(жалғасы, басы 1-13 тарауларда)
Қазіргі таңдағы әлемдегі барлық қияметтік оқиғалардың, жер бетіндегі азаптардың, індеттердің және экономикалық дағдарыстардың барлық негізі, адамзатқа өмір сүруіне керекті жылу және пайдалы жарық қуаттарының жетпіспеушілігінен, керісінше зиянды қара қуаттардың артуынан деп түсінген жөн. Мұның негізінде адамзаттың әлемдік қуаттардың жүйесіне пайдалы қуаттарды өндіріп қоса алмай, керісінше зиянды қуаттармен табиғатты, жаратылыстық әлемді бүлдірумен байланысты екені де хақ. Абай атамызда бұл туралы өз насихатында ескертіп өткенді. Адам баласының ақылы азып, қара түнектердің азғыруына түсіп, тек қана дүниелік қызықтармен жақсы тұрмыс, байлықты құндылық деп алға қоюдан өз жаратылысының сырын түсінігін жоғалтудан пайда болғаны да сөзсіз.
(жалғасы, басы 1-12 тарауларда)
Әр ұлттың ғылымқалды кітабы дін насихатының, сөз өнерінің, философиялық ойшылдықтың ұлттық үлгісі және жаратушымен арадағы ғылымхалына жалғайтын көпір, жоғарғы ақылдың дәрежелерін меңгеруге нұрландырушы кітабы болуы шарт. Мұндай кітаптың қоры, сөз байлығы қазақ халқында ғана өз дәрежесінде ғана тазалығын сақтай алған десек жалған емес. Бұл пәтуамызға дәлел болып; сандық тұрғыдағы әлемнің барлық ғылым дерегінен хабар беретін Ясауи бабамыздың сәни-ақыл дәптері негізінде қалыптасқан Абай-Шәкәрім, Жүсіп Баласұғұн, Мәшһүр Жүсіп сияқты даналарды, әулие-әмилер, би, абыздармен ақын-жыраулардың еңбектерін құран білімімен, пайғамбар сүнеттерімен ғана өлшемей, және інжіл, тәурат, пайғамбарлар жазбаларымен әлемдегі барлық ұлттардың философиялық құндылықтарыменде салыстыра отыра көз жеткізуге болады.
(жалғасы, басы 1-11 тарауларда)
Дін ғалымдарының қазіргі таңда әрбір ұлттың діл біліміне байланысты сөз ғылымының Алла тағала тарапынан тағайындалған; ана тіліне байланысты ұлттық ерекшелігі, атау сөз ұғымдарын қалыптастыруға міндеттелген пайғамбарлары, елшілері болғанын мүлде ұмытып, барлық атау сөздердің ұғымы тек қана соңғы дін кітабы исламмен, арап тілімен байланысты деген сенімді қалыптастырудан ақылдың қуаты, өрісі қысқарып, иманды сенім деп ұғынуға, елшілік пен пайғамбарлықты, рұқ пен жанды бір деп қарабайыр надандық замандарда арап еліне берілген үгіттерге, ақыл-ойды байлап қоюмен айналысып кеткендері де хақ. Ал енді құранның сөз ұғымдары мен арап елінің тұрмыстық тіршілікте, білімде сөз өнерінің арасы мүлде алшақ жатқанын, сондықтан құранның талай жүздеген аяттарының осы таңға дейін құпия болып ашылмай жатқанында білген жөн.
(жалғасы, басы 1-10 тарауларда)
«Дін дегенміз насихат» деген пайғамбарымыз. Ал насихат – аят, аян, ақылға берілетін қуат құдайлық нұрға, таза ақыл-иман қуатына жалғануға дәнекер болуы керек. Ата жолының мақсатын, ата дәстүрінің қадір-қасиетін терең түсініп меңгеру үшін де бізге дейінгі барлық діндердің, дін топтарының білімдері мен үгіттерінің, құлшылық істерінің пайда-зиянын ажыратып керек емесін тастап пайдасын ала білу де маңызды болмақ. Сондықтан тек қана намаздарын оқып орындаумен шектелуден де адасушылықтың, тура жолдың қисығына түсіп кетудің қаупі де зор болмақ. Олай болса әр ұлттың өзіндік даму жолы, тарихы болып бұл ақпараттық жүйенің де белгілі бір тарихы, шежіресі қалыптасып мұны Алланың жібі деп атайды. Ұлттың тегінің, жанының нәсілінің даму заңдылығы үздіксіз болып оның арасын үзіп, алып тастап қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайда біздердің шежірелік ағашымызда үзіліп, Алланың жібінен ажырап адасуға жанның даму үдерісіде, қуаты да жоғалады. Әлемдік қуатқа жалғанудыңда мүмкіндігі жоғалады.
