«Бір мәрте ақиқаттың жолына аяқ басқан халық, бұл жолда өз араларында қашан ұрыс-керіс пен талас-тартыс басталғанға дейін қала береді.» (704-хадис) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті түркі халқына, оның ішінде тура жолдың, ақиқаттың негізін қалаған, сондықтан әлемдердің шежіресін, даналықтың, көркем сөздің құндылығын сақтауға бұйырылған мирастың егесі болған қазақ халқына арналғаны да хақ. Себебі қай елде тура жолдың негізі қаланса, сол елді сөздің құндылығы, жан ғылымының сыры, нақылдардың мол байлығымен ерекшеленуі тиісті.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қазақ дәстүрінің құранмен бекіп, бүкіл әлем діндерін толық қамтып қалыптасуы да жан ғылымы мен жоғарғы біртектілік қасиетті меңгерген Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында хилуетте өмір сүріп, әлемдік барлық ақпараттық жүйеге жалғана алуымен байланысты екені де хақ. Бұндай ақпараттар жүйесінің 3 түрлі тараудан 33 мың сипаттардан; нақыл — сөз құпиялары, ғылым деректері, ғылым көздерінен тұрып барлығы 99 көркем есімдермен немесе Ар —атты Алла тағаланың сегіз сипатының бейнесімен байланысты болып, сәни дәптердің хикметтерінің сандық мәндері мен құран аяттарының арасында тығыз байланыстың барын әзірге ұғына алған қазақ ғалымын таба алмайсыз
Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек
«Адамзатқа алдымен тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз неге ескертті? Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатын інжіл жазбалары да растайды. Баста сөз болған, сөз құдайдың буы-нұры еді деп түсіндіреді. Демек, сөздің пайда болуы ақыл – нұрмен, яғни қозғалыс тегімен байланысты. Қандай бір жаратылыстық нәрсенің, қуаттардың белгілі бір қозғалу тәртібі бар. Сондықтан әрбір адам баласы да өзінің жартысын, жынысын, тегін, қуаттарының шамасын білуі керек. Бұл білімге жатады. Бірақ осы қуатымызды, яғни білімімізді біз қажетімізге қарай жұмсауымыз және онан пайдалы зиянсыз әрекеттер шығаруымыз үшін төменгі, жоғарғы шамаларын, шектерін яғни тәрбиесін меңгеріп, салыстыру арқылы жұмсалмаса, онда бақытсыздыққа душар боламыз.
Біздердің өмір сүрген әлемімізде ешқандай бостық немесе белгілі бір тәртіпке бағынбайтын, өз ара қарым-қатынаста қуаттық алмасуда болмайтын жаратылыс себебі жоқ десек жалған емес. Әлемдегі қандайда бір жақсы, жаманды өзгерістердің бәрі әлемдік тұтастықтың ішіндегі қуаттардың алмасуынан пайда болатыны да хақ. Жер анамызды жаратқанда даналықтан жаратып, ал даналықтың ішінде парасаттылық қуат та болған еді. Мұны «Жерді 4-күнде жаратып несібелеріңді түгелдедім» деп түсіндіреді. Ал жер көкті 6-күнде жаратқанын да, жалпы бүкіл әлем 7-күнмен жаралып біздің аптаның ішіндегі 7-күніміз және олардың аттары да осыған дәлел болады. Сонымен парасаттың 7-белгісі бар мұны жер әлемде бейнеленуін апта, яғни күш, қайратты белгілейді.
Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шақуатының көп қой мәні,
Дене –киім, терің-әке ризық алған.
Құдайым жарылқасын бұлағыңды,
Некемен сүйіп қосқан қосағыңды.
Ақ жаулық, кең пішілген жеңді болып,
Күн көрмеген ақ білек жан жарыңды.
Сүюге де қыз жігітке ақыл керек,
Ұлтының дәстүрінен білсе дерек.
Арсыз қыз бен опасыз ер ғашық болып,
Көп ұзамай ажырасқан кімге керек?
Қандай жақсы нәзік жан жылағаның,
Көзден шығып ыстық жас, тулағаның.
Жаның таза әйнектей бол берсін,
Нәзік дыммен өсірмек бақшаларын.
«Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Олүшін, қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихатауды естен шығармауымыз керек.». Н.Ә.Назарбаев.
Ел басшымыз мұны қазақ зиялы қауымына, ғалымдарға, дін ғалымдары мен имамдарға, заң шығарушы лауазымдыларға, құқық қорғау мекемелеріне арнаған жолдауы деп түсінуміз де керек. Ал енді қазақ қоғамында ел билеушілер, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері ұлттың бірлігін қалыптастыруға жұмылған болса, онда ел басшысының әрбір айтқан жолдауын насихатын талқылап мұны заман талабына сай деп тапса, дереу орындау үшін заңмен бекітіп іс-әрекет амалға да айналдыра білу керек.