Жас күнінде ойланбай ойнақ салған,
Әр есекке тән, жанын арамдатқан.
Есі кіріп күнәмді кешір деген,
Нәзіктер көп дін ұстанған шариғаттан.
Жас күнінде ойланбай ойнақ салған,
Әр есекке тән, жанын арамдатқан.
Есі кіріп күнәмді кешір деген,
Нәзіктер көп дін ұстанған шариғаттан.
Байталдық жыныстық мінез деген,
Ұрғашылық әр айғырды өзі іздеген.
Ұрланып жас айғырға артылатын,
Кәрі байтал үйірінен өзі жүрген.
Мүжбүр етпек түңілуге,
Ібілістің білімі түскен жерге.
Талай адам танымай өзін-өзі,
Көңілін ұрлатады дүниеге.
Құранда Раббымыз; « Мұхаммед олар сенен (рух)жан туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» де» (17-85) деген аятта тырнақша ішіне рух сөзін қоса тіркеудің өзінде рух-таза ақыл мен жан туралы деректердің арап халқында сөз қорында, тіл өнерінде шығармашылығында да, жалпы дін ұстанымында аз мәліметтің болатынын ескерткен. Бұл жерде рух сөзін тырнақшаға алуы да дұрыс емес, себебі рухтан рұқ болып, ал барлық рұқтық білім құранда баяндалып және жан білімінің мәліметін: «Мұхаммед айт: « Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Адыңғы тарауда Абай ата қара сөздерінің 31-ші сөзі мен 19-шы сөздерінің орындарының ауысып кеткендігі туралы ескерткенбіз. 31-сөз естіліктің жағдайымен байланысты болса, енді 19-шы сөз пайғамбарлық қасиеттің «Қарилық» қабілетімен байланысты болмақ. Жалпы сөздердің негізгі ұғымдарын өзгертудің сонау бағзы заманнан бері жалғасып ақырында; «сөздің бәрі араптардан пайда болған» деген Аллаға ортақ қосу әрекетінің қазіргі таңда мүлдем шарықтаған шегіне жетіп, арап халқының сөз атауын мағынасы әрекетіне қарай тәпсірлемей құран арқылы сол қалпында ала салумен нәтижесінде қорқынышты бір шектеу үкімдерге айналдырып алып, шариғатты жол – шексіздік қылып, ислам әлемінің «экстремизмдік» жағдайға түсуіне де осындай ескі тәпсір білімдерін заманға қарай сандық тұрғыда қайта зерттелмеуінен де зұлымдыққа түсуге себепші болғаны да хақ.
Құрбан айт қабыл болсын Дінмұсылман!
Сәлем деген асыл сөзді амал қылған.
Сапта тұрып тілек тілеп жаратқаннан,
Қол жайған жамағат боп оқып құран!
Қан шығарып арамнан тазарудан,
Жалғауға атаң Ыбырайым жолы болған.
Ысқақтай баласын құрбанға арнап,
Иерусалим кентіндегі тасқа апарған
Сынынан уахименен құдай берген,
Өткесін қошқарды сый көктен алған.
Ысқақтай пайғамбардан манның тегі,
Маңғыстау әке-анасымен жатқан жері.
Қазақтың әлім-сақтан дәстүр болған
Құрбан шалу исламнан бұрын діні болған,
Раббының көркем есімдерін ұлықтаған
Ежелден пайғамбарлар отаны боп
Аруағын ешқашанда ұмытпаған!
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Сонымен біздер қаракеттік ақылдың кәсіптік бағытта өсіп-өнгенмен оның талапсыз, мақсатсыз қаракеттік ақыл мен сезімдік ақылдың өз бетімен дамып жетілуіне және қарсылық қара қуаттар мен күштер арқылы өзара бірігуіне байланысты тек дүние тіршілігімен, жануарлы мақсатта ішіп жеумен ғана тәннің қамымен, дүниенің қызықтарымен айналысып кететін ессіздіктің, жындылықтың пайда болуына соқтыратыны да сөзсіз. Мұндай жағдайда жаратылыстан жанымызбен бірге аманат болып берілген тегімізбен және анамыздың қанымен берілген нағашы тегінен белгімізді яғни екі түрлі жиілік ырғақтағы ақылдық қуаттарды аралық біріктіруші ағашымыздың сапасын жындық қуатымызды жетілдіре отыра, оны тазартып кісілікті меңгеруміз, қанымыздың тазалығына байланысты теріміздің кеңдігімен, бой жарығымызға байланысты жүректің айнасы болатын; ұжданымыздың да жетілуіне себепші болатыны да сөзсіз.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Абай атамыздың философиялық ойшылдығын жүйелі түрде меңгеру үшін бұл жазбадағы талқыланған тақырыптарды, сөздерді қайтадан ой елегінен өткізіп, ақылдық қуатымызға айналдырып, көңілімізге тоқып отырғанымыз да жөн болар. Сонымен адамзаттың иманды тауып, махаббатпен құлшылық қылуға ниетілігінің Алласын танудың сырын 38-ші қара сөзімен баяндап өтіп, осы ниеттіліктің негізінен 4 ақылды түгелдеумен байланысты болатынын және ақылдың да өсіп жетілуі жандық қуаттармен тікелей қатыстылығын алдыңғы тарауларда баян қылдық.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Алдыңғы бөлімде адам жанының екі сипатты жағдаймен жетілетіні, бірі жаратылыстан туа бітті қасиеттермен, сезімдік қуаттармен байланысты өсіп-өнуге, адам болып қалыптасуға ықпал етсе, екінші сипатын жандағы бізге берілген қабілет талап бойынша өсіріп өндіріп көбейте аламыз екен. Және жанның негізгі үш қуатпен байланысты сезімдік, қаракеттік ақылдың қуаттарын жетілдірумен біз осы дүниенің барлық тіршілігін меңгеріп, өсіп-өніп көбейе алғанмен, талаптылықты меңгермесек жануарлық, хайуандық болмыстан аса да алмаймыз. Біздің адамдық, адамгершілік құндылығымызды жетілдіру үшін де талапты болуды, яғни 44-ші пайғамбарлық қасиеттілікті меңгеруді жер бетін кезіп жаратылыстың барлық себеп пен себепшілеріне жалғанумен байланысты Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек; Сапарлы болу дейді;
Алдыңғы бөлімде қазақ елінің ақпараттық тұрғыда рухани абақтыға айналғанын жазған едік. Бұған тек ел билеушілер ғана кінәлі десек, онда Құдайға да, дінге де қарсылық болып шығады. Ұлттың белгілі бір мемлекеттік дін ұстану тұрғысында рухани еркіндігі өзгелерден айырмашылығы да болу шартты. Мұны сендерге өздеріңнің тілдеріңнің ерекшелігіне қарай пайғамбарлар жібердім. Өздеріңнің араларыңнан елшілер тағайындап жол-жобаларыңды түсірдім, қарама қайшылықта жақсылыққа жарысыңдар деген. Демек біздің тіліміздің ерекшелігі бойынша пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруге арналған рухани философиялық даналықтың шығармашылықтың, сөздердің, нақылдардың өз жүйесі болуы да шарт. Сонымен бірге әділдікті қалыптастыруға, рухани еркіндікті сақтауға да дін-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптардың сақталуымен байланысты да болуы керек.