«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» (Абай 37-сөз) «Жындар мен адам баласын құлшылық үшін жараттым» деген жаратушы иеміздің үкімін адамзаттың екі түрлі құлшылық жағдайда өмір сүруімен байланысты деп түсінген жөн. Адамзаттың өмір сүру үшін, тірі болып қалуы, көбейіп өсіп-өну үшін, өзінің жақсы тұрмыс кешуі үшін де еңбек етуі де құлшылық әрекеті болып, малдық қуатын өсіріп көбейтіп өндірумен байланысты болғандықтан жындылық деп атайды.

Кер замандық қазақтың талабы барды,

Адамдық қасиет жоғалды бәрі.

Жамандықтың салтына жалғанып алды.

Ақырзаман белгісін түгел алған,

Бабалары қазақтың болжамы барды.

«…Ұят кімде болса иман сонда,-деген. Енді бұл сөзден білінді; ұят өзі иманың бір мүшесі екен. Ондай болса білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар-надандықтың ұяты…Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес-ақымақтық, жамандық…» (Абай 36-сөз) Адамзаттың меңгеруге тиісті үш түрлі ғылымның сипаты болатынын баяндадық. Ал енді; Ұят дегеніміз; барлық жарықтық қуаттардың ішіндегі ең ұзын толқынды қызыл түсті ғылымның, шындықтың бейнесінен болмақ. Күн қызарып әлемнен ұялып шығады да, қызарып барып ұясына батады. Қызыл түсті шындықтан күнің жарығы қызуы жер әлемге тарайды да, қайта қара түнектің ішіне сіңеді. Демек ұяттың да негізінде жарықпен және қараңғылықтың ішінен, өткен күннің тағдырынан жол көрсететін екі сипаты, екі түсті күні (қызыл, сары) болуы шарт.