Адамзатқа жер ортақ, күн, ай аспан денелері де ортақ. Барлық адамзаттың тегі Адам мен Хау анамыздан ғана таралады деген діншілер тарапынан шыққан сөз емес, мұның нақты дәлелі барына осы біздің қоршаған ақпараттық әлемнің ортақ әсерімен заман өткен сайын барлық әлем халқы бірі-бірін жақын туыстай тани бастауы да дәлел болмақ. Сонымен бірге қандайда бағзы замандағы ертегіге айналған әңгімелердің, аңыздардың бүгінгі күні ғылымдық тұрғыда шынға айналуынан да, біздерге құпия беймәлім көп нәрсенің әлі де зерттеліп адамзаттың өзара тұтастығымен ақпараттарды өңдеуде, қабылдауда әлдемді уақиғаларға да себепші адамдық жан өнімінен пайда болатыны да болашақта дәлелденетіні де хақ. Мұндай кез келген адам баласына таңсық емес сөздерден бастап отырғаным да біздердің қазақ халқының осындай адамзаттың шығу даму үдерісінің ең басында тұрып, барлық адамзаттың дінін, рухын, жанын бірлікте ұстауға болатын әлемдік тұрғыда ең құнды белгі ақпараттарды, қазына деректерді сақтаушы ел екенемізге жүздеген нақты дәлелдер келтірмек ойым бар.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Ашу мен ыза кернеген,
Қайрап тілін безенген.
Үрлеумен отты жақпаққа,
Біліммен өзін шендеген.
Құдай -БАР, БІР Алла -Тәңір, Ол Алла- жалғыз, Барлық жаратылыстың Раббы Алла. Құдай Бір емес, жалғыз. Жалғыздықтың құпия сыры, ондай нұр барлығында жоқ. Тек Құдайдың өзіне ғана тән сипат. Сондықтан Ол Алла (құдайымыз-нұрымыз) жалғыз. Егер Құдай Бір болса, барлық жанды, жансыз нәрседе де бірдің қатысы болып, құдайлық сипат болар еді, онда Алланың өзі жалғыз басқарушы, үкім беруші болмас та еді. Ал жалғыздық тек жанды ақылға ғана тән болғандықтан «Алдыма жалғыз келесіңдер» деген Алла тағала. Олай болса әбір жанның өзіне тән жалғыздық белгісі, қасиеттік, қабілеттік ерекшелігі болады деген ұғымды да білдіреді. Адам баласын түп негіз нұр сипаты кісілік жалғыздан жаратқанымен; «Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» деп жартылық сипаттарды некемен қосып екі жарты (жын қуаты мен шайтан сезім қуаты) бір бүтін болып, төртке көбейту парыз болған адамзатқа. Сондықтан; «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деген. Бас жалғыз, ол Алланың добы, құдайлық нұрдан жаратылған. Екі бастың өзара қосылмай неге өзінше жалғыз болып бірге жүруінде не сыр бар? Ойлау ерекшелігінде, ой қуатын меңгеруінде, қозғалыстық қуаттылығының жиілік, тербелестік, кернеулік, өрістік ерекшелігінде емес пе? Еркектің басы құдайдан, әйелдің басы еркектің аяғынан деп неге айтқан інжілде? Бастық қуаттық, ой қозғалыстық ерекшелігі болмаса қалай жыныстық айырмашылық пайда болады? Бір жыныстылықтықтың, рухани азғандаудың, әйелдердің еркекке айналуға құштарлығы, ерлердің жіңішке мінезділікке айналуына осы бастың тазалықтық жағдайы деп ойламайсыз ба? Сондықтан бастың қадірін