«Дін –үгіт әрі насихат» деп түсіндіреді барлық киелі кітаптарда. Үгіт дегеніміз жамандықтан тиым салып, жақсылықтың, адамдықтың жолын көрсетумен баяндалатын өсиеттерімен, көркем сөз ақылдың үлгісі екені белгілі. Ал енді насихаттың ұғымын аятта; «Олар сөзді (құранды, дінді)зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрселер келді ме? (68). Немесе «Онда бір жындылық бар бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де көбі шындықты жақтырмайды. (70) Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарады.» (23-71)
Байтасов Т.К. жеке блогы
Алдыңғы тарауларда шындық пен шын туралы және оның арасына құдайлық үкім, хикметтердің, мұғжизалардың түсіп хақиқат болып шынның ішіндегі шындықты анықтауға, меңгерген біліміміздегі ақпен қараны ажыратуға себеп болатынын түсіндірдік. Жалпы жараталыстағы мейлі метафизиалық тұрғыдағы мейлі біздің күнделікті пайдаланатын қуаттармыздың, ток күші мен жарықтардың екі қарама-қарсы бағыттағы өрістердің үшінші бір бейтарап нәрсеге әсерінен үшінші жайдайдағы күштің пайда болып, осы үшіншіні біз түрлі әрекеттерге, өнімге айналдыратынымыз физиканың қарапайым қағидаларынан да белгілі.
Жаратушымызды тану арқылы адамзаттың белгілі бір өмір сүруге, бір-бір біріне, жалпы жаратылыстағы жанды , жансыз нәрселерге қарым қатынасы пайда болады. Біз барлық әлемді жаратушыны толықтай танып алуға пенделік ақылымыз, біліміз ешқашанда жете алмайды. Алланы тану дегеніміз бүкіл жаратылысты, оның ішкі, сыртқы қуаттар жүйесін өз ара қатынасын, белгілі бір тіршіліктік жағдайдағы пайда зиянын анықтай алуымызбен байланысты болмақ. Және барлық адамзаттың бір текті болып, білім жүзінде, дін құлшылығы арқылы Алламызды толық танитын дәрежеге жетіп, барлығымыз әулие- тұлға, кісіліктің, хакімдіктің дәрежесін меңгере алуымыз мүмкін емес. Сол сияқты біздерден бұрынғы замандарда өмір сүрген даналардың, әулиелердің меңгерген және кітап жүзінде қалдырған білімдері арқылы да; әулиелікте жетілген, тұлға болып кете алмаймыз, ол да мүмкін емес.
Жаратушымыз бүкіл әлемді 7-күнде жаратып, барлық жаратылысты; уақыт атты құдіретті қолына басқартып қойғанда, ал оны қазақ сөз ұғымында Құдай деп атаймызда; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген. Сонымен қатты, жұмсақ, көрнеу, көмес, ғайып (метафизикалық) жаратылыстық нәрселердің бәрі түбінде Алланың сөзімен бейнеленіп; (трансформация) уақытқа, тағдырға қайта табысып, жарыққа айналуы шартты жағдай. Сондықтан жаратылыстық нәрселердің белгілі бір шегі мезгілі болып, бір жағдайдан келесі жағдайға өту кезеңі яғни міндетті өлімі бар.
Қазіргі замандағы барлық дін құлшылығы болсын, немесе адамзаттың өркениетілігінің, мәдениетілігінің қандайда бір үлгісі болсын, шындықтан ажырап, бүгінгі күнмен тек қана шын жүзіндегі күн көрістің, нәпсінің қажетін өтеу тұрғысында тұтынумен, дүние байлықтың жағдайымен ғана ақылдың шектелуімен, ал адамдық құндылықтың бағалануы мен, ақылдың өркениетін білім тұрғысында пайымдаумен, әлемнің жаппай қара түнек күштерінің ықпалына түсіп, түрлі жындылық топтардың саясатын жүргізумен, өз ара қым-қуыт, хайуандарша талас-тартыста жақсы тұрмыс сүру үшін ғана бәскеде өмір сүріп жатқаны хақ.
