Байтасов Т.К. жеке блогы

Қазіргі таңда қазақ елінің егемендік алып тәуелсіз мемлекет құру жолында жері, шаруашылығы, шекарасы бөлек,  дербес елге айналдық дегенмен, көптеген кедергілерге түсуге яғни әлемнің рухани тоқырауға ұшыраған елдерімен бірге біз де құдайдың қаһарына ұшырап, азапталып жатқанымызды көбіміз аңғарудан қалғанбыз. Оған ең басты себеп,  біздердің ел басқарушы, зиялы, білімді аталған қауым өкілдері меңгерген білімдерін, таланттылық қаракеттерін, ақылдың жоғарғы дәрежесі — даналық деп түсінгендіктен, мұндай жетесіз ақылымызды иманға айналдыратын, ойлау қуатымыздың әрекетін арттырып тазартатын таза ақылдан парасаттылықты меңгерудің ұлттық дәстүрімізге, екі күнімізге ашық қарсы болып, заң жүзінде мұндай әрекеттерді қудалаумен де айналысып кеткеніміз де хақ. 

Адамзаттың  бақытты өмірі сүруін, қайғысыз тіршілігін, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін күшті ақыл деп атаймыз. Ақылдың жоғарғы дәрежесі даналық болып, мұны өмірдің ағашы, көркем сөздердің бейнесі болады. Ақыл -күш, қозғалыс басы болса, оның қозғаушы себебі ой қуаты болады. «Таза ақыл қозғалыссыз мида жатса шіриді» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Адамзат пен жануарлардың ерекшелігі де ойлау қасиеттілігінің артықшылығы мен қуаттылығын меңгеру арқылы, барлық қуаттардың жүйесін, бүтіндігін қалыптастыру арқылы «Жан» атты жарық нұрды өсіру, жарату қабілетін меңгерумен махаббаттың өнімін көбейтіп, өсіретін жаратушының жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз.

Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиетер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады.

Сап, сап көңілім жоқты іздеме,

Жалғанның қызығына көзді сүзбе.

Талаптың тұлпарына мініп көзде.

Көңілім  арман жүйрік сенен озар,

Арманды тапсаң көңіл бағың болар.

Пайғамбарымыздың, «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгеріп отырады»  деген өсиетімен байланысты, құранның таңбаға байланысты арап тілінде тұрақты өзгеріссіз үні болып, арап елі үшін үгіті де насихаты да өзгеріссіз болады. Себебі әлемінің дамуына байланысты ислам елдері өзге елдерден өзара сөз алуымен, таңбаның жетіліп, үндердің де өзгеруімен; тілдің үндік даму заңдылығы да сөз ұғымдарының, атау сөздердің қуаттарының өзгерісін де туындатады.  Және мұндай әрбір өзгерістің қарсылықтар арқылы ғана дамитынын да білген жөн. Сондықтан арап елі орта тұрақты үммет болып, ал өзге тілді үмметтер әрбір жүз жыл сайын ұлттық тілдегі құран аудармасының ұғымдары өзгерістерге ұшырап, жаңадан ұғымдардың пайда болуымен де, құранның жаңадан насихаттарының аяттарының сырын ашып отыруы міндетті болмақ.

    «Бір мәрте ақиқаттың жолына аяқ басқан халық, бұл жолда өз араларында қашан ұрыс-керіс пен талас-тартыс басталғанға дейін қала береді.» (704-хадис) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті түркі халқына, оның ішінде тура жолдың, ақиқаттың негізін қалаған, сондықтан әлемдердің шежіресін, даналықтың, көркем сөздің құндылығын сақтауға бұйырылған мирастың егесі болған қазақ халқына арналғаны да хақ. Себебі қай елде тура жолдың негізі қаланса, сол елді сөздің құндылығы, жан ғылымының сыры, нақылдардың мол байлығымен ерекшеленуі тиісті.

Қазақ дәстүрінің құранмен бекіп, бүкіл әлем діндерін толық қамтып қалыптасуы да жан ғылымы мен жоғарғы біртектілік қасиетті меңгерген Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында хилуетте өмір сүріп, әлемдік барлық ақпараттық жүйеге жалғана алуымен байланысты екені де хақ. Бұндай ақпараттар жүйесінің 3 түрлі тараудан 33 мың сипаттардан; нақыл — сөз құпиялары, ғылым деректері, ғылым көздерінен  тұрып барлығы 99 көркем есімдермен немесе Ар —атты Алла тағаланың сегіз сипатының бейнесімен байланысты болып, сәни дәптердің хикметтерінің сандық мәндері мен құран аяттарының арасында тығыз байланыстың барын әзірге ұғына алған қазақ ғалымын таба алмайсыз

Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек