Абай атамыздың 38-ші қара сөзі біздер үшін теориялық философия тұрғысында баяндалғандықтан, мұның логикалық білім және ақыл тұрғысында пайымдаулары жалпы ислам әлеміндегі сопылардың, әулиелердің еңбегінде кездескенмен, бүгінгі масһаб және діншілер қауымымен, дін ғалымдарымен ақыл, білім тұрғысында құпталмайды. Себебі бұл ұғымдар құранда жоқ және арап тілінде сөз байлығында да кездеспейді деп түсіндіреді. Бұл логикалық сезімдік, қаракеттік ақыл тұрғысында тез қабылданып, құдықта отырған құрбақа әлемді қалай тар екенін құдықтың шеңберімен анықтаса, біздің білімді қауымдардың да осындай исламдық ұжымдық ақылға негізделіп, ел билеушілері де осындай топтың өкілдері болғандықтан кез келген қазақ баласы бұл философиялық құндылықтарды ақылмен, жүрегімен қабылдай алмайды.
Автор: Тоқберген Байтасов
(Абай ата философиясынан)
Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр.
Әйел көріп ойланар,
Сезіммен сөзін айта алар.
Әдебі жаман ауылға,
Апарма деп қатынды,
Өсиет берген бабалар.
Үлкендердің уайымы,
Ақирет болмақ керегі.
Ендігі үлкен қайғысы,
Ішім-жем мен керегі.
Құдайсыз қурай сынбайтын,
Даналардың дерегі.
Біздің негізгі тақырыбымыз құлшылық ұғымының біздің дін амалдарымыз, күнделікті тіршілігіміз адамдық тұрғыдағы рухани байлығымыз, өзімізді тану жолында ізденісіміздің негізі намаз оқып, бес парыз орындап, қажылыққа барып Құдайдың ең сүйіктісі боласың деген жалған ұғымның ақылға қақпан болған осындай білімдердің қайсысы дұрыс, қай істер мен амалдарды алдымен орындау керек деген сияқты сауалдарға біліммен, ақыл-оймен тану арқылы жауап табу болмақ. Ол үшін де жаратылыс туралы білім мен ілімді салыстыра отыра, ортасын — ақылдық қуатын алып, білімнің таза ой қуатын, үнін табумен ғана және ақыл-ойымыздың дәрежесін арттырумен ата-бабамыздан мирас қалдырған рухани құндылықтардың ақ-қарасын ажыратып бағалай алатын қасиеттік сапаға ие боламыз.
Себебін таппай үлкендер,
Ақылсыз болған тар заман.
Құр білімге жүгініп,
Құдайсыз, дінсіз азды адам.
Ардан сұрау болмаған,
Дүние байлық ойлаған,
Ессіздік, мастық жаулаған.
Серіксіз жаратылыс жоқ. Иман — серік адамзатқа. Өзіне иманды қосу амалының қандайы да болса Құдайға қарсылық жала болмайды. Алланың үкімдерінің, аяттарының, хикметтерінің ортағы жоқ. Адамзаттың бүгінгі білімді заманда Әлемді тағы да бір екінші Алла қосылып жаратты деп немесе көп құдай бар деп серік қосуы мүлде мүмкін емес. Себебі пайғамбарымыз; «Алланың атымен айтылғаныңнан басқа аттың бәрі-көп құдайға табынушылық» (627-хадис) деген өсиетімен көп құдайға табыну үшін ислам дінінен шығып, құранды тастап қойғанда ғана мүмкін екенін ескертіпті. Ал олай болса, қандайда бір құлшылық ісінде мейлі тауға, тасқа, ағашқа тағзым жасап тәу етпес бұрын құран оқып, Алланы мадақтағаннан кейін, киелі орындарға құрметпен сәлем беруді ағашты, тау-тасты, әулие мазарын екінші Құдай қылып алды деп халықты қарайлай үрейлендіріп қорқыту тажалдық болмақ.
«Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)
«Жебірейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жебірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.
Пайғамбарымыз;Жәбірейілге қарады, Жәбірейіл: Ей Алланың Елшісі! Раббыңа өте сыпайы бол!,-деді. Сонда Рассулла; «Құл пайғамбар болғанды қалаймын» дей отырып, ерекше сыпайылығын танытты. Оның осы таңдауынан кейін құлдық адам баласы қол жеткізетін ең шарапатты мақам дәреже болды. Сондай-ақ пайғамбарымыз өзіне шектен тыс тағзым қылған кісілерге;
«Құдайсыз қурай сынбайды» деген даналар. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген Шәкәрім әулие атамыз. Энштейн ғұлама; «Күнә жоқ, оның барлығы Құдайдың жоқтығы, Құдай болған жерде күнә да болмайды. Сол сияқты қараңғылық та жоқ, оның барлығы жарықтың жоқтығынан, суықтық та жоқ , оның болуы жылудың жоқтығынан.» деген екен. Ал жаратылыстың түп негізі Алла қандай жағдайда да бар және мәңгі. Алланың барлық қуаттардың егесі- тәңірі болып және жаратылыстағы; жамандық та, жақсылық та, жанды, жансыз барлық жаратылыс та тәңірлік сипаты, қуатымен басқарылып түрленетін және мұның бәрі де тұтастай бірлікте Алланың тәндері болып, барлық әлемді Алланың денесімен баурап тұрғанын білсек онда барлық нәрселерде белгілі бір Алланың мөрі бар екенін де аңғара аламыз
Қырғызды деп қазақты,
Орыстар салып азапты.
Құдайға ашық қарсылық,
Дінге салған мазақты.