Басыңдағы бөрік пе орамал ма?
Қарау керек бауырым саған алға..
(М. Шахановтан)
**** *****
Басыңдағы бөрік пе орамал ма?
Қарау керек бауырым саған алға..
(М. Шахановтан)
**** *****
Сөздің көркі мақалды,
Ғылымнан хабар астарлы.
Би, шешендер меңгерген,
Даналық деп аталды.
Жылдың бар төрт мезгілі,
Жаратқан уақыт үлгіні.
Өлімнен бастап жаралып,
Көктейтін мезгіл көктемі.
Мақтанамын қазақпын шатанамын,
Шақырып әлемді төріне Астанамның.
Әлемнің бар салтына еліктеумен,
Мен қазақпын бүгінде заң жазамын.
Ақылдан киім киетін,
Ойымен әрлеп денесін.
Әулиелер өткен өмірден,
Алланың құлы сүйетін.
Өлең едім, көркем сөз- өнер деген,
Сөзін қазақ үнімен кемелдеген.
Абайдай әулиелердің үні болып,
Анасынан дәретсіз емізбеген.
Жаратушымыз ешқандай өз ара тең қуаттарды жаратпағанын жанат пен тозақтан ашық белгі бар. Алла тағалалық әлемдердің жаны жеті қанатты періштелік сипатын, жолын жаратып, оған сегіз жарықтың құдіретін, қасиетімен Алла өзін адамзатқа тануына лайық паш еткені де жаратылыстың ғылымынан, дініміз арқылы Алланы тану ілімі болуы керек. Мұны Алла Тағаланың сегіз сипатын меңгеру деп масһабта, исламдық орта топтарда қарстырылмағанмен қазақтың дін дәстүріндегі сопылық тұғысында қалыптасқан міндетті құлшылықтың амалына жатады.
Аңыздың бір сипаты шындық деген,
Құранда аңыз, түсірілген шындықпен.
Талай аңыз бүгінде шынға айналып,
Адамзатқа білім-ғылым өнер берген.
Армандап өткен талайдың,
Құлшылығын арнайтын.
Үмметінен Мұхаммед,
Тура жолға жалғайтын.
Патшалығын Құдайдың,
Ақыл –ойы сарайдың,
Қайрымды қала тұрғызар,
Болатын ұлты құдайдың.
Адам атымызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жүп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын, деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді : «..Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49)
Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;