Шыр көбелек айналған,
Дүние өтер түрленіп.
Бір орында тұрмаған,
Тірлік өтер тербеліп.
Шыр көбелек айналған,
Дүние өтер түрленіп.
Бір орында тұрмаған,
Тірлік өтер тербеліп.
Селкілдеген секемшіл,
Жағалаған мешітті.
Лә илаһа дұға оқыр,
Делқұлының белгісі.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Естелік боп күнәлар,
Қыр соңыңнан қалмайды.
Тәубең болса азшылық,
Сорың сонан қайнайды.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жеті мүше сәждесі,
Қар мен шынтақ жазылса.
Сегіз сезім мүшесі,
Ыдысы білек тазарса.
Алладан иман сұраңыз,
Қуатын таусып алмаңыз.
Көп тілек ішіне жасырған,
Зайырлы сипат болмақсыз.
Мікір-хайла асынған,
Қызығын дүние таныған.
Мал, байлығы сүйгені,
Артық көріп жаныннан.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ділін ұлттың күйретіп,
Дәстүрін баба тәрк етіп.
Нұрдан болған дәлелі,
Атау сөзді өзгертіп.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Серттен танған халық боп,
Күш кешпейік, жарандар.
Шұбарламай тіліңді,
Таза сөйле бауырлар.
Сөз қадірін түсінген,
Өз қадірін біледі.
Ақылдың өлшеп өлшемін,
Торықпас күй кешеді.