Байтасов Т.К. жеке блогы
Құдайсыз қурай да сынбайды,
Мұны білмес текті аталмайды.
Сана түгіл ақылда жете болмас,
Пенделерге жеті айтсаң да ойланбайды.
Зікірді дінші көп теріс ұққан,
Сезімге зікір айтып қызмет қылған.
Нәпсімен арамдарды тазартумен,
Құранның жеті үні жоқ жалғандырған.
Иман мен сенімді бір деп атаған,
Құдайшылдық дәстүрі ата жоғалған.
Қарғысына жаратқанның ұшырар,
Қияметтің азабымен ел сыналған.
Әкім болды дінді заңмен басқаратын,
Қиянатын тексеріп, жоя алатын.
Таза ақылмен дұрыс сөйлер тілің — дінің,
Таза сумен суарумен тек ағашын.
Құдайға не жаздым деп өкпе айтқан,
Нәзік жанды көп бүгін таңнан.
«Басыңа қайғы-қасірет келсе» деген,
Екі қол ісімнен біл, сөзі аяттан.
Датымды ел басшыға жалғастырсам,
Жолдауын елге айтып талқылатқан.
Тарихтың тереңінен сыр тартыңдар,
Шарты деп рухани кодын тапқан!
Надандар ата жолын жамандаған,
Айша ананың ақ туын қолға алмаған.
Ақ ұлды сынағымен Құдай өзі,
Қазаққа бақ жолы қып, жолын салған.
Ғашықтығы нәзіктің сезімменен,
Ер пендені таңдайды жүрегімен.
Жүректің де үш сипаты қуаты бар,
Жан өсірген қанынан діліменен.
Сенімен иманды бір өлшемен,
Бес парыз намазбен келді деген.
Қазақтың дәстүрі деп атайды,
Дін ғалымы, төрелері ел билеген.