Алла тағаланың ұлық сипаттарын біз қасиет қылып меңгеріп жалғану арқылы шектеулі де шектеусізге қарай жылдан жылға, ғасырдан ғасырға қарай үнемі даму үстінде адамдық тұрғыда жетіліп келеміз. Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; «… Осыған қарай біз әлемді қандай хикметпен жаратып, қандай құдіретпен сипаттарын бір-бірінен артық, кем, нашар өлшемді қылмай жаратқанына ақылымыз жете алмайды..» Олай болса біздерге белгілі болған 99 көркем есімдерінде және сегіз сипатында біз жеке-жеке өлшем бере алмаймыз. Сондықтан да қандай жағдайда кеңістікте, заттық жағдайда да Алла тағаланың құдіретті сипаттары «Бір» жене «Бар» деп ұғыну керек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз-қызмет қылушы болмақ.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Сан ғылымы болмаса әлемде де, жаратылыста да ешқандай тәртіп болмас еді. Құранның құдіреттілігі де өзгеріссіз сақталуы да, әрбір аяттың, сүренің өз орны, мәні болып оның ешқандай да әрекетпен өзгерте алмауында. Философияда, сөз ғылымында дене, орын, мекен деген ұғымдар тек санмен ғана анықталады, жүйеге айналады. Уақыт сандық ақылмен ғана тәртіпті қозғалады. Сандық ғылым болмаса қозғалыс жоқ, тіршілік те жоқ. Сәни дәптер де сан ғылымымен, белгілі хикметтердің орны сандық мәнімен, құран аяттарымен, ақыл-ой қуаттарының сәйкестігімен түркі әлемін ақыл, дін тұрғысында әлемде жоғары жетістікке жетуіне себепші болды.
Рахметің қалқам, қабылды болсын!
Байыңның да ақындығы болсын!
Басыңа жаулық киесі қонсын!
Етектен қазық үйлерің толсын!
Байыңа бойдан жарығы болсын!
Болғанменен тілдерінде түгелдік,
Түркі елі азындаған нәсілдік.
Төрт ақылы түгел емес түркінің,
Дәстүрінде аз қалды түрік үлгілік.
Жолынан ата не білдік?
Атаның жолын бөлшектеп,
Таба алмай жүрміз кемелдік.
Сағаты соғып мезгілдік,
Қиямет сынын жүктелдік.
Абай атамыздың 38-ші қара сөзі біздер үшін теориялық философия тұрғысында баяндалғандықтан, мұның логикалық білім және ақыл тұрғысында пайымдаулары жалпы ислам әлеміндегі сопылардың, әулиелердің еңбегінде кездескенмен, бүгінгі масһаб және діншілер қауымымен, дін ғалымдарымен ақыл, білім тұрғысында құпталмайды. Себебі бұл ұғымдар құранда жоқ және арап тілінде сөз байлығында да кездеспейді деп түсіндіреді. Бұл логикалық сезімдік, қаракеттік ақыл тұрғысында тез қабылданып, құдықта отырған құрбақа әлемді қалай тар екенін құдықтың шеңберімен анықтаса, біздің білімді қауымдардың да осындай исламдық ұжымдық ақылға негізделіп, ел билеушілері де осындай топтың өкілдері болғандықтан кез келген қазақ баласы бұл философиялық құндылықтарды ақылмен, жүрегімен қабылдай алмайды.
(Абай ата философиясынан)
Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр.
Әйел көріп ойланар,
Сезіммен сөзін айта алар.
Әдебі жаман ауылға,
Апарма деп қатынды,
Өсиет берген бабалар.
Үлкендердің уайымы,
Ақирет болмақ керегі.
Ендігі үлкен қайғысы,
Ішім-жем мен керегі.
Құдайсыз қурай сынбайтын,
Даналардың дерегі.
Біздің негізгі тақырыбымыз құлшылық ұғымының біздің дін амалдарымыз, күнделікті тіршілігіміз адамдық тұрғыдағы рухани байлығымыз, өзімізді тану жолында ізденісіміздің негізі намаз оқып, бес парыз орындап, қажылыққа барып Құдайдың ең сүйіктісі боласың деген жалған ұғымның ақылға қақпан болған осындай білімдердің қайсысы дұрыс, қай істер мен амалдарды алдымен орындау керек деген сияқты сауалдарға біліммен, ақыл-оймен тану арқылы жауап табу болмақ. Ол үшін де жаратылыс туралы білім мен ілімді салыстыра отыра, ортасын — ақылдық қуатын алып, білімнің таза ой қуатын, үнін табумен ғана және ақыл-ойымыздың дәрежесін арттырумен ата-бабамыздан мирас қалдырған рухани құндылықтардың ақ-қарасын ажыратып бағалай алатын қасиеттік сапаға ие боламыз.