Байтасов Т.К. жеке блогы

Сонымен қазақ елі бүгінгі таңда егеменді ел аталып, материалдық дүниемен, шаруашылықпен халықтың әл-ауқатын жақсартып мемлекет болып қалыптасуында өзге негізгі аға ұлт болған орыс мемлекетінен де артта қалған жоқ. Керісінше тең дәрежеде және кей салаларда алға ілгерілеп те кете алдық. Әрине мұндай бір жақты пайымдауда дау туғызатын мәселер көп. Мұндай жағдайда бір жақты дүниенің, жақсы тұрмыстың қамымен ғана еліміздің дамуын, өркениетін бағалап, кез-келген елдің салттарын алып еліктеп, халықтың жаны өркендей алмай азғындыққа түспеу үшін де әрбір халықтың рухани даму жолы, ерекшелігі, діндегі жол-жобасын қалыптастыратын азаматтық ғылымы болуы шарт.

Жер әлеміндегі барлық тұрғындардың және тіршілік өмірдің белгілі бір уақыттың жылдамдығына, жер әлемінен түсетін жарық сәулелердің қуат күшіне, жер анамыздан шығатын нұрға және бұл қуаттардың жүйесін адамзаттың қандай мақсатқа пайдалануына, рухани тұрғыдағы өнімдеріне, әлемге қосқан қуаттық үлесіне тәуелді болатынын біздер аңғара алмаймыз. Және белгілі бір кезеңдермен адамзаттың есеп беретінін Раббымыз құранда ашық ескерткен. Осындай есеп мезгілінің әлемнің елдеріне ортақ үкім болып түсіп жатқаны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің рахымы, рахметі де қоса түсіп, осындай әлемдік дағдарыста үлгі болып, рухани тұрғыда жетілген елге айналып, әлемнің де мұндай дағдарыстан шығуына жол көрсететін елді таңдап, оған ерекше хикметті белгілерін түсіргені, ол елдің қазақ елі болып биылғы жыл 3-ші жыл қияметтік сын сағатынан өтіп жатқанымыз да хақ. Алда бұл сынақтың бес жарым жыл анық мерзімі бар.

Біздердің ұғымымыз, түсінігіміз сырттағы бізге беймәлім құбылыстардың ішкі зайыры яғни түр, түстік, қуаттық, қасиеттік, тектік сапаларының белгілері оларда емес, керісінше біздің өзімізде ішімізде болады. Әлем сөзден бастап жаратылған деген астарлы ұғымның мәні де жарықтың зайыры,  үні, қасиеттері нәтижесінде адамзаттың ақыл-ойымен атау сөз болып бейнеледі. Бұл сырды алғашқы меңгерген, жаратылыстың барлық қасиетті белгілерін атау сөзбен белгілеп шыққан Адам атамыз болады. Сонымен иман парасаттылық қуат түрінде барлық жаратылыстың ішкі зайырын бейнелеуші, жоғарғы ұғым, қуат, күш болып Адам атамыздан бастап жаратылды. Бүкіл адамзаттың тарихи оқиғалары мен қаракетті, қасиеттері, тектілігі тазарудан өтіп Раббымыздың нұрымен қосылып иман қуатына айналып отырады.

Жаратылыстың негізі жарықтың қозғалысынан басталып түнекті жаулап әлемдік болмыстың негізі қаланды. Жарықтың негізі ақылдан да барлық біздерге сезім арқылы анықталатын қуаттардың бәрінен де жоғары тұрған жаратушылық сипаттағы қуат, күштердің негізі болып табылады. Нұр түнектің ішінде өзінің орнын алып, нұрына ұқсас қуаттарының жүйесін яғни  түнекке қарсылық сипатын ақыл, ғылымын, жаратылыстың барлық себебін жаратты. Ол күміс күлгін түсті жоғарғы сана және барлық жаратылыс бейнелерін баураушы, жеті қаннатты періште Алла тағала деп атау берілді.

Әлемнің жаратылуы туралы және оның негізі жарық екені, жарықтың қозғалысынан түн мен күндіздің ауысуынан  жер әлемі үшін тұрақты уақыттың туындап, осы уақыт атты қозғалыстардан ғаламның тіршілік жаратылысы басталғанын ғылымда да дінде де дәлелдермен түсіндірілген.  Біздер қандайда бір жаратылыстың негізін, себебін пайымдауда олардың жұп, парлығы міндетті болатынын естен шығармау да керек. Сондықтан да уақыттың тұрақты санау жүйесі, қызметші қозғалыстағы жүйесі және дамушы, түрленуші жүйесі болатынын естен шығармаңыз. Сонымен біздердің ақылымызбен Алланы тану үшін де  әлемді жаратудың басы болған нұрдан  пайда болған екі түрлі жарықтың негізінен бастап тарқатамыз.

Жаратылыстың  сырын білмей дін жолында ғылымның шындығына табан тіремей ізденуден әлем діндерінің барлығы адасып, азығындыққа түскені де хақ. Біз түп негізді жаратушымыздың болмысын ешқандай адамзатқа тән меңгерген ақылдың, білімнің  дәрежесімен тани алмаймыз. Жаратушы иемізді біз өзінің нұрынан зейнет алып  және мұны біз өзіміздің бойsмызда, денемізде «нейрондар» түрінде орналастырумен ғана Раббымыздан әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін аян, уахилар арқылы ғана өзіміздегі бейнесі- барымен салыстыра отыра, ақылмен қабылдай аламыз, санамен түсініп анықтаймыз.