Әлемнің жаратылысы даналық пен парасаттың әрекетімен жаратылғаны да хақ. Негізінде Алланың нұрынан екі жарықтың сары және ақ түстен басталып, екі аралық қызыл түспен және қарсылық қара қуаттардың  теріс ой — көк түспен бейнеленуімен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп парасат егелерімен, жаннатық жандармен жалғануды білдіреді.  Ал жалпы жанды жаратылыс егелерін  құранда «Біз жараттық, бізге есебі көрінеді» деп ескертеді. Жер ананы жаратқаннан кейін парасатты аспандағы жұлдыздарға айналдырып, екі араны мықты бекітіп қойғаны да сөзсіз. Сонымен Алла тағаланың ғылымы мен кереметі (хикметі) парасат болып көктің мүлкімен бейнеленген. Сонымен ғылым дегеніміз таза ой қуаты болып, құдайлық нұрмен біртұтастыққа айналған адамзаттың әулиелік дәрежеге жеткен кісілігі, рұқ қуаттары, кітабы, иманы  жұлдыздар болып саналады.