Біз бабадан Алаш туғанбыз,
Ізбөрі еді елдік жан анамыз.
Қазақ, Созақ , Зейнеп бір туған,
Қазақ боп текті алғанбыз.
(жалғасы басы 1-9 тарауларда)
Сонымен екі жылдай уақытты араға салып; 2015 жылы қыркүйек айында бұл тақырыпты қайта жалғап отырған жайымыз бар. Ата жол жазбаларының қазақ дәстүрінің ар білімінің сырының аруақтар аманатымен жазыла бастағанына да 13-15 жылдың мезгілі өтті де. Осы уақыттың ішінде алғашқы кезде оқырман табудың өзі қиын болып, ал уақыт өте оқырмандардың саны да мыңдап қосылып жатқаны да хақ. Сонда да болса, бұл білімді түсінуге білімді қауым мен ел билеушілердің бас тартуына не себеп болды деген сауалдардың талайлардың көкейін тесіп жүргені де хақ. Енді мұндай рухани ахуалдың сан алуан түрінің, бір ұлттың неге талай топтарға бөлініп алып өзара қырғиқабақ алауыздықта тұрып жатқанына не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрсек.
«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Ағарған таңға, (1) Құрбан айының алғашқы он кешіне. (2) Әр жұп пен таққа. (3)..Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.(12) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды.» (89-13) Бұл аят бойынша әрбір жылда құрбан айында шектен шыққан елдерге құдайдың сынағы түсіп және бұл сынақтар қай күні жұп немесе тақ болса, бір жыл бойы сол күндердің қауіптілігі де артады. Жалпы исламның шектен шығуына, адасуына Мекке қаласында жүк көтергіш кранның мешітке құлап жүзден астам қажылыққа барған адамдардың ажалымен үлкен белгі түсті де.
Әлмисақтан серттесің,
Әкенің аты өшпесін!
Әке мен балаға серт деген,
Құраннан аят елге сын.
«Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатпен Шәкәрім атамыз періштелерінің екі түрлі негізгі сипаттан басталатынын ескертеді. Және Абай атамыз ескерткендей әрбір нәрсенің өлшемін білу керек, өлшемін білмей ол туралы түсініктің «боғы шығады» деп ескерткен. Олай болса аятта, «Олар сөзді зерттемей ме?» деген үкімге сүйене отыра «Уақ» сөзі; «Түйе-к», «түй-ек»; «Ұс-ақ», «май-да»; «Кішігірім» «Шағын» деген ұғымдарды беріп, тұтастықтың бөлшектері, кіші бейнелері және жер анамыз «Түйеге», толық шешілмеген, түрленбеген сөз түйіндеріне байланысты жаратылыс қуаттары болып шығады. Бұл жаратылыс егелерін, аспан денелерін басқарушы Алланың құдірет қолы жанмен және жаннат тұрғындарымен, «Біз», бақылаушы жарық көздер, жұлдыздар арқылы басқарылатын негізінен 8 санымен байланысты болып, ал атқарушы«қол қаб-ыс» періштелері 5 түрлі тәңірлік қуаттарға қосылған жалпы сандық белгісі 13 санымен өлшенетін жаратылыс бейнелеріне жатқызамыз да бұлардың жалпы адам болмысына байланысты негізгі денелік бейнеде бейнеленуі 5 түрлі сипатта болатынын жадыңызда сақтаңыз.
«Мен Елбасы болсамда қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сиынған елдің перзентімін; Аруақтың бар екені рас болса, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді… Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік. Сондықтан мен санадағы кұлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар аруағына сиындым, солардың қасиетті рухын тірілттім. Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп тойларын өткіздік. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларға, аудандарға бердік…Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады?! «
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті.
Датым бар құрметті Нұрсұлтан мырза!