Үлкеннің жанын жас көп ұға алмайды,
Ақыл айтсаң сөзің тергеп кіналайды.
Үлкен мен жастың қиялы екі бөлек,
Жындылық кісілікті жыға алмайды.
Үлкеннің жанын жас көп ұға алмайды,
Ақыл айтсаң сөзің тергеп кіналайды.
Үлкен мен жастың қиялы екі бөлек,
Жындылық кісілікті жыға алмайды.
Жер сатты деп ел басын жамандамақ,
Үйреншікті ойбай ғой бастан аяқ,
Шайтандардың әрекеті жала жаппақ.
Өзін-өзі көрсету жан ашыр боп,
Тектілігін сақтаған қазақтай-ақ.
Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.
Әр нәрсенің өз отаны,
Бар болмақ киім, отауы.
Адамзаттың бар отауы,
Зейнеті жарық қоршауы.
Орысты құл деп мақтаған,
Құл сөзін арам атаған.
Әулиелерді даттаған
Тажалдар шықты арадан
Кім қазақты қорлаған?
Надандар ғой ұлтымда
Өзді-өзін мазақ қор қылған.
Барлық ұлтқа құм шашып,
Ата баба мирасы,
Дүние байлық ақшасы
Кейбіреуге сый болып,
Сыналмақ жанның парасы.
Ақыр заман боларда
Түрлі-түрлі күнәң болады.
Азған қатын, қыз-ұлың болады.
Әйел ермен тең болады,
Дінің азып қиын болады.
Рухы мен жанын бір деген,
Надандар көп дін білген.
Жан жарық, рух азығы
Қуат боп қасиет жетілген.
Тарихсыз дінің бүгінде,
Шариғатпен дінің түгел ме?
Дәстүрің- дінің білгенге,
Тоғыз жол торап түрінде.