Жақында министрлер бас қосуы болып, халық, ақпарат ұйымдары алдында есеп беріп, әсіресе денсаулық сақтау министрі қазақ елінде өлімінің пайыздық өсімі тежеліп, адам өсімінің халық денсаулығының артқанын және бұдан былай мұны да мүлде меңгеруге де, ауруларды жеңуге, халық жасын ауруынан емдеу арқылы ұзартуға болатынын мақтана жариялады. Қандай дерек көздеріне сүйеніп сандардың келтіргенін оқырмандар өздері тексере жатар,
Байтасов Т.К. жеке блогы
Сайт бетінде пікірталас-сұхбаттарда көптеген оқырмандардың қазақтың дәстүріне және осы заманға байланысты ата-баба аруағынан, Алла достары әулие-әмбилерден келіп жатқан уахиларға сүйеніп көптеген мақалаларды жариялау барысында көпшілік тарапынан қарсылықтар мен мазақтаулардың болып және ондай пенделердің көп ұзамай-ақ сұхбатқа шықпай қалуы да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда көбіне мені айыптап; қарғады және құл темір компьютерді бұзып тастады деген, мені тәңірге айналдырған есуастық пәтуаларды да кездестіруге болады.
Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;} Бірінші байлық — денсаулық деп аталарымыз тән саулығын емес, адамзаттың тәнінің, жанның саулығының кепілі — ар саулығының, ар сауыты-дененің – өмір қабының дұрыс қалыпты болуымен адам баласының сөз түсіну қабілеті, дарындылығы толық болатынын ескерткен.
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
«18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды. 19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады. 21.Мешіттерде жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады». Өтірікші тажалдықтың негізгі сипаты; бес парызбен иман келтіру амалы болып және барлық намаз орындау, мұсылмандық қарыздарды атқару сәжде қызметтерінен де жоғары, мешіттерде намаз оқуды, яғни сенімін тазартуды, ақылды жетілдіріп, есті меңгеріп иман келтіру деп, жалпы мұсылман әлемінің адамзат ақыл-ойын еріксіз тұтқынға алудың басты қаруы болып саналады. Енді дәлелдерге жүгінсек; 47-30=17 санды кітап парақтардың 7; 4; 11 санды белгілері мұсылмандық парыз болып және иман келтіруден, яғни иманның 60; 70 бұтақты шарттарынан тыс екенінін аятта; «Бедәуилер: «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер, Алайда; «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді.» де» (49-14) (63).
Ата жолы хикметтері.
«Ақ үйің Ай қараған орда болсын, Жиылып ұл мен қызың молда болсын, Адамды адал ниет таза сақтар, Пайдасы молдалықтың сонда болсын. Ақ ордаң Ай қараған шатыр болсын, Жиылып ұл мен қызың батыр болсын. Алғанда жау жағадан, бөрі етектен, Пайдасы батырлықтың татыр болсын. Көш қозғалды, құлағыңызды «түрік, сақ» ұстап ере біл ағайын. «Ескендір Зұлқарнайындай бақытты қылғай, Ай хакім Сүлеймендей тақытты қылғай, Хандайын Арынғазы даңқты қылғай, Ақтылы қой, сарыала түйеге қораң толғай. Өңшең асыл перзентің патша болғай, Жақсылық жаққан отың шырақ болғай. Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай. Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай, Арысақ-ат, шөлдесек-сусын болғай. Хакіміміз сен пайда болған лайдан-ай. Он сегіз мың ғаламның басы болып, Тентекті қайырғайсың райдан-ай!» Әумин! Раббымыз қиямет мезгілінің негізгі белгісі болып ескертілетін жер, су, от апаттарының көбеюімен бірге адамзаттың өлімін көбейтетін басты себептердің, яғни жазылмайтын аурулармен азапқа түсуін ескертіпті; «Мұхаммед оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықпалды болу да болмайды. (18) Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі.» (40-19).