білмегендер түбінде жалғыздықтың зардабын да тартады екі дүниеде де. Мал төртеу, олар бір ақылдың көлігі. Сондықтан; «Төртеу түгел болса төбеден, бір ақыл келеді.» Бір ойдың, таза ақылдың бірлік қуаты. Ал мұндай ақылмен ойланғанда; Пұтқа табыну дегеннің өзі жанды, жансыздық ұғымына байланысты. Жанды ақылға Бірге «Единицаға» табынбаған Адам болып өмір сүре алмайды. Қазіргі заманда білімнің өзі қаракеттік, танымдық ақылдың өлшемі болып, мектеп жасына келген баланы да пұтқа табындыра алмайсың да, қисынсызға нандыра да алмайсың. Әрбір білімді адам баласы Алладан берген; Бір жанның сырын түсінсе, жансыз пұтқа табындыру деген түк қисыны жоқ ертегі ғана екенін біледі. Сондықтан масһабшы, тәпсіршілердің бұл ұғымды оңды-солды пайдалануының өзі надандық. Жын және шайтанда — бір ібіліс-кісілік бар, ал рухани бірліктегі жаныңда- бір «мендік» бар, киелі рухта бір тазалықты сүйетін кісілік бар. Сондықтан Алланың Бір тәңірлік сипаты барлық жаратылыстың нәрселерінде бірдей барлығын білдіреді. Бірақ Бір Алла болса, Бір ақылмен басқарылатын жанды қозғалыс иелері болып салады. Сондықтан әрбір сөздің өз орны барын ескерткен құранда. Сонымен Алла тағаланың өзі жол-ғылым болса, Раббымыздың бірлігінің ерекшелігі мен Алла тағаланың ғылымдық сыры қандай? Тәпсіршелердің білімді ақыл қылып, логикалық пайымдаумен сөз ұғымына үңілуіге, ойлану қабілетіне тиым салып, ақылды қақпанға байлап қойғанына яғни жынмен шектеліп негізделуден құтылғыңыз келсе, әр сөздің қуатын ерекшелігіне үңіліп, ойды еркін меңгерсеңіз ақылда бостандыққа шығарары сөзсіз… Ал енді өзіңізді байқап көріңіз тапқыш ақыл, таза ойды шақырып. Бірақ ол үшін не керек, қандай рухани қуаттарды меңгеру екенін білесіз бе?
Оқырмандарға жалпы жын мен шайтанның адамзаттың рухани тұрғыда жартысы болып гендік, тектік өмір ағашының негізі «гормондар» арқылы метафизикалық, физикалық, химиялық, өрістік, кернеулік қуаттарын құрайтынын; «Жын-шайтандар философиялық» түсінігі деген жазбада таныстырып кеттік. Енді осындай қуаттардың әсерінен қандай рухани ахуалдың пайда болатынын және себебі мен салдарын жалпылай баяндап көрейік. Біздердің егемендік алып бөлек шығуымызбен өзімізді-өзіміз тануға кең есік ашылып, қазаққа тән мінезімізбен бізге бұрын арман болған барлық әдеттер мен білімдердің соңынан қуып жүріп меңгере бастадық. Бұл біріншіден ақыл-ойымызға кеңістік ашылып рухани сілкінуге жәрдем бергенмен, ал екіншіден өзге елдің салттық білімімен олардың әдеттеріне, шайтандық, жындылық қылықтарына ақылымызды да айырбастап жатқанымызды аңғаратын арамыздан шыққан даналар да болмады.
Шындық пен шынның да бар айырмасы,
Түс көрмек адамзатқа бұл парасы.
Түстегі шындықты жору керек,
Ал шын түс бар, айқын болған оқиғасы.
Тарихта әпсана бар түс секілді,
Бірі аңыз бірі оқиға күн, түн секілді.
