«Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса ғылым тұл. Ақылға еркін ой керек, Матаудан ойды азат қыл. Әдеттеніп ертерек, Өрісін кеңіт жылма–жыл… Атағы шыққан жақсыға Ақылды байлап қылма құл. Шатақ дін мен дағдыға Шоқынба, досым зиян бұл…Сөз мінезі құбылса, Ар иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» (Шәкәрім сопы).
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас…Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес, Әһли кітап (жеті үн, түр, түс, көместің кітабы) бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен (жындылықпен) Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес..» (Абай ата). Адамзаттың жындылығын атау сөздің ішкі сырын, ойын терістеп, нәпсіге, дүниеге байланған, бос сөзге айналдырумен анықтауға болатынын Абай атамыз ашық ескертіпті. Әрбір ұлттың пайғамбарлары келіп, «Әһли кітабы», яғни сөз өнерінің құранның Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан жеті үн тылсымдық; Ақ, көк, қызыл түрлермен байланысты лахфуз махфуздық төрт кітабы болған адам баласының 4 жағы көлеңке аруағымен байланып тұруын білдіреді.
«Сендердің жақсы көргендеріңнің ішінде жамандық бар, ал жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар» деп ескерткен Раббымыз. Жын қуаты Алланың тәңірлік сипатының бірі болып, барлық қараңғылық түнек күштері мен тозақтық тіршіліктің және күш, қуат қозғалыстың тегі, табиғат әлемін жүргізіп, қозғап тұрған желдің де тегі жыннан пайда болады. Құрандағы жын сүресінің 72 сандық белгімен және 28 аяттан тұрып, адамзат өмірінің түрлену сапасын айқындап тұрғаны да және адамдықтың жоғарғы дәрежесін Алланың сүйікті құлы болу, пайғамбарымыздың елшілік ісін жалғастырып көместен хабар келтіру, көріпкелдік, сәуегейлік, абыздық қасиетті меңгеру де жындық қуаттың тазалығымен ғана мүмкін екенін ашық аятпен ескертеді.
Біздер өзімізді-өзіміз ақыл-оймен тану арқылы ғана болашағымызға жоспар жасап, оны арман және бағыт бағдар қылып, артымыздағы тарихи оқиғалардан ғибрат ала аламыз. Ал ақылды меңгеру үшін де белгілі замандарда даналыққа жеткен өз ұлтымыздың яғни ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған ойшылдық насихатына, нақылдарына, аманаттарына жүгінуміз керек және олардың ішкі сыры ой қуатының үніне жалғана білуіміз де керек. Себебі қандайда бір кітап жүзінде деректер болып қалған білімді ақыл арқылы қабылдағанмен ақылымыздың қандай дәрежеде болуы да тәніміздегі 8 түрлі жындық қуатымыздың жағдайына тәуелді болуын ұмытпаған жөн. Өткен заман тарихының білім жүзінде шыны бар және шындардың ішінде шындығы бар.
«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар – үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ» (Шәкәрім әулие). Бүгінгі біздің жер бетіндегі дүние қызығымен байланысты адам баласының рухани өркениетіне, әлеуметтік тобына жалғанып, жанын көбейтіп өсіріп, ар сауытын қалыптастыруға зиянды, баянсыз нәрсенің бәрі жынды әрі шайтанды пендеге бәрі сұлу, қызық болып, тек қана бүгінгі күннің шынымен тіршілік етіп жатқанымыз да сөзсіз.
«Әй жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен шамаларың келгенше, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) Адамзат өте нашар жаратылған, жанжалшыл деп ескертеді Раббымыз аяттарында. Біздер өмірге келгенде жанның үстемдігімен, яғни шайтандық сезімнің басымдылығымен, жәндіктік сипатпен келеміз. Ал малдық қуаттылығымызды өсіріп, көбейтуге арналған жын қуатын; барлық жаратылыстан және тарихта белгілі бір кезеңдерде жын қуаттары ерекше басым болып, жер бетінде бұзықтықпен, қан төгіспен немесе түрлі спорттық ойындармен, ойын-сауықпен, нәпсінің қалауын орындап, жанын күйдіріп, жоғалтып, тіршілік етіп жер бетінен жойылып кеткен нәсілдердің рұқтарына жалғанумен қайратымызды, күшімізді, ерік жігерімізді жетілдіреміз.