Ақырзаманның қандай белгілері болып, ондай заманда ерекше хикметтің жағдайлардыңда көрнісі болатыны, өлілермен тірлердің қарым –қатынасы басталып, бірақ білімге мас болған пенделердің тажалға айналып, оған нанымы да болмай, керісінше білім арқылы заңдар шығарып, қарсылық білдіріп, қалайда құдайдың ісін жоққа шығаруға арпалысы болатынын ежелгі заманда-ақ ғұламалар ескертіп кеткені де хақ. Сонымен қазақ елінде мына аяттың; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақта (қияметтік белгі оқиғаларды, сынақ, азаптарды) олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111)
Әрбір заманның тағдырлық өзгерісінде түрлі уақиғалардың, жер бетіне түсетін табиғаттағы ауа-райылық өзгерістер мен табиғи апаттар, ауру індетпен байланысты азаптыңда Алланың көркем есімдермен байланысты; «Біз» болып аталатынжарық жұлдыздардан және құс жолы болған жоғарғы орындарынан, жолынан яғни Алланың иелігі мүлкінен түсетінін де білген жөн. Аятта; «Ол азап биік дәрежелі (аспан мүліктері) Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер (адамзат жаны-періштелігі) және Жәбірейіл (адам баласыныңрұқы, кісілігі, жандық сапасы) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.» (70-4)
(жалғасы, басы 1-15 тарауларда)
Бүкіл әлемді жаратушыны тану үшін; оның жаратқан нәрселерінен, өзінің растығы белгілерінен, яғни хаят-өмір, тіршілікке берген нәрінен, ғылымынан және онымен бірге жүретін хикметтерін көріп, естіп, оның үнін, сырын меңгерген ақыл, білім, іліммен пайымдау арқылы түсінеміз, немесе түрлі жағдайдағы түсірген азаппен, жазаларының құдіретті тәңірлік күштеріне қарсы тұра алмай шарасыздық көрсету арқылы ғана танып, тәубеге келіп, мойынсұну арқылы түсініп, құдайымызды тану адамзатқа да берілген сыны да болмақ.
Қыркүйек айының қандай уақиғалармен өткені, хикметті себебі белгісіз сынақтардың да қазақ елінде көптеген белгілері түскеніне халық куә болып отырғаны да сөзсіз. Масһаб діншілері, дін ғалымдары Құдай пенделеріне уахи бермейді, көріпкелдік деген «серік қосу», себебі Раббымыз қалаған құлына өзінің жіберетін азаптарын, сыйларын көрсетпейді деп халықты пайғамбарлардың, әулиелердің тірі және олардың аруақтары-ғұмыр кітаптары, Алламыздың үкімін орындаушы құдіретті қолынан екенін де мойындамауға шақырып, ата жолын қудалап, соттап, әлі күнге дейін халықты азғыруын тоқтатпай жатқаны да таңсық емес.
(жалғасы, басы 1-14 тарауларда)
Дін насихатының қай кітабын алсаңызда; Адам ата, Хау анамыздың жаратылысынан бастап сол кітапты оқыған пайғамбарға дейінгі адамзаттың тарихы шежіресін, адамзат өміріндегі рухани қалыптасудың сырларын, оқиғаларын баяндайды. Ал, адамзаттың болашақ ғұмыр-тарихынан аздаған ғана мағлұмат береді. Негізінде әрбір түскен кітап өзіне дейінгі уақиғалар мен адамзат тарихынан мағлұмат беріп отырады да, өткен қателіктерді қалай түзеудің құлшылық істерін баяндап, насихаттайды. Сол сияқты ең соңғы дін насихаты болған құранда өзіне дейінгі адамзат өмірін қамтиды да болашақ туралы тек қана ақиреттік жағдайды түсіндіреді. Ал енді әрбір кітаптардың арасындағы талай заман, ғасырлардың істерін жүргізуші, құдайдан хабар алып, заманға қарай құлшылық істерін жетілдіруші елшілер, әулие-әмбилердің үлгісінен ғибарат қалып отырғаны да сөзсіз.