Ақырзаман белгілеріне қазақ ел билігінің қарсылықтарының нәтижелері

      Былтырғы жылы желтоқсан айында әдеттегідей қазақ елінің рухани азғындауына құдайдан түсірілетін шындық үкімдерін жариялаған едік. Енді бұл шындықтың құдайлық хақиқатпен шынға айналуының қаншалықты пайызға орындалғанына әркім өз халінше сараптап көрсін.

Қаңтар айы; Көк байрақ толысады. Жеті бөлікке бөлінеді. Аймақтарда сараптау жүйесі басталады.

Ақпан айы; Көктен түсетін, айтпай, сезбей түсетін апаттар болады. Жол ережелерін мұқият қадағалау керек.

Наурыз айы; Әйел кіндіктілерге үлкен өзгеріс басталады. Тылсым құпияларына мән бермегенде қияметтік сынақтардың өріс алуы болмақ.

       Қазіргі таңдағы әлемдік дағдарыс пен ислам дінін ұстанған елдер арасындағы өзара соғыс пен бүлікшіліктің және түрлі табиғи апаттар мен адамзаттың азғындауы, жазылмайтын індеттер мен аурулардың асқындауы, кездейсоқ ажалдың түсуін жеке-жеке қарастырып, оның дүниелік себебшісін анықтаумен ғана өзімізді жұбатып, ал негізгі ақиретпен, өлілермен байланысты адамзаттың рухани қуаттарды меңгерумен, жанды көбейтіп өсірумен байланысты десек, мұны ертегіге қабылдайтынымыз да сөзсіз. Оған басты себеп; ел басқарған, іс басындағы білімді қауымның шын жүзінде көрнеу дәлелдер болмаса сөз жүзінде айтыла беретін насихаттарға, дін уағыздарына сене қалуы да қиын жағдай. Бүгінгі таңда білімге ғана негізделген қаракетсіз сезімге байланған ақылымызбен қабылданбайды да.

     «Ілім мен білім ортасын ұстанбасаң бүлін» деген данагөй бабаларымыз. Олай болса ілім ғылымның шындық атты құпия, көмес, ғайып деректеріне жалғануға есік болса, білім ғылымның бейнеленген белгілі қуаттық шамалары, өлшемдері мен түсінігі болады. Біздер ғылым арқылы да, білім арқылы да ортасын ақыл-ойының қуатын меңгеруміз керек. Ақылдың қуатын және оның таза ойын тауып; кітапқа бейнеленген жан қуатын, иман нұрын меңгермей ғылымның да, білімнің де соңына түсіп адасумен, азғындыққа, бүліншілікке түсумен, жанды жоғалтумен ғана аяқталады. Адамзатқа төрт бағыттағы ақпараттық қозғалысты меңгеріп, ортасын табуды бұйырған Раббымыз. «Төрт құбылаң (қыбылаң) тең болсын!» деген. Сонымен христиан дініндегілердің кресті жаратушымен арадағы дәнекерге балап сыйынуын біздер шоқынды деп санаймыз. Қазақ салтында қадірлі қонағына малдың басын тартып, оған осы белгіні салу әдетіміз бар. Ал  қосу (крест) таңбасының  негізінде тағдырлық кітаптық жүйені, кісілікті белгілейтінін білеміз бе?

     Бүкіл әлемде қорқыныш тудырып жатқан исламдық «экстремизмнің» және барлық елдерді түрлі табиғи апаттар мен орасан зор шығынға ұшыратып жатқан уақиғалардың желісін, сипатын қияметтік сағат деп атаған дұрыс. Қандайда бір әлемдік уақиғалардың тағдырлық белгісі, құран және оның негізгі насихаттық кітаптары тәурат, зәбур, інжілмен де тығыз байланысты болмақ. Арап елдеріне қияметтік зобалаңның болатын аятта; «Бәдеуилерден, Алла жолында бергенін (аруақтық кітаптарын) зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне (араптарға) болсын..» (9-98)