Мүмін болудың негізгі белгісі тарихи еске тұрақты жалғанып; ана тілін, ата сөзі аманатын, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін жер ана рухына, көк отанына жалғану арқылы ғана меңгеруге болатынын ескермеген дін ғалымдары тек намаз оқып, бес парызбен ғана жаннатқа белгі алған мүмін болудың жалған жолын ұстанып, тура жолдың қисығына түсіп алатынын алдын-ала пайғамбарымыз ескертіп; «Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, бірақ іштерінде бірде-бір мүмін болмайды.» Себебі; «Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді». Пайғамбарымыздың осы ескертуінен-ақ дін ғалымдарының бес парызбен және намаз оқу арқылы жаннаттық, тақуа боласыңдар деген әлемдік өтірігін әшкере қылып тұрғаны даусыз. Ал мүмін болу үшін; «Мүміннің түсі пайғамбарлықтың 46/1 бөлігі» деп, мүмін адам баласының Алланың ақиреттегі жаннат тұрғындары болған, өз достары арқылы ғана берілетін құпия кітабына жалғанып, аян ала білетін құлын ескерткен екен. Және пайғамбарымыз бұл сан тағлымымен 46 түрлі аруақтық аян кітабы болып, 47-ші «Мұхаммед» кітабынан жалғану арқылы құран болып жинақталатынын да астарлы философиялық нақыл қалдырған. Олай болса әрбір мүміндікке жалғануға 23 кітап аян міндетті болып оның 21-санды және ортасында Айша анамыздың кесенесі тұрған ата жолының ақ туы осы тылсым ғылымын әшкере дәлелдеп тұр.
Ислам дінінде шерік қосу ұғымы дін ұстанымының негізгі сақтану қағидасы болып; әртүрлі арамнан, тағамдардан, зинадан, арсыздықтардан сақтану сияқты әрекеттерді ескертеді. Бірақ ислам ғалымдарының пәтуаларында әрбір нәрсенің пардан, яғни 3 түрлі денеден тұратын сипаты есепке алынбай, бұрынғы құран түскен уақыттағы арап ғалымдарының біліміне сәйкес қалыптасқан ұғымнан аса алмай және шерік қосудың екінші жұбы шерік қату ұғымын ешқандай масхаб білімінен таба алмайсыз.
Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б.) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378,3456 өсиет) Енді исламмен ғұрыптық амалдары сәйкес келумен қазақтың негізгі мұрагерлік тайпаларынан тұратын қыпшақ елінің ислам дінін ерікті түрде қабылданған ерекшелігі де, ата-бабамыздың әдет-ғұрпының қашаннан да исламдық екенін растайды. Сондықтан Укаша сахаба бастап барған қыпшақтардың пайғамбар қасына жиналған түрлі елдерден және араптардан құралған сахабалармен тізе қосып, ислам дінін алғашқы қабылдағандар екенін де растайтын пайғамбарымыздан қалған өсиеттер бар. Және біздің масхабтық ғалымдардың қазақтың ежелгі дін ұстаным салтын шариғатта жоқ деп қаралауынан, аруақтық ілім ғұрпымызды ашық жаламен қудалауынан да, пайғамбарымыздың араптарға қарап айтылған өсиеттерін ойып алып, парларын іздемей құранға қарсы қойып, өтірікші атап өздерінің 30 сипатты тажалдарға айналғандарын да бір ғана осы өсиет растап тұрғаны сөзсіз.
«Жолдары бар аспанға серт! (7) Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) шындықтан бұрылған бұрылады. (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар білімсіздік ішінде жаңылысуда». (Зарят; 51-11) (62) Қазақтың ғұмырлық дін салты болған түстерді теріс жорумен, аяндарға амал қылумен ілімнің ішкі сыры білімін меңгеруді жолдарға жалғану, яғни қазіргі таңдағы сопылық жол, тура жол деп өздерін уахи, аян алып амал қылушы қылып көрсететін дін топтарының жалғандығын да әшкерелейді. Және мұндай ілімнің білімін қазақ аталарымыз қой бағып жүріп-ақ орындай білгенінен исламдық тура жолдың негізі біздің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз екенін де растайды. Енді бұл аяттың ғылымдық сипатына үңілсек жолдар 7 санымен тылсымнан келетін дыбыссыз үнін Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген 7 құранды ескертіп, ал сөздің аяттағы 8 санға байланысты болып, шындық аян, уахидың 9 санымен, яғни тәубамен байланысты, ойды толық меңгеру қуаты 10 санымен, ал білім 62 тамырға және қандағы 11 жұлдыздық белгіге тәуелді болатынын сандар тағлымымен ескертіп тұрғаны хақ. Ал енді бұл аяттардың негізгі сүрелік мәндері де өзара қосындылардан пайда болатын; 51+7=58;85 сандық белгілермен құран үндік сипатын 7 мақамды меңгеру шарттары да пайда болады. Ал 58-сүре де 85-сүре де бұл жолдарға жалғану ішкі аяттар саны 22 санымен белгіленгендіктен, хажды айқын белгіліп және жер ана, су ана және ана тілі, ана рухына жалғану арқылы ғана қандық сипатпен мүмкін болатынын ескертеді.