аяттарының мәлімет, хабарларына да қара күштердің қарсылығы болып ондай аяттарды, хикметті хабарларды иман арқылы меңгеруден ғана бойлық жарықтың жетілуімен, имандық жолдас адамзаттың тұрақты серігі — сенім болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Біздер осындай себептік түрленуге байланысты сенімділікті дін деп атап, бірақ оны иман келтіру деген ұғыммен бірге түсініп, сенімді иман деп қабылдаудан рухани жағдайымыздың, жанымыздың ішкі сырын білмеуден жалпы адамзат қоғамының адасуға бөлшектенуіне соқтырғанын, ібілістің қақпанына түсумен ақылымыздың шектеліп, ойымызды, ойшылдық қабілетімізден айырылып қалғанымызды аңғарудан қалғанбыз. Ақылымыз сенімнің әрекетіне қарай бейімделетін басқарылатын болса, ойдың иманмен ғана тәуелді түрде қалыптасып бірге өсіп жетілетінін де естен шығармау керек.
Ат қояр қазақ,
Ырым ғып анық.
Тегінде иттік,
Бұруға салып.
Құтжол деп итті,
Қойғанмын атын
Жүруге танып
Үрмеді ит боп,
Құттығы қалып.
Жолбарыс атап,
Тектігін алып,
Өзгерттім атын
Тектігін мысық,
Ырылын алып.
Тегінде жоқты,
Кім бермек салып?
Ұқсасын онда,
Иттігін алып,
Пенділік атын
«Ов»-тарын алып,
Қоймасам болмас
Үлгісін алып.
Адам боп бірақ
Кетпесі анық.
Ырымым ұқсас
Болса да мейлі,
Дәстүрден алшақ.
Наданның сөзі
Болмаймын дейді
Адамның ұлы
«Ева»-ның қызы
Махаббат, иманға
Болмайтын құлы.
Ескілік текті,
Жынымен кекті
Меңгермек жүкті.
Итіме қойдым,
Болсын деп кекті.
Болған мен қырын,
Атасының ұлы
«Иттерден» жұрын!
(қараша 2014 жыл)
*** ***
Бұл тақырыптың қоғам арасында үлкен тартыс болып ОВ» ты алып тастаған қазақ болып аталып, иманы күшейіп, арлы болады деген жолдаумен көптеген пенделердің әсіресе жастардың бұл әрекетті қолдап, енді мұны ерлік санап, ал мұндай атаулармен аталмағандарды сатқын атап, қарсылық ұйымдастырып жатқаны жасырын емес. Әрбір таңбаның киесі болып және адам атының тылсым ақиретпен үш түрлі ақпараттық жүйеге жалғанып яғни; жануарлық, құстық және адамдық жаннат егелеріне жалғанумен байланысты болатыны дінде де ғылымда да белгілі кітаптық білімі жоқ екені сөзсіз. Бірақ бұрынғы замандағы әулиелеріміз әкесінің аты түгіл өз атын да жасырын ұстап, жалпы үлкендердің де атын халыққа ататпай киесі соғады деп ескертіп, қосымша атаулармен жер су аттарымен жалғаудың маңызында үлкен сыр жатыр. Сондықтан; Әзірет Сұлтан Құл қожа Ахмет Ясауи деген бес түрлі атаудың осындай біздерге ғылымдық маңызы бар үлгі екені де сөзсіз.
Жалпы адамзаттың Нұқ пайғамбарымыздан бері арманы болған қалайда жанды жетілдіріп мәңгілік өмірдің ағашына жалғануға себепші болатын өлімді меңгеру жеңумен қайта туылу еді. Бұл сыр Тәуратта да белгілі болғанмен тек қана 70 адамның уақытша өліп тірілуімен және тек әулиелердің ғана арнаулы құлшылық амалдарымен ескі күнәлі рұқын өлтіріп, қайта жаңадан рухани азық алып, ет-малын тазартып, рұқын жетілдіріп, аруағын қалыптастырумен жоғарғы дәрежелі саналыққа жетуді меңгеру үшін де иман қуатын жітілдірудің маңызы да зор болғаны сөзсіз.
Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап, бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.
Алдыңғы жазбаларда қарастырылған ақылдың алты сатысы болып; 1. Сезімдік ақыл (интуиция). 2. Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы (сана). 3. Қаракеттік ақыл (интеллект). 4.Қаракеттік ақылдың алғырлығы (таланттылық) болып және алдағы жазбаларда талқылайтын ақылдың маңызды даналыққа деген құштарлық екі қадамы 5. Танымдық ақыл, дарындылықтарды, қасиеттілікті меңгеру, парасат кітаптарына жалғану ізгілік болса; 6. Даналық ақылды меңгеруге байланысты ақылдың жоғарғы сапасы игілік болып саналады. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» деген философиялық тұжырым жасаған екен. Жаралыс басы таза ақылдан пайда болған уақыттың өзі болып, барлық жаратылыс уақытқа бағынса ал оның мезгілдік, зам
Кез келген жаратылыс нәрселерін қозғалыстық қуаттық өлшемдермен, уақыттың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49) Бұл аяттағы сандар жүйесі негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40-сандық мәні жұптылықтың, 9-саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәржеленуімен белгілі болмақ. Ал 50-саны бес қуаттың 10-санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып нәтижесінде 50+49 =100 –Алланың жүзі белгісін береді.
Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ, сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парыз бен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз. Ал иманның ғылымына жүгінсек және пайғамбарымыздың да өсиеттері бойынша жақсылық, сүйіспеншілік атты адамдық қасиетті адам баласына ұлтына, жынысына қарамай тағдырында жазылатыны, егер мұны алып қойғанда адам баласының хайуаннан айырмашылығы болмайтыны да сөзсіз.