«Басқа келетін он пәленің тоғызы тілден» деген пайғамбарымыз. Олай болса, адамзатты азғыру үшін ібіліс те сөз ұғымдарын өзгертуге, көру, есту, ойлау, сөйлеу қасиеттерінің жындық қуатына шайтанды жүктеуге яғни бастың қадірін, маңызын ұмытырумен, тазалығын сақтауды терістеумен, теріс ойға жалғаумен адамзатты да оңай өз жолына түсіріп алады. «Ібіліс: «Осы менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте (Адам) ұрпақтарының өте азынан басқасын қырыма бір аламын.» деді.» (17-62) Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген ұғымының сөз өнерін жетік меңгерген, қол өнерін де жетік меңгерген, өмірде көргені көп, ата-аба дәстүрін ұстанып, рухани жетілген еркекке байланысты айтылған.
Біздер қандай заманда өмір сүріп, білімде жоғары жетістікке жетіп, жер бетінің барлық ісін меңгеріп, жаратылыстың барлық жер бетіндегі нәрселерін түгелдей басқарғанмен жаратушыдан алдын-ала берілген тағдырға тәуелділіктен құтыла алмаймыз. Себебі біз аспан мүліктеріне және екі аралық бізге көрінбейтін жаратылыстың себептеріне біліміміз, өнеріміз, дүние тіршіліктеріндегі барлық жетістіктерімізбен, жоғарғы технологиялық құрылғылармен де үстемдік жасап басқару қабілетіміз жоқ. Ал аспан денелерінің әсерінсіз жер бетінің тіршілігі де болмайды, адамзат өсіп өніп өркендей де алмайтынын наданға да түсіндірудің қажеті жоқ болар.
Ел басымыздың және билеушілердің саясатында қалайда қазақ елін экономикалық тұрғыда алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосу болғандықтан, егемендік алған алғашқы онжылдықтарда әлеуметтік жағдайдың мүлде назардан тыс қалып, мұны ібілістің басқаруына көшуге де және «ел билік діннен бөлек» деген ашық құдайға қарсылық ұстанымдары да себеп болғаны хақ. Мұндай жағдайда ел басымыздың Астана қаласын салып, шаруашылықты көтерудегі жолдауларымен жеткен жетістіктеріміз ғана әлемге мақтануға үлгі қылып, барлық ақпараттық жүйелерде нарықтық тұрғыда ғана дәріптеліп, ал әлеуметтік ұлттық жобамыз, салт-дәстүр құндылықтары даналарымыздың аманаты, Раббымызға берген нәсілдік ерекшелікті сақтау уәдесі мен ойшылдықтары мүлде тасада, дүниенің көлеңкесінде қалып қоюына жол берілді.
«Әлемдегі бар жаратылыс нәрселерін шындықпен жараттым», деген жаратушымыздың құрандағы ескертуінен, қандайда бір жаратылыстағы жанды жансыз нәрселерінде ішкі сыры-зайыры, шындығы, яғни Алланың сөзі, үні бары хақ. Мұны біз рұқ яғни таза ақыл деп атаймыз. Сондықтан адамзаттың барлық жаратылыс егелерінен артық және жандық тұрғыда ең күшті жан иесі болып, барлық жаратылыстың сырынан Алланың үніне жалғанып, оның білімін құрлысын танып, дүниелік тіршілігінде пайдасын көру үшін және оларды меңгеріп басқару үшін жаратылғанын да барлық киелі кітаптарда ескерткен.