Эбола безгегі неге Африка елінен таралып жатыр? деген сауалға алдымен жауап іздеген дұрыс болар. Африка елінің негізгі топырақтық байланыс сипаты қара нәсілді болып, адамзаттың ортақ меңгеруге тиісті ай астындағы 4 нәсілдің бірі және ең қуатты ұзын жуан жиліктегі кернеулігі болып, бұл қуаттылық түйе жануарымен де байланысты екені де сөзсіз. Ал бұл індеттің тарауының ең басты себебі африка халқының салтынан, киімсіз жалаңаш күн астында ашық, тесік жүру мен тамақтану тәсілінен де пайда болып жатқаны сөзсіз. Бұл ауру негізінен қандайда бір жер тұрғындарының ортақ әдетіне, салтына қарай жұғатынын және қандайда бір елде көп ұзамай қайталанып бүкіл әлемге тарайтыны да сөзсіз. Бұл жеті жылдық сын сағатының жоспарында бар үкім және қазақ елінің де талай індеттерден азап шегуі де хақ. Сонымен бұл індет негізінен қара қуаттық нәсілдердің мекені болған, іш құрылыстың ластануы және ұйқы безінің әлсіреуі мен омыртқа бойындағы жұлынның да дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болады. Жұлынның жұмысы бас терісі мен жалпы тәндегі терінің тазалығымен байланысты болып, бұл аурудың ең басты белгісі бастан басталып бас ісініп, жүйкенің жұмысы бұзылып, әрі қарай ішектегі ауру қоздырғыштары күш алады.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ал ақылды сөзді іс қылмақ онан да қиын болған, дүниелік білімді ақыл тұрғысында қабылдаған мұндай заманда ақыл дегеннің жалпы өзі не деген сауалға жауап беретін философтардың еңбегін кездестіре алмайсыз. Сонымен ақылдылық пен білімділіктің айырмашылығы қандай деген сөзге жауапты табудың өзі қиын шаруа болғаны да сөзсіз. Мұндай ақылдың маңызы жоғалғанда ел басына білімді меңгерген, шаруашылық істерді, дүние қамын, мал табуды жақсы білетін қандайда бір тәрбиесіз, ұятсыз, арсыз, тексіз ел билеушілерінің жоғарғы атақ-дәрежеге ие болып, мұны ақылдылық деп танып, өзін әулие болғандай сезініп, халықты тек менің соңымнан ерсең бақытты боласың деген пенделердің артынан ерген тұртастай халықтардың жоғалуынан тарихта деректер көп. Біздер бұрынғы замандағы біздердің әлі ойлау қабілетімізден тыс түрлі жер бетінде қалдырған құрлыстарынан олар қандай ақылды болған деп таң қаламыз.
Қазақтың қанындағы бар әдеті ескі ақылға, қайғыға шырмалып алып онан шыға алмай кекшілдік, ызақорлықпен негізделуден қазақ халқын ашық қырғынға ұшыратқан ел билеуші хандар, батырлар, билер болғаны да хақ. Өзара жерге таласу немесе бір жесірге бола бірін-бірі өмірі көрместей жауға айналу. Таққа талас, баққа таласпен қазақтың үнемі бірін-бірі өзара араз қылған ел билеушілерінің мұндай әрекеттерін сыртқы жаулар оңай пайдаланған. Қазақты жаулау үшін осындай дау-дамайды тудыратын сатқындар өз арамыздан шығып, сыртқы жаулармен ауыз жаласып жасырын пайда тауып отырғаны да хақ. Сонымен бірге дін тұрғысында да арамыздан үнемі сатқындар молда, ишандар шығып араптың салтын тықпалап өзіміздің ұлттық рухани даналықтарымызды, дәстүрге айналып бекіген дінімізді, тарихи шежіремізді мүлде жасырып жоғалтуға тырысып отырып бұл да талай замандар ғасырлар нәтижесін беріп отырғаны да сөзсіз.
(Басы 1-7 тарауларда)
Адамзатты Алла белгілі бір өзінің жаратқан дінінің тазасынан «Бол», ұқсас деген үкіммен жаратып мұны Абай атамыз; «Махаббаттан жаратқан адамзатты…» деп өсиеттеген. Сонымен және әрбір адам баласының әкенің белінен яғни рухани жинаған барлық қуаттарының рухани ақылдық жүйесінен, ананың қан тегінен тәндік болмысы жаралып ата-ананың тұқыммен келе жатқан орындалмаған аманаттарын, күнәларын, қарғыстарын да жүктеп алумен ерекшеленеді. Қандайда бір біздердің тылсымдық метафизикалық-ғайып, физикалық, химиялық-көмес және биологиялық тұрғыдағы-көрнеу заттанған болмысымыздың жаралысымыз, қозғалыс негізіміз де жоғарғы ақылдан пайда болған рухани негіз құранмен барлық өлшемі сандық жүйемен берілгенін де білгеніміз жөн.
Нұрлысың бабам менің айналайын?
Халық осы, заман сондай не қылайын?
Білемін мен бәрін сен сезіп жатсың
Шапағатыңды келгендерге төгіп жатсың