(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы) Философия-ойдың қуатын меңгеру ілімі болып, ойсыз ақылдың жарығы болмайды сондықтан да ақыл шам болса, ой соның майы болатынын да білген жөн. Сопылық мақамдағы «май іштім» деген осы ой қуатын алумен, ал тылсымнан аян арқылы арақ ішу ақыл қуатын алумен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қазақ елінің философиялық мектебінің өз мақсатын атқара алмағандықтан қазақ елінің болашаққа қарай заманның ырғағына сәйкес өркениетті меңгеруінің тежеліп тұрғанына жоғарғы лауызымды ел билігі мен зиялы қауымның ақылы болғанмен оның шамының майы болмай, сондықтан шамдары иман, ар болып жана алмай, жол көрсететін жарықтары болмай, кез келген елдің әдетін, салтын, білімін ақыл қылып алуға себеп болғаны да сөзсіз.

Дін атын, шапанын жамылғандар

Исламды, бірлігін қорлағандар.

Адамзаттың бәрін сүй махаббатпен,

Өсиетін дана Абайын алмағандар.

Қияметтің соққан сағатында,

Тажалдар шығар ол расында.

Арттағы өткен тағдыр ісін,

Кінәсін құдайына жабатын да.

     (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Құран аяттары болсын, хадистер және әрбір ойы бекіген насихаттардың сандық өлшемі болуы шарт. Біздің ақылымыз да ойымыз да ерікті болмаса, белгілі бір ұғымдарға байланып қалса, онда адамзаттың мақұлықтан айырмашылығы да аз болып жануарлық деңгейде ғана ақпараттық жүйемен тіршілік етіп, мұны ақыл-ойдың негізделуі, шектелуі деп атайды.  Бірақ біздер үшін шектеулі мен шексіздік ұғымдары да салыстырмалы түрде болуы керек. Біздің шексіздігімізде ақыл-ойымыздың қуаты жетпейтін жаратылыстың барлық сырының белгілі шегі бар. Сондықтанда әрбір аяттың сөз тұрғысында насихаты, түсінігі білімге айналса сол білімнің үні ой болып, оның өлшемі сандық белгімен белгілі болмақ.

        

                   (басы; 1-4 тарауларда)

Сайт бетінде жазушы, қаламгер бір үлкен кісінің; менің салмақты ойларыма неге оқырмандар мән бермейді және мұндай тақырыптарды қоғамда аз оқиды деген пәтуасын көрдім. Шынында бұл қазіргі қоғамдағы бір ең өзекті мәселенің бір. Көптеген қысқа-нұсқа ақпараттық көздерінің (аккаунт) үш-төрт сөйлеммен ғана шектелген пайымдаумен әлемдік дәрежеде танымал болып, ал ақыл-ойға бай, шежіреден, дін дәстүрден әртүрлі уақиғалардан ұзақ сонар әңгімелер, ғылымдық тұрғыдағы баяндамалар көп оқылмайды да бірақ мүлде оқылмайды деген де қателік болар. Бұл үлкендер мен жастардың арасындағы жан күйлік жағдайға өзін-өзі танымдық мәселеге байланысты деп түсіндірсек те болады. Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп қысқа ғана нақылмен көптеген рухани сырды қамтитын жағдайды ескертіп кеткені де хақ.  Бұл сырды мен өзімнің жазбаларымда тарқатып жатырмын да, бірақ оның ақ бастауы Ясауи ілімінен басталып, Абай-Шәкәрім еңбектерімен нақты тұжырым берілгенін, ал оны талқылау тұрғысында жастарға кінә жоқ үлкендер қауымы ел билеушілердің өздері де түсінбей жатқаны да жалған емес.

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда жанның тақуалыққа байланысты қандай кеселдермен байланысты өніп өсе алмайтынына тоқталып және ар, ұяттылықпен байланысты да себептерін қарастырдық. Енді жанның қуаттылығының белгісі болатын тәннің тазалығына байланысты; бел қуатының ұрығының тазалығын, аяғының ағаруына және қос тіземен аруақтық тылсымдық киелерге жалғану арқылы зеректік қабілетінің жетістігін, түсіну қабілетінің қуаттылығын қалыптастырады. Мұндай пайғамбарлық қасиеттің сабырлыққа, тақуалыққа да жалғануға тиісті белгісін; «Белдікті, кебісті, тізелі» болудың сырын талқылап көрейік. Құранда бұл қасиетті ислам дінін меңгеруші елшілікпен халыққа тылсымнан хабар алып насихат таратумен байланысты аятта;

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Дін тәпсіршілерінің насихаттарынан  Абай атамыздың ойшылдығының ерекшелігі де адам баласының өзін-өзі тану үшін қандайда бір дін ісіне байланысты  сұрақтарға дайын жауапты алу емес, керісінше сол сұрақтарға жауапты өзің іздеуге, ойлануға, ойыңды еркін белгілі бір негізделуден тар шеңберден шығаруға жәрдем береді. Сондықтан Абай атамыздың барлық насихаты сын тұрғысында негізгі қателіктердің себебін баяндаумен көрінісін береді.  Және ғылымдық жүйе мен сандық белгілер арқылы бұл ойымыздың адаспай ақылды табуына да мүмкіндік береді.