Себебін таппай үлкендер,
Ақылсыз болған тар заман.
Құр білімге жүгініп,
Құдайсыз, дінсіз азды адам.
Ардан сұрау болмаған,
Дүние байлық ойлаған,
Ессіздік, мастық жаулаған.
Себебін таппай үлкендер,
Ақылсыз болған тар заман.
Құр білімге жүгініп,
Құдайсыз, дінсіз азды адам.
Ардан сұрау болмаған,
Дүние байлық ойлаған,
Ессіздік, мастық жаулаған.
Серіксіз жаратылыс жоқ. Иман — серік адамзатқа. Өзіне иманды қосу амалының қандайы да болса Құдайға қарсылық жала болмайды. Алланың үкімдерінің, аяттарының, хикметтерінің ортағы жоқ. Адамзаттың бүгінгі білімді заманда Әлемді тағы да бір екінші Алла қосылып жаратты деп немесе көп құдай бар деп серік қосуы мүлде мүмкін емес. Себебі пайғамбарымыз; «Алланың атымен айтылғаныңнан басқа аттың бәрі-көп құдайға табынушылық» (627-хадис) деген өсиетімен көп құдайға табыну үшін ислам дінінен шығып, құранды тастап қойғанда ғана мүмкін екенін ескертіпті. Ал олай болса, қандайда бір құлшылық ісінде мейлі тауға, тасқа, ағашқа тағзым жасап тәу етпес бұрын құран оқып, Алланы мадақтағаннан кейін, киелі орындарға құрметпен сәлем беруді ағашты, тау-тасты, әулие мазарын екінші Құдай қылып алды деп халықты қарайлай үрейлендіріп қорқыту тажалдық болмақ.
«Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)
«Жебірейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жебірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.
Пайғамбарымыз;Жәбірейілге қарады, Жәбірейіл: Ей Алланың Елшісі! Раббыңа өте сыпайы бол!,-деді. Сонда Рассулла; «Құл пайғамбар болғанды қалаймын» дей отырып, ерекше сыпайылығын танытты. Оның осы таңдауынан кейін құлдық адам баласы қол жеткізетін ең шарапатты мақам дәреже болды. Сондай-ақ пайғамбарымыз өзіне шектен тыс тағзым қылған кісілерге;
«Құдайсыз қурай сынбайды» деген даналар. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген Шәкәрім әулие атамыз. Энштейн ғұлама; «Күнә жоқ, оның барлығы Құдайдың жоқтығы, Құдай болған жерде күнә да болмайды. Сол сияқты қараңғылық та жоқ, оның барлығы жарықтың жоқтығынан, суықтық та жоқ , оның болуы жылудың жоқтығынан.» деген екен. Ал жаратылыстың түп негізі Алла қандай жағдайда да бар және мәңгі. Алланың барлық қуаттардың егесі- тәңірі болып және жаратылыстағы; жамандық та, жақсылық та, жанды, жансыз барлық жаратылыс та тәңірлік сипаты, қуатымен басқарылып түрленетін және мұның бәрі де тұтастай бірлікте Алланың тәндері болып, барлық әлемді Алланың денесімен баурап тұрғанын білсек онда барлық нәрселерде белгілі бір Алланың мөрі бар екенін де аңғара аламыз
Қырғызды деп қазақты,
Орыстар салып азапты.
Құдайға ашық қарсылық,
Дінге салған мазақты.
Cағаты қиямет соққан заманда,
Қазақ ұлты ұйқыдан бұл тұра ма?
Жауабын іздеп бұл сауалға,
Аңшыдай із кескен көп қан сонарда.
Әдеті болған сыншылдың,
Тізімін алып көп міннің.
Сөз айтады зарланып,
Амалдың білмей төркінін.
Мен де бір соның бірімін,
Амалы бар сыншыл сөзімнің.
Қазақтың бәрі надан ба?
Телмірген бір адамға.
Айдамасаң жүрмейтін,
Ақылы жоқ басында
Теңелген әбден хайуанға.
Адамдық па, өзгені жұлып жемек?
Ата-баба тарихынан кекті іздемек.
Бүкіл ұлтты ессіздер жүр қаралаған,
Өз ұлтын кемшіліксіз құдай демек.
«Мұхаммед ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салады.( (22-54) Бұл аятпен Алланың өзі ғана тура жолға салушы екендігін, яғни Алламен байланысқа түсуші, хабар алушы және оның ашық белгісі түрінде ғылым берілу керек екен. Сонда ғана иманның толысуы мен жүректердің көзі ашылып хақиқатты көруімен белгілі болмақ. Ал онда ғылым берілгендер қандай хақиқатқа бөлену керек?