Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
………… …….. ………
Арамдыққа осы жұрт жүр ұмсынып,
Аздап бері тым кетті құдай ұрып.
Білмегені білгеннің тілін алмай,
Бәрі бірдей шулайды иттей үріп.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
………… ……….. ………….
Рахым жоқ, қанағат жоқ, арсыз болып,
Жас бойға жаман атақ тағынбалық!
Таза ойлап, татулық іс табалық!
Жау жоқ, тіпті жауды сағынбалық!
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
«Абай» журналының екінші нөмірінде жарияланған ардақты Мәнен бауырымыздың «ұлтшылдық» деген мақаласына бір ауыз сөз айтқымыз келеді,– дейді Шәкәрім қажы.– Менің ұғуымша ол кісі: «ұлтшылдықтан мәдениет, мәдениеттен адамшылық туады»– дейді. Бұған дәлел керек қой?! Көріп отырмыз, ұлтшылдық пен мәдениеттің ең жоғарғы басқышындағы Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? Менің ойымша әлі күнге шейін, асса ұлт, қалса өзімшілдіктен аса алған жоқ».
«Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар…Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық, өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді..» (Шәкәрім әулие).
Бөріксіз төбе тесілген,
Жындарын баста өсірген.
Еркектер көп қазақта
Тектігін ұлттың өшірген.
Ақыл күші әлемді қозғап тұрған,
Ақыл тілмаш білімді ұғындырған.
Ақыл беріп Адам атамызға,
Жаралыстың қасиетіне ат қойғызған.
Бақытын адамдар көп іздеген,
Рахат пен қуанышын өмірден.
Пенделіктен егер болсаң сен аулақ,
Бақыт құсы орын алар кеудеңнен.
Адамзат әлемнің қозғалысының, түрленуінің басты себепшісі болып табылады. Жер әлемдегі адамзаттың тіршілігіне байланысты барлық қуаттарды қызметке тұрғызған жаратушымызға сансыз мадақ айтып, ақыл қуатын өсіріп жетілдіру арқылы ғана бақытты өмірдің рахатын көре аламыз. Біздер жеке-жеке тіршілігімізде өзімізді бақытты деп бағалағанмен, егер біз өмір сүрген қоғамның әділетті, әділетсіздік саясатына, өмір сүру салтына, рухани адамгершілік тұрғысындағы көзқарастары мен табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділік, сәйкестігіне қарай сол қоғамдағы тұрғындардың бақытты, бақытсыздығы мәлім болады.
Қазіргі әлемдік жағдайдағы болып жатқан оқиғалардың және дағдарыстардың себебі де жер бетінің тұрғындарының әлемдік қуаттарға қосқан үлесінің, таза ақпараттың, жан өнімдерінің азайып, керісінше жақсыны алып, жаманды шығаратын тұтынушыға айналып алғандығынан десек қате емес. Және қандайда заманда болсын, ақ пен қараның үнемі өзара соғысы болып, бір тұтастық жүйеге айналуымен ақпараттық жіп болып, соңғы келетін ұрпақтарға жалғанып отырады да. Әлемдік ақпараттық қозғалыстың негізі 72 санды жындар әлемімен қатысты болып және үш түрлі; Ойлау, көру, есту қасиеттерінің ұлттық тілдермен бірлігінен нәсілдік тектің пайда болуымен ерекшеленеді де.