Ұжмақ деген ақылдан қашық емес,
Өлгеннен кейін ғана кірген емес.
Ұжмақты адамзатқа сыйлар Құдай,
Ақ жүрек құлына еткен адал еңбек.
Ұжмақ деген ақылдан қашық емес,
Өлгеннен кейін ғана кірген емес.
Ұжмақты адамзатқа сыйлар Құдай,
Ақ жүрек құлына еткен адал еңбек.
Құдай бар, қара қазағым,
Партияны қылған мазағын.
Құдайсыз болды жөндемек,
Ұлтының рухын санасын.
Талай сөз даналардан нақыл болған,
Құраннан аят, хадис дін ісінен үлгі алған.
Дәстүрінен ата жолдың өсиетінен,
Талай кітап жазылды бар ма оқыған?
Өңім бе әлде түсім бе екен,
Әлде құдайдан хикмет түскен.
Ел басшы жинап алып ел билікті,
Ата жолын соттаған заң күшін жоймақ екен.
Алланың бізге мәлім үш сипаты,
Ғылыммен бұл сипаттарды жаратыпты.
Барлығы, растығы мен жалғыздығы,
Адамзатқа құлшылыққа арналыпты.
Қалам мен қағаз қолға алып,
Ойға түстім толғанып.
Талай мінді сынадым,
Өмірден өткен үлгі алып.
Әр нәрсенің бір ұқсасы бар,
Шөптен сезім өсіп жанға айналар.
Төмені — жәндік, ортасы — хайуан болып,
Адам жаны құстай таза пәк болар.
Мінез қылығың адамзаттың еркі екен,
Қуатын және алмақсың көместерден.
Біз білмейтін көп нәрсе бар жаратылған,
Жараттым деген ойшық емес ерікеннен.
Әулиелік — таза жүрек, адал ниет,
Тірі мен өлілердің жөні бөлек.
Тірісінде әулие болмақ талай адам,
Артында із қалдырмай бір керемет.
Атымтай және жомарт болған,
Тарихта жақсылықтан аты қалған.
Әрбір жұма арнайы қонақ қылып,
Кезегімен қала халқын қонақ қылған.