Түркі отаны Түркістан,
Ұлтына қазақ мирастан.
Исламның бірлігін,
Ясауи-қажырлық атаған.
Түркі отаны Түркістан,
Ұлтына қазақ мирастан.
Исламның бірлігін,
Ясауи-қажырлық атаған.
Кішпейіл, көңіл ақ жарқын,
Биязы мінез, қан салқын.
Әдеп сақтап қорыққан,
Сөздің білер ол парқын.
Алды-артыңдағы күзетші,
Қырағы көздер, жөндеуші.
Ізіңді басқан қарайлап
Қарауыл қойған түзеуші.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Құтты білік қазына,
Өлмейтін мәңгі бір жаңа.
Әркім табар өзіне,
Керегін алар биікте.
Ой қозғаған жел күші,
Жетті жұмыр бастарға.
Іс басына екі ұшты,
Кетті, бітті шаруа.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қияметтің соғып сағаты,
Аз болып өндірген қуаты.
Тағдырдан ажырап адамзат,
Арсыздық болды тағаты.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Пайғамбар Ғиса сөздерін,
Көркем сөз рұқтың өнерін.
Абайдай дана сөйлеткен.
Меңгеріп Інжіл дерегін.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ақ бастаудың бұлағы,
Азық болар баршаға.
Рұқыңнан жанса шырағы,
Қуат келер бойыңа.
Қызыр Ілияс бабаның,
Алсаң егер батасын.
Жолға түсіп жортқанда,
Білесің жолың боларын.
Жақсы мен жаман парасы,
Ақ пен қуат қарасы.
Нәсілдерден белгі бар,
Аң, құс, жәндік жалғасы.