Мүмін болудың негізгі белгісі тарихи еске тұрақты жалғанып; ана тілін, ата сөзі аманатын, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін жер ана рухына, көк отанына жалғану арқылы ғана меңгеруге  болатынын ескермеген дін ғалымдары тек намаз оқып, бес парызбен ғана жаннатқа белгі алған мүмін болудың жалған жолын ұстанып, тура жолдың қисығына түсіп алатынын алдын-ала пайғамбарымыз ескертіп; «Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, бірақ іштерінде бірде-бір мүмін болмайды.» Себебі; «Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді». Пайғамбарымыздың осы ескертуінен-ақ дін ғалымдарының бес парызбен және намаз оқу арқылы жаннаттық, тақуа боласыңдар деген әлемдік өтірігін әшкере қылып тұрғаны даусыз. Ал мүмін болу үшін; «Мүміннің түсі пайғамбарлықтың 46/1 бөлігі» деп, мүмін адам баласының Алланың ақиреттегі жаннат тұрғындары болған, өз достары арқылы ғана берілетін құпия кітабына жалғанып, аян ала білетін құлын ескерткен екен. Және пайғамбарымыз бұл сан тағлымымен 46 түрлі аруақтық аян кітабы болып, 47-ші «Мұхаммед» кітабынан жалғану арқылы құран болып жинақталатынын да астарлы философиялық нақыл қалдырған. Олай болса әрбір мүміндікке жалғануға 23 кітап аян міндетті болып оның 21-санды және ортасында Айша анамыздың кесенесі тұрған ата жолының ақ туы осы тылсым ғылымын әшкере дәлелдеп тұр.

                Ислам дінінде шерік қосу ұғымы дін ұстанымының негізгі сақтану қағидасы болып; әртүрлі арамнан, тағамдардан, зинадан, арсыздықтардан сақтану сияқты әрекеттерді ескертеді. Бірақ ислам ғалымдарының пәтуаларында әрбір нәрсенің пардан, яғни 3 түрлі денеден тұратын сипаты есепке алынбай, бұрынғы құран түскен уақыттағы арап ғалымдарының біліміне сәйкес қалыптасқан ұғымнан аса алмай және шерік қосудың екінші жұбы шерік қату ұғымын ешқандай масхаб білімінен таба алмайсыз.

Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б.) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378,3456 өсиет) Енді исламмен ғұрыптық амалдары сәйкес келумен қазақтың негізгі мұрагерлік тайпаларынан тұратын қыпшақ елінің ислам дінін ерікті түрде қабылданған ерекшелігі де, ата-бабамыздың әдет-ғұрпының қашаннан да исламдық екенін растайды. Сондықтан Укаша сахаба бастап барған қыпшақтардың пайғамбар қасына жиналған түрлі елдерден және араптардан құралған сахабалармен тізе қосып, ислам дінін алғашқы қабылдағандар екенін де растайтын пайғамбарымыздан қалған өсиеттер бар. Және біздің масхабтық ғалымдардың қазақтың ежелгі дін ұстаным салтын шариғатта жоқ деп қаралауынан, аруақтық ілім ғұрпымызды ашық жаламен қудалауынан да, пайғамбарымыздың араптарға қарап айтылған өсиеттерін ойып алып, парларын іздемей құранға қарсы қойып, өтірікші атап өздерінің 30 сипатты тажалдарға айналғандарын да бір ғана осы өсиет растап тұрғаны сөзсіз.

«Жолдары бар аспанға серт! (7)  Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) шындықтан  бұрылған бұрылады. (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар  білімсіздік ішінде жаңылысуда». (Зарят; 51-11) (62)  Қазақтың ғұмырлық дін салты болған түстерді теріс жорумен, аяндарға амал қылумен ілімнің ішкі сыры білімін меңгеруді жолдарға жалғану, яғни қазіргі таңдағы сопылық жол, тура жол деп өздерін уахи, аян алып амал қылушы қылып көрсететін дін топтарының жалғандығын да әшкерелейді. Және мұндай ілімнің білімін қазақ аталарымыз қой бағып жүріп-ақ орындай білгенінен исламдық тура жолдың негізі біздің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз екенін де растайды. Енді бұл аяттың ғылымдық сипатына үңілсек жолдар 7 санымен тылсымнан келетін дыбыссыз үнін Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген 7 құранды ескертіп, ал сөздің аяттағы 8 санға байланысты болып, шындық аян, уахидың 9 санымен, яғни тәубамен байланысты, ойды толық меңгеру қуаты 10 санымен, ал білім 62 тамырға және қандағы 11 жұлдыздық белгіге тәуелді болатынын сандар тағлымымен ескертіп тұрғаны хақ. Ал енді бұл аяттардың негізгі сүрелік мәндері де өзара қосындылардан пайда болатын; 51+7=58;85 сандық белгілермен құран үндік сипатын 7 мақамды меңгеру шарттары да пайда болады. Ал 58-сүре де 85-сүре де бұл жолдарға жалғану ішкі аяттар саны  22 санымен белгіленгендіктен, хажды айқын белгіліп және жер ана, су ана және ана тілі, ана рухына жалғану арқылы ғана қандық сипатпен мүмкін болатынын ескертеді.

