Ақылдың естілік тұрғысында адамзаттың қалыптасуы үшін; оң солын білу арқылы өмірден өз орынын тауып және төрткүл дүниенінің төрт жағын танумен жер әлемін, өмір сүрген ортасымен жаратылыс әлемімен қуаттық жүйеде тұтастықта болумен ғана адамдықтың, даналықтың сипатымен бейнеленуі керек. Адамдықтың танымы; ішкі қасиеттің (тігінен, биіктік) 3-сипатына және сыртқы әлеммен, кеңістік көлемдік төрт жағына қатынасымен 7-өлшемді танымдық қуаттық жүйе шығады. Әлемді жеті күнде жараттым деген аяттың негізіне сүйенсек, адаматтың жаратылыстың қуаттық әлемдік толық жүйесінен туылуы 7-жарықтық жүйемен байланысты болмақ.
Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде әлемдік 7-жарықтық жүйеге қосылуға 7-қараңғылықты, түнек күштерінің қарсылығын жаратқан. Және ешқандай тең қуаттарды жаратпағанның дәлелі болып; жарықтың тұрғысында, ақ түстің негізінде 8-түрді, сегіз жаннаттық ақиреттік өмірді, Алла тағаланың сегіз сипаттық қадір қасиетінің негізінде тарқатқан. Сонымен әлемдік жеті жарықтық жүйені меңгеру барысында адам баласының туылуы, көбейуі бір жарықтық сипатты өндіріп, одан үш түрлі жарықтық қасиетті тарқатумен, көбейтумен және бір қуатқа жүйеленумен ерекшеленеді. Сондықтанда аспандық әлемдік жарыққа айналу 10-сандық өлшемен кезеңдермен, 10-күнмен байланысты екенін құранда ашық баяндаған.
Ойын керек жастарға,
Мал қуатын баққанға.
Жан күйеді өсе алмай.
Айналса ойын мақтанға.
Үлкенге ойын жаққан ба?
Алты ауызын қосқанға.
Есі шығып қуанбақ,
Жындылықты баққанға.
Қандайда бір елдің ұлттың сол қоғамдағы отбасылық және жеке пенделердің бақытты, бақытсыздық жағдайын, тектілік сәйкестігін, ата-ана аманатына адалдығын, тағдырындағы қарыздарын өтеген салт-дәстүрі діні ұстанумен құдайшылдығын үш түрлі рухани байлығымен; Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық арқылы анықтау керек. Бүгінгі таңдағы қазақ елінің де; ұлттық жобамыз, дәстүріміз, арманымыз, дін ұсанымыз, ғылым-білімді аталып, ел билеудегі саясатымыздың бәрінің нәтижесін үш байлықты меңгерумен өлшенуі керек. Бірінші байлық болып, адамзаттың Адам болып қалыптасуының белгісі; денсаулық байлығы екені де хақ.
Уақыттың барлық тұрағы,
Тоғысы заман болады.
Дәуір боп тарих жазылған,
Тоғыз жолдың болып торабы.
Уақыттың барлық тұрағы,
Тоғысы заман болады.
Дәуір боп тарих жазылған,
Тоғыз жолдың болып торабы.
Дәстүрдің түсіп шапаны,
Жалаңаш қалып бастары.
Салтымен шеттің қосылған,
Болып тұр дінші мазағы.
Сөздерінің білімдіде кетті қаймақ,
Астарына сөзінің қалсаң бойлап.
Әлемді түзеу үшін өзің бастап,
Жан, рұқыңды күнәдан алсаң ақтап.
ФБ-ның бетінде, Казбек Иса мен Уайс мырза тағыда ОВ,ЕВ-ы барлар қазақ емес деген тақырыпты қайта бастапты. Құдайдан талай уахи аманат алдым десем, түс көріп іске айналдыра білмеген мүміндігі жоқ, пайғамбар намазына қарсы ағайындардың өре тұра келері де; «Сен не Құдайсың ба?» деген жазғыруларын да есіп қанық болғанмын. Сонда да болса болашақта жария болатын кітапта жазылып жатқан, осы даулы мәселеге байланысты көрген аян-уахиды Құдайдың нығметіне жетуге, қазақтың тақуалықты меңгеріп, дінің жоғарғы сатысына көтерілем деуші ағайындарға аруақтың аманатын алдын-ала жеткізіп қоясам деген шешімге келдім.
(Момын шалмен болған сұқбаттан)
……..-Мен үйде отырып, көп ұзаққа шықпағанмен одан да зорына куә болып, іштей жұтып жүрген жайым бар, өтпейтін пышақпен күнде санаңды тілгеннен, сондай надандардан таяқ жеген, түйгіштегені жеңілдеу сияқты дегені. Дінде туысқандық, бауырмалдық болмаса да дін қандастық деген болады, деп бір әңгімені бастап кетті. Үйде отыр дегеніммен, жастықтың буымен, елемей өткен, кейде жалқаулықпен мойын бұра алмаған, енді соның орнын толтырсам деген менің де шаруам жеткілікті. Әлде де жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндігім бар, бірақ заманның ағымына ілесем деп, ақылдың да жетімсіздігімен балаларыма да, жұбайыма да көп нәрселерді үйретіп көрсетіп бере алмаған жайым бар. Бұл қайғы ма қайғы!