Алдыңғы басылымда айтылғандай әрбір пенденің дін-жаны болып соған байланысты қабілет, қасиет ерекшеліктерімен туылса «Өзін тусам да мінезін туғаным жоқ» деп әжелеріміздің айтқанындай, адам баласымен бірге ана сүтімен ділдік белгісі, сөз сөйлеу қабілеті қоса жаратылады. Сол қасиетті тәрбие тәлім, білімге байланысты жетілдіруге немесе қайта хайуанға ұқсатуда адам баласының ата-ананың, қоғамның ара қатынасына, өмір сүру тәртібіне, салт-дәстүріне тәуелді жетіліп өніп-өсіп өркендейді.
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Алла тағалаға сиын. Айтқан сөзің, істеген ісің Алла тағалаға ұнайтын болсын…жұртқа ұнайтын мәміледе (таза сөйлеуші) бол, сонда сен де жұртқа ұнарсың. Жұртқа жақпайтын іс істеме.» (129) «Шын сөз Алла тағаланың кітабында. Тура жол — сенімді сөз. Ибраһим Халилла ұлтынан (ар мен ғұндар, номадтар) құрметті ұлт жоқ…Білімнің жақсысы — пайдалысы, әділет жолымен жүру. Көз әлсіздігінен, көңіл әлсіздігінен, көңіл соқырлығы жаман… Қателердің қатесі өтірік сөйлеу. Байлықтың үлкені — ой өрісінің кеңдігі…Біреуден естіген сөздің мағынасын өзгертіп айту жаман нәрсе…»(184) «Алла тағала үмметтерім үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады. (Үнді кеңітіп, сөз ұғымын ашады)» (198).
«Тәпсірші деген атақ бар, Ой жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар» (Шәкәрім ата)
Абай атамыз құранды тәпсірлегенде астарлы сырлармен қарапайым қазақ өмір, тіршілік-тынысы мен бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді бейнелеп шықса, ал Шәкәрім атамыз дін ұстану мен өмір қамындағы нақты жан сырын ашып көрсете білген. Тек біздің Абай, Шәкәрім танушыларымыз басын біріктіре алмай жеке-жеке таныған ғалымдықтарынан нақты ішкі сырын аша алмаған. Екінші бір себеп, бұрын қандай бір ғалым және ишан, сопы, хазіреттер болсын бір жоғарғы дәрежедегі жақсымен, әулиемен өздерін салыстыра отыра, атақ, дәрежесін, орнын белгілесе, қазіргі таңда өздерін кіммен салыстырып жақсы, ғалым, хазірет-шейх аталғанын ешкім білмейді.
«Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаларды тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-100) Адам баласының нанымы сол замандағы ғылым-білімнің, философиялық ойшылдықтың нәтижесіне байланысты болса, ал ішкі рухани тұрақтылығы мен сенімі дін ғылымдарының пәтуасы мен ілімдерінің жетістігіне тәуелді болады.
«Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар.» «Білмеймн» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Айтудан ақыл тыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін, Әулиеменен сопының. Бәрін де сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып, алып тастадым Тал басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көктен асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!» (Шәкәрім ғалым-сопы)
Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе?
«Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз — өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жоханнан. 1 тарау 1-5) Құдайдан қорқу деген ұғымды намаз оқу немесе бір діни рәсімдерді орындау деп түсіндіреді діншілердің философиялық ойлау әдістерінде.
Аллаға құлшылық немесе Бір Аллаға құлшылық, Құдайға құлшылық деген сөздердің түп мағынасы адам баласының нанымынан яғни жаратылыстың сырын, өлімнің хақтығын және сол өлімді құдайдан болатындығын, өлім себептерін түсініп; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп білуіміз қазақтың бұрынғы аталарымыз білген наным-біліміміз болып табылады. Енді ақылымыз ғылым-білімді меңгеру арқылы өлім себептерімен күресуді,
«Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!» ( Хазіреті Шәкәрім сопы)
«Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген
«Мұхаммед сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағандарымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет» (35-32) 35-кітап 45 аяттан тұратын елшілік құраны Мұхаммед пайғамбарымызға уахи-батамен берілген кітапты яғни пайғамбарымызға берілген құранның насихатын түсіндіретін ғылым кітабын пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін де тура жолды көрсететін кітап болып,