   ДІНШІЛЕР ПӘТУАСЫНДАҒЫ; СЕРІК, ШЕРІК ҚОСУ ҰҒЫМЫ ДУША-ЖАНДЫ ӨЛТІРУ НЕМЕСЕ ТӨМЕНДЕТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. Бірақ құранда; «Сендер Інжіл, Тәуратты және пайғамбарларға түсірілгендерді білмесеңдер түк емессіңдер.» (5-68) деген аятында. Қазақтың білімді қауымы надан діншілердің қақпанына түсіп ата-бабамыздан қалған бұл мирас білімді — ата жолын қабылдамай, енді орыстар меңгеріп, ғылымда жоғарыға шығуына жол ашып берді. Әрбір АРСЫЗ-НАМЫССЫЗ деген осы….Жан дегеніміз; «Душа — это энергетическая субстанция, включающая в себя сверхсознание Творца и осознание личного индивидуума, но только как единого существа с Творцом. Душа имеет желания, она может мыслить, видеть, слышать, чувствовать, причем намного сильнее, чем тогда, когда находится в теле. Душа все знает. Она знает то, что знает Создатель.

II-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

       Жаратылыста барлық нәрселер мейлі сөз ұғымы, атаулары, дін, діл, нәсіл, ұлт, тіл болсын оның жұбы пары болуы шарт. Мұндай жұптылық және парлық қарсылықсыз әлем тіршілігі де болмайды. Сондықтан айдың, күннің, жердің де жұбы, пары бары хақ. «Екі айға серт» деген Абай атамыз. Екі айдың барын Мұхаммед пайғамбарымыз мұғжизамен дәлелдеп берген. «Батыстан да күн шығады» деген Раббымыз. Жұптық, парлық тәңірлік қуаттармен, қарсылық қозғалыстармен байланысты деп түсіну керек. Қандайда бір замандарда болсын адамзаттың тағдыры ақыл-ойдың қуатының сол замандағы пайда болған жаңадан қуаттардың, яғни оттан пайда болатын білімнің дәрежесін меңгеруге жетіліп отыруы да шарт. Олай болса, біздердің ата-бабаларымыздың және әлемдегі ғұламалардың меңгерген ақылдары бүгінгі замандық қозғалысты меңгеруге жетімсіз болып, олардың қалдырған ойларын біз білімге айналдырумен және өз арамыздан шығатын ойшылдардың да шығармашылық еңбектерімен де ой қуатын арттырып яғни тіршіліктің мәнін терең ұғынуға талаптанып өмір сүруіміз керек.

       «(I)Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, (II) түн мен күннің ауысуында, (III) адам баласына пайдалы нәрселер мен теңізде жүрген кемеде (айда) және (IV)Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында (V) әрі онда әртүрлі хайуандарды таратуында, (VI) желдерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлттарды басқаруында (7) әлбетте ойлаған елге БЕЛГІЛЕР бар» (2-164)  Жерді алты күнде жараттым деп ескерткен Алла тағала. Және жалпы әлемнің жеті күннен, жарық қуаттық жүйеден тұратынын да білдіреді. «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген дана қазақ бір ғана нақылмен барлық жаратылыстың сырын түсіндіре білген. «Құранның алдынан да артынан да бос сөз келмейді» деген үкіммен құранның алдында да кітаптары болғанын және артынан да кітаптардың келіп, оны меңгерген, меңгеруге тиісті елшілердің болуы да заңдылық және жалпы әлемге де ақпараттық тұрғыда құранның кітабы түрлі хикметті белгілермен оқылатын мезгілді; қиямет сағаты, қиямет күні немесе ақырзаман деп атаған.

Мұны оқып ұландар,

Үмбетей жырын тыңдаңдар!
Байқап оқып әрбірін,
Ақылға салып бар сырын,
Не деп отыр, көр түрін.
Абылайдың алдында,
Салып отыр, көрдің бе,
Басына көшкен тағдырын,
Сыртын ұқпа мұны аңғар!