Ындынның іштегі жарығы,
Жақпаса отын көңілдің.
Бүлдірер аңдып сырттағы
Арттағы қырағы ерткенің.
Ындынның іштегі жарығы,
Жақпаса отын көңілдің.
Бүлдірер аңдып сырттағы
Арттағы қырағы ерткенің.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сиясы таусылмаған ғайып теңіз,
Алланың сөзі таусылмайтын ұшан деңіз.
Толқыны бірде қатты бірде баяу,
Ақылдың ақ нұрынан несібеміз.
Көзіңнің қарашығы дүние қармар,
Ағы болса жаныңа азық жинар.
Ақ пен қара арасын айыра алмай,
Жалғанның қызығына тоймас жандар.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Аңқылдаған ақ жүрек,
Адал ниет, елгезек.
Алланың түсіп таңдауы,
Ақ мөрі бойға болды зейнет.
Раббымыз өзі уәде алған,
Әрбір ұлтқа үн салған.
Сендерді мен жараттым,
Тегің Раббың, деп нұрдан.
Түркі отаны Түркістан,
Ұлтына қазақ мирастан.
Исламның бірлігін,
Ясауи-қажырлық атаған.
Кішпейіл, көңіл ақ жарқын,
Биязы мінез, қан салқын.
Әдеп сақтап қорыққан,
Сөздің білер ол парқын.
Алды-артыңдағы күзетші,
Қырағы көздер, жөндеуші.
Ізіңді басқан қарайлап
Қарауыл қойған түзеуші.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Құтты білік қазына,
Өлмейтін мәңгі бір жаңа.
Әркім табар өзіне,
Керегін алар биікте.
Ой қозғаған жел күші,
Жетті жұмыр бастарға.
Іс басына екі ұшты,
Кетті, бітті шаруа.