Сонымен бірге қияметтік соғыс та басталып, кімде бастан иман байлығы болып ғұрпын ұстап қорғай білсе оған тағы да беріліп, бақ қонып, ал кім иманын шайып алып, тек сеніммен ғана өзін көтеріп дәрежелеп жүрек тақуалығы болмай, атақ, дәреже, білім мақтанның соңында кетсе, түрлі ескертулермен сыналып, ал кім шайтан жамағатына айналып, арсыздықпен дүние боғының соңында кетсе онда үкімделіп, азапталып, арты үрім-бұтағымен тозаққа тасталатын болады. Сондықтан Раббымыздан хикметті белгілердің түсіп,  өліктердің тіріліп, қауымына түс болып келіп, әулие аруақтарының аян болып белгіленген, түрлі себептік ескертулерге де мән бермегендерге; «(Мұхаммед пайғамбар) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасірет күнін ескерт (38) Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады»  (Мариям — 39) Және Ғиса пайғамбарымыздың аруағының бейнеленіп әрбір пенденің ішінен өту кезеңі 6 санды келесі жылдың еншісі болып; «Ғымыран қызы Мәриемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымызды үрлеген едік. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді.» (66-12) деген үкімімен келесі жылы ұятсыз, арсыз әйелдерге жаппай үкім азап, өлімнің көбеюімен, арлы абыройын қорғаушы әйелдеріміздің және аққуларымыздың Мариям анамыздың қасиеті қонып, дәрежелері көтерілетін жыл болады.

Аталарымыз; «Бұлақ көрсең, яғни Раббымыздан аян көрсең көзін аш!», Ғылымын жорып, намазға айналдырып амалын жаса!-деп астарлы ескерткен екен. Ал Раббыздан ғылым, кітап білімі болып түсірілетін алтын, күміс суға, аян, уахиларға кісілер арқылы бейнеленіп,  оқылған кітаптарына иман келтіру 18 ғаламмен байланысты оң жақ қол арқылы негізінен Ғиса пайғамбар арқылы келетін рухани нұсқаулармен байланысты болса, жан негізі Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар арқылы жер бетінен, жаратылыс әлемінен болып шариғат және тарихат негіздерінің ақ бұлақ көздері белгісін береді. Жан тану, психология ілімінде сана, жад, зерде, зейін, ерік ұғымдарын кездестіргенмен шет ел ғалымдарының ой жорыған білімі негізінде ешқандай өлшемі, тәндік орны, тән тазалығына, мүшелеріне қатысты ерекшеліктері мен кеңістіктегі қуаттық, күштік, өрістік, түрлік, денелік сипаттары жоқ тек білім ғана. Ал аталарымыз бұл сырларды философиялық нақылдармен көрсетіп кеткен және Құран аяттарымен өлшемдері де болуға тиісті. Алдағы басылымдарда құран кітаптары арқылы жан сырын баяндап көреміз.

Аруақ қуатының жоғарыда қолдағы жеті сүйекпен байланысты екенін ескерттік, бұдан шығатын қорытынды тіптен қолды жалаңаш ұстаудан да; мысалға шынтақ арқылы қара қуаттардың, күн сәулесінің жатырға өтуімен, ұрпақтың ауру, жетімсіз немесе рухани жынды, мастығынан айықтыратын ми, бас құрлысы жетілмей тууына да себепші болмақ. Және ми құрты «меннингит» ауруына қарсылық қуаттары да жетімсіз болуы сөзсіз. Сонымен енді, Ниет сөзін зерттесек: «Ни»-«Ин»-алтын, жандық; «Ет»-малдық қуат болып жіктеледі. Ал «Ет»-қуат негізі әйелдік етектің, яғни үш ағаш-гамма сәулесінің тазалығына яғни аталарымыз ескерткен; «Келіннің аяғынан», ұрпақтық аяқ-тостағанынан пайда болады.

