Сормаңдайлық(85)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жалғыз қалма тірлікте,
Санадалысқа бос ілікпе.
Іздеп тауып жұбыңды,
Көбейтіп ұрпақ өрбіте.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жалғыз қалма тірлікте,
Санадалысқа бос ілікпе.
Іздеп тауып жұбыңды,
Көбейтіп ұрпақ өрбіте.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сабырлық түбі-сары алтын,
Он саулық байлық алатын.
Сабырдан туар даналық,
Жүректің кірін жуатын.
Ерік, жігер күшіңді,
Басыңа алсаң адамсың.
Ерік беріп басыңды,
Жалбыратып шашыңды
Әдемі киім киініп,
Сауық-сайран сүйініп.
Алды-артын ойламай,
Кең жайылған серілік.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қызғаншақтақ, іштарлық,
Жолдас болмас адамға.
Ұмыттырып жақсыны,
Көңіл кетер артыңа.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сыйдырмас теріге ашуды,
Бұрқыратып буыңды.
Ызақорлық деген бар,
Шығарар сыртқа жыныңды.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Мақтаны жұрттың аузында,
Ынтасы жұрттан асуға,
Ысырапқор іске кірісті,
Табысын салып мақтанға.
Ата жолында ізденіп жүрген аққулардан; «Біз қанша тырыссақ та періліктен құтыла алмаймыз ба?» деген сауалдар түсіп жатыр. Орынды да себебі қазіргі таңда барлық ақпараттардың өмір тәжірибелерінің үлгілері білімге айналып алғаны хақ. Ал білімді тазарту, қайта жүйелеп отыру салты әлемде мүлде жоғалып, ілімнің білімін де Құдайдың өзі түзетіп отырады деген ұғым дін ғалымдарында да жоқ. Ал қазақ дәстүрінің бұл жағдайы да ескерусіз ұмыт қалғаны сөзсіз. Ата жолында ата дәстүрін толық меңгеру үшін де біздерге жеткен үлгілерді де Құдайдан сұрап, түзеп көптеген амалдарды қайта жаңғыртумен және заманға сай салттарды да қалыптастыру үшін де аруақтармен тілдесуді меңгеру керек.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Безбүйректік дертінен,
Қауымды бұрған бетінен.
Сақтансын деп көп халық,
Бұзудан Алла сертінен.