Махаббат өмірге ғашық қылған,
Ақылсыз мұны қалай пенде ұққан.
Бес сезіммен шын сүю қалай болмақ,
Өз жанын түсіне алмас шайтандықтан.
Махаббат өмірге ғашық қылған,
Ақылсыз мұны қалай пенде ұққан.
Бес сезіммен шын сүю қалай болмақ,
Өз жанын түсіне алмас шайтандықтан.
Кер замандық қазақтың талабы барды,
Адамдық қасиет жоғалды бәрі.
Жамандықтың салтына жалғанып алды.
Ақырзаман белгісін түгел алған,
Бабалары қазақтың болжамы барды.
Ұлт мінезі замана тағдырында,
Заманың меңгерумен сынағында.
Құдайшылдық қашанда алып шығар,
Көтертіп нардың жүгін ауырында.
«…Ұят кімде болса иман сонда,-деген. Енді бұл сөзден білінді; ұят өзі иманың бір мүшесі екен. Ондай болса білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар-надандықтың ұяты…Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес-ақымақтық, жамандық…» (Абай 36-сөз) Адамзаттың меңгеруге тиісті үш түрлі ғылымның сипаты болатынын баяндадық. Ал енді; Ұят дегеніміз; барлық жарықтық қуаттардың ішіндегі ең ұзын толқынды қызыл түсті ғылымның, шындықтың бейнесінен болмақ. Күн қызарып әлемнен ұялып шығады да, қызарып барып ұясына батады. Қызыл түсті шындықтан күнің жарығы қызуы жер әлемге тарайды да, қайта қара түнектің ішіне сіңеді. Демек ұяттың да негізінде жарықпен және қараңғылықтың ішінен, өткен күннің тағдырынан жол көрсететін екі сипаты, екі түсті күні (қызыл, сары) болуы шарт.
Тағдырдан бар көп сынақ,
Талайлар жүр құлап.
Құдайын бар таныған,
Сүрінгеннен ес жинап.
Сыр сандықты ашатын,
Әулилер берген батасын.
Мазаққа алды діншілер,
Білімділер күйе жаққасын.
Бөліндік деп кеңестен,
Он бес елдік тіркестен.
Қазақстан аталып,
Мемлекетпіз елі бөлектен.
Ата жолын қудалап, соттағанда да негізгі айыптаудың дінші масһабшылар тарапынан құран аяттарымен келтірген дәлелдерге де сүйенгені хақ. Сондай аяттардың негізі; «Тірілер мен өлілер тең емес. Рас Алла тағала әлде кімді қаласа естіртеді. Мұхаммед сен, қабырдағыларға естірте алмайсың. (22) Сен бір ескертуші ғанасың.» (35-23)
Нұрсұлтан орамалды ұнатпайды,
Ояздары орындаудан жалықпайды.
Ақ жаулықты анасынан садақасы,
Перғауындай болады жанға қайғы.
Балаңа ғылым үйрет жас күйінде,
Ғылымның үні тұр дәстүріңде.
Сүйеке сіңген сөзді ұмытпайды,
Ғылымның ақыл күші өз тіліңде.