Енді әрбір пенденің ниетінің шамасы арманы арқылы айқын көрінісін береді. Ниет дегеніміз арманның қажетіне қарай пайда болатын ойдың бейнесін береді. Ал сенім жүрек арқылы әрекет етуші ерік күшін қалыптастыратын, ой қабілетін басқаратын қуаттар шамасын көрсетеді. Ниет пен сенімнің әрекетінен ұждан пайда болып, ал ұждан адам баласының тәрбиесімен, саналылығының толық бейнесін береді. Сондықтан аталарымыз; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп; «Жетесізге жеті айтсаң да білмейді, санасызға сан айтсаң да білмейді» деп осы жан ғылымының қарапайым сырын нахылға айналдыра білген. Жетенің де сандық мәні және тәндегі орны болып, сенім қуатымен ерекшелігі болатынын да естен шығармаңыз және сана қанға байланысты қалыптасатынын да ұмытпаңыз. Осыдан барып енді орыс тіліне христиан халқына да түсінікті болу үшін Қазақша «Ес» ұғымы осы иман қуатының алғашқы мұсылмандық бейнесін береді. Иман дегеніміздің ірге тасы-«Ес» болып, негізінен інжіл құндылықтарында адам баласының оң жағы мен 18 ғаламға байланысты қалыптасатын  парасаттылық, бекзаттық болып екі бейнесін береді де, ақирет білімі жан сыры болған сол жақтан келетін қуаттарды аруақтық негіздерді, адамзат «Ар», «Манын» яғни «Меч»-«Та»-сын толық қамти алмайды.

Адамзаттың негізгі сынағы сөзді меңгеру, яғни даналыққа жету болып, иман өлшемі де белгілі денелермен, сызықтық, түр, түстік бейнелерге айналған сөздің қуатын меңгеруге тәуелді болады. Енді ислам дінінің құндылығы да осындай сөз құпияларының әлемдегі барлық қуатының құранның 7 үніне жасырылып, оны тек әрбір ұлттың өз тілінде, өз үнінде намаздарын оқу арқылы ғана құран жеті үнімен, яғни әрбір ұлттың тіліндегі жеті үнмен қосылып, 14 санды мақамның пайда болуымен көктің құпиясы ашылып, ілімге айналып Ыбырайым жолына жалғану деп аталу себебі де сондықтан. Ал енді бұл басылымдарда үнемі сөздерді санмен көрсетіп отырған сырдың да құпиясы, әрбір мықты бекіген сөздердің қуаттық шамасы кітап, аяттар болып, құран аудармасы әрбір ұлттың тілінде оқылғанда, осындай мәндермен құранның насихаты әлемге ортақ түсініктерге айналып және осы кітаптар арқылы ғана бүкіл әлемге құраннан бұрын келген кітаптарды растап бекітіп, қателіктерін әшкерелеп отырады. Және қандай бір аударма ғылымындағы қателіктерді, тәпсірдегі жіберілген логикалық ағаттықтарды оңай салыстырып тексеруге болатын құпия сыры да бар.

Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.» (27-48). Бұл аяттағы 27-ші сан философиялық, сөз даналықтарын меңгерумен, дін ілімінің жағдайын көрсетіп және 27-ні бірлесек (2+7=9) тәубелік белгі саны пайда болады. Және адамзаттың көру қабілетіне байланысты періштелік қуаттарының, аруақтық сандық мәнін, өлімнің себептік белгісін де көрсетіп тұр. Сондықтан хаж сүресіндегі қажылықтың да жағдайы осы белгіден бастап жолға шығып, 29 санмен қағбаны тәуап етуді сандар тағлымымен астарлы түрде ескертеді. Және аяттағы  48 санмен берілген белгі де жоғарыда баяндаған адамзаттың ниетінің бұзылуы 9 түрлі ой бұзықтығынан пайда болатынын сүре аят сандар тағлымымен де ескертіп тұр. Бұл аяттың негізінен сөз сөйлеу мен ойлау қабілетінен пайда болатынын және пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе, мен де жаннатқа уәде беремін» деген өсиетіне сәйкес барлық бұзықтықтың негізі осындай ой мен сөздің арасының бұзылуынан, ата аманатын сақтамаудан пайда болатын кісіліктің жетімсіздігін ескертіп тұр. Егер сандар қимасын; (27+48=75) санымен адам баласының сенім қуатының немесе екі  әйел, еркек жынысқа байланысты қалыптасатын мінездің шамасы мен екіжүзділіктің белгісі, яғни негізгі тажалдық белгі тәубеге тәуелді естің жоғалуымен талапсыздықтан, ниетсіздіктен, ессіздіктен пайда болатынын да ескертіп және шерік қатушылардың бейнесін сипаттайды. Сондықтан дін ғалымдарымыз мұндай пенделерді «шерік қосушы», жын-шайтанды деп атаумен, яғни рухтық бейнеде сөздің тазалығымен, ақпараттық белгімен байланысты ғана түсініп, негізінен дұрыс сөйлемеген, жалған хабар жеткізуші пенделерді «шерік қатушыларды» атайды.