Бес қуат тәңір боларлық,
Адамзатқа қуат аларлық.
Алладан басқа тәңір жоқ,
Сипаты қозғау саларлық.
Бес қуат тәңір боларлық,
Адамзатқа қуат аларлық.
Алладан басқа тәңір жоқ,
Сипаты қозғау саларлық.
Он саусақ белгісі — он саулық,
Оң мен солы пар болар жұптық.
Адамзатқа берген рахметі Алла,
Қозғалысқа қолқабыс болар байлық.
Көңілге керек тыныштық,
Денеден кетпей салғырттық
Жүректің көзі ашылмас,
Ойға түсіп уайым ауырлық.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жайма шуақ сәттерді елемеген,
Жамандықты көңілге ала берген.
Дерт меңдесе көңілді ала бөтен,
Бұл бір себеп пенденің көлеңкеден.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Мойында тұрған бар қуат,
Таралар бой, тамырды қуалап.
Жұмақтық кетсе мойыннан,
Қаралық алар тез орап.
Ақылды байлап білімге,
Таңсық болма әрнеге.
Білім шығар қарадан,
Ойын тап құран үнінде.
Кірер есік бар тылсымға,
Қайтар тесік жоқ жалғанға.
Оқпанға түскен құтқарылып,
Жалғанар үзілген тағдырына.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Тобықтан тербеп,
Теріге енбек.
Тізеге жалғап,
Белгісін бермек.
Ғайыптан енген көлеңкең,
Өзіңнен шыққан әсерден.
Құбылтады көңілді,
Бейнеленіп сөздермен
Жөнсіздік пен түзулік,
От пен судай шарпысқан.
Мұнан шығып қозғалыс,
Өлім мен тіршілік алмасқан.