Бүгінде көп мақтаншақ,
Партия болып мастанбақ.
Ел түземек заңменен,
Атқа қонып ел бақпақ.
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және онан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар. Шәксіз Алла тағала сендерді бақылаушы.» (4-1) Жер бетінің барлық тұрғындары заттық, тәндік болмысында жануарлық сипатта, қуаттық, ұлттық, қылықтық, мінездік нәпсілік тұрғыда ерекшеленетін болсақ, адамдық нәсілдік, кісілік, тектік тұрғыда; Адам баласы болып аталамыз. Кісі ұғымы; толық кемел, жетілген адам, тұлғалықпен адамзаттың жасырын рухани жетілген, дін тұрғысындағы тазалық жағдайымен байланысты. Адам — бір тұтас кісіліктің шамасы және жаратушымыздың Раббылық Меннің сипаты, көшірмесі, бейнесі болып саналады. Олай болса, толық кісіліктің дәрежесі; Адам-Хау-Ер-Әйел рұқтық жағдайда төрт сипаты болып және адам балалары нәсілі болып қалыптауы үшін жандық тұрғыда көбейіп жетілудің бес түрлі кісілік қуатын меңгеруіміз керек.
Адамзатты көргізіп, естіртіп, ойлантып, сөйлетіп, бүкіл жаратылыстың барлық жандыларынан артық қылу үшін де жұп-парлылық жаратылыс негізінде жындық қуатты меңгеруге және өзіне құлшылыққа қойғаны да хақ. Аятта; «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым.» (51-56) деп адамзат пен жынның біртұтас екенін ескертеді. Егер екі түрлі жаратылыс болса; адамзат «ЖӘНЕ» жынды деп ескертер еді. Жыннан ібіліс жаратылғанымен, оған оның баласы тұрғысында «Әкеге» тікелей ықпал етуге мүмкіндігі жоқ.
Алла деп – түп негізді жаратушы, барлық әлемнің нұры, жарықтың негізі болып, бүкіл әлемді баурап тұрған; тәңірілік қуат иесін айтамыз. Түпкі жаратушымызды ақыл, біліммен танып, құлшылығымыз арқылы тікелей ешқандай дәнекерліксіз, екі аралық жаратылыс киелерінсіз жалғануға, біздер ақылымызды да жеткізе алмаймыз және жақындай да алмаймыз. Себебі Алланың негізі; біздің әлемнен тыс, барлық әлемді де, ішкі жаратылысты да баураушы қабы, бейнелену, кеңістіктен орын алу шегі, Алланың құдіретті сипатынан болып саналады. Ал енді бізге ақылымызға лайық танылу үшін, жаратылыс әлемнің ішкі қадірі, қасиетін ,барлық жаратылыстың жанын; Алланың өзі –Алла тағала деп атаймыз.
О заман-ай, заман-ай,
Қазақтың тегі азғаны-ай.
Ібілістің болып ұрпағы,
Аманат артта қалғаны-ай.
«Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей оған балта шаппай, әрі қарай өсіп-өркендеуіне жағдай жасау – ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық қазақтардың болмысын бұзбайды, керісінше жаңаша жетілдіре түседі» (Нұрсұлтан Назарбаев). Ұлтымыздың тамыры бабаларымыздың бізге қалдырған көместік тұрғыда әрбір мен қазақ ұрпағымын деген пендесінің жеті атасына байланысты тарихы, шежіресімен арадағы байланысын, жан жібін жалғаумен, жалпы ұлттық тұрғыдағы ортақ аманаттарын жүктеліп меңгерумен, әлемдік қуаттар жүйесіне жалғанумен нәтижеленбек. Сондықтан да біздерге бұл өте күрделі, қиын, көмес тұрғыдағы рухани құлшылығымызды меңгеру үшін құдай ісінің ортақ жол-жобасы дәстүрімізді аманат қылып, нақылдармен, мақалдармен бекітіп берген.
«..Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Шырақтар, ынталарың «менікінде» Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббат пен — Үй жолдасың қабірден әрі өткенде..» (Абай әулие). Әрбір адам баласы өзінің жаратылысының рухани жүйесін, ішкі сырларын түсіну арқылы ғана өзін танумен жаратушыға, адамзатқа деген көзқарасы, махаббаты, сүйіспеншілігі адамдық тұрғыда қалыптасады. Абай атамыздың насихатынан ғибрат үлгісімен және құдай ісі мен салыстырып және ұлттық жол-жобамызға да қайшы болған; бүгінгі ел билеушілердің, зиялы қауымның, жастарымыздың ұрандатып «Ұлттың арманы, Ұлттың жоспары; Мәңгілік ел, Бір ел – бір тағдыр» деген сөздермен іс жүзінде дүниелік, тіршіліктік тұрғыда бағалануынан бабалар аманатымен, нақылымен таразыға салып көрсек; сөз мінезін теріске алған бір тұтас жынданған ел екенімізге ашық дәлел болуы да хақ.
Қазіргі таңдағы масһаб және ислам дін «ғұламаларының» өзге діндердің бәрі де адасқан, сондықтан олардың кітаптары мүлде жарамсыз деп, ал ақиреттік аруақтық, кісілік сипаттармен бейнеленген, көктегі жұлдыздармен, жаннаттықтармен оқылатын Алла тағаланың тарапынан жолына қосылған шындықтардың жоғалып өзгермейтінін, оның иман қуаты болып жанға кітап болып қайта оқылатынын мүлде жалғанға шығарады. Иман келтірдім деген ұғымның осындай шындық кітаптарға жалғандым деген ұғымды, сендім, мұсылман аталдым деген ұғыммен алмастырып алған.
«Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса ғылым тұл. Ақылға еркін ой керек, Матаудан ойды азат қыл. Әдеттеніп ертерек, Өрісін кеңіт жылма–жыл… Атағы шыққан жақсыға Ақылды байлап қылма құл. Шатақ дін мен дағдыға Шоқынба, досым зиян бұл…Сөз мінезі құбылса, Ар иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» (Шәкәрім сопы).
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас…Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес, Әһли кітап (жеті үн, түр, түс, көместің кітабы) бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен (жындылықпен) Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес..» (Абай ата). Адамзаттың жындылығын атау сөздің ішкі сырын, ойын терістеп, нәпсіге, дүниеге байланған, бос сөзге айналдырумен анықтауға болатынын Абай атамыз ашық ескертіпті. Әрбір ұлттың пайғамбарлары келіп, «Әһли кітабы», яғни сөз өнерінің құранның Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан жеті үн тылсымдық; Ақ, көк, қызыл түрлермен байланысты лахфуз махфуздық төрт кітабы болған адам баласының 4 жағы көлеңке аруағымен байланып тұруын білдіреді.