Қазіргі таңдағы әлем халқының түрлі азғындыққа түсіп жазылмайтын аурулар мен семіздік және рухани түсініксіз жағдайлармен әлемдегі боып жатқан соғыстар, бүліктер, террориз мен экстремизм атты жағдайлардың бүкілі әлемдік дағдарыстардың да себебі де адамзаттың өмір сүруінің рухани дағдарысқа түсуіне байланысты болып және негізгі себеп дін тазалығының жоғалуынан десек, бұл замандағы білімге сәйкес бұл пәтуаның ақыл болып қабылдануы да екіталай болмақ. Бұған негізгі себеп те сөз құндылығының жоғалуы мен бір ұлт өкілінің өзі бір тілде сөйлегенімен бірін-бірі түсіну қабілетінің жоғалуынан ғана болмақ.
Жалаңаш қызды мақтаған,
Сұлу деп таңдай қақтырған.
Еркектер көп сұлудың,
Сырын ішкі ұқпаған.
(жалғасы 1-5 бөлімдерде)
Тектілікті қазақ ұлтының діл бақшасымен яғни ойшылдық ұғымымен және дәстүрлік әрекет құлшылығымен тікелей байланысты екені де хақ. Сонымен діл бақшасының ғылым түгіл сұқбаттастықта қазақ елінің тегі, ұлттық ерекшелігі тек қазақ тілімен, жазуымен ғана байланысты ма, сөйлеу мәнерімен, үнімен ерекшеленді ме?-деген сауалға осында 5-10 жыл бұрын ғылым тұрғысында жауап беру мүмкін емес еді. Себебі біз дін дегенді намаз оқып, ораза ұстап, зекет беріп, қажылыққа барып келумен өлшедік те тектілігіміздің бір сапасы «намазхан» болып кез-келген ақылы толмаған жас бала құранды жаттап намаз оқып текті болып шыға келді. Ал енді білімді меңгерген көп оқып соның нәтижесінде белгілі бір дәреже-атақты иемденіп, халыққа ақыл айтуға тұрып алса болғаны бұндай пенделердің де қандай амалына қарамай текті де аталуға құқы болып шыға келгені де сөзсіз.
Сөз түсіну, адам болу қиын екен,
Ең оңайы ақылды беру екен.
Шайтандарға дүние мал бере берсең,
Жындыларға жағасың ақылына көне кетсең.
Естідей қылығы бар әдемі қыз,
Сөйлеген сөзі әдемі мәнерлі қыз.
Қиылған қасың, көзің күлімсіреп,
Сүретіңді сыйлап едің әдемі жүз.
Әрбір ұлттың, үмметтің сөз құндылығын, тіл-ой тазалығын сақтаушылар; философтар, психологтар, дін ғалымдары, дін имамдары, ақын, жазушы, ақпараттық жүйедегі халыққа рухани тұрғыда қызметшілердің бәрі шопандар, ой қуатының малдық қуаты қойшылары-шопандар болып табылады. Енді қазақ елінің «Аңыз адам» атты жорналының және оның редакторы Жарылғап Қалыбайдың да түрлі сынақтарға ұшырап жатқанына да бір себеп бары сөзсіз. Сонымен қандай себеп болуы мүмкін деген сауалға жауапты да рухани тұрғыда іздеп көрейік. Бұл жорналға қазақтың негізгі рухани құндылықтарын, салт-дәстүрін, оған тұлға болған кісілерін, тарихын баяндаумен және бұл сұқбатқа өзін білімді деп атаған ойшылдарының бәрі де өз пікірлерін жазып жатқаны да даусыз.
Адамзат баласы мейлі қандай тағдырмен қандай заманда өмір сүргенмен бұрынғы өткен заманның да белгілі бір ақыл-ой қуатын тағдырында қайталауы да хақ. Сонымен бірге өткен заманның күнәлі әрекеттері де тағдырында жазылып мұнан тазаруға да тиісті болмақ. Әрбір адам баласы өз тағдырының өзі қожасы болуы да сөзсіз. Сондықтан мұндай тағдырындағы қайшылықтарды, себептерді меңгеру үшін замандық білімді меңгерумен, құлшылығы арқылы таза ақылдан қуат алумен әрбір пенде мұндай күнәлік, жандық қарсылықтардан, негізделуден өз тағдырын құтқару керек. Мұндай жағдайда дін құлшылығы тәубеге келу деген ұғым бар. Тәубеге келуді Абай атамыз ескерткендей әрбір кемелдік жасқа жеткен өзін-өзі ақылды санаған пенде өзіне-өзі есеп беріп, ақылдың кемелдігіне келгенше өмір сүру барында жинаған ескі әдеттерден, бедел-абыройдан атақ дәреженің, білімділіктің буы арқасындағы өзінен-өзі артық болған, асып-тасыған мінездік ерекшеліктен арылу үшін өз ақылын сынаумен бірге,
Тегіңді таныдың ба болып адам,
Сезім, түйсік нәпсілер бұл жаратылған?
Жанат кезген жыныссыз Ата –Анаңды,
Жылан еді іште тұрып сыбырлаған.
Адамдықты таниды ізгі ісінен,
Надандықты айырмақ сөз ісімен.
Жаманға жақсылықпен жағып болмас,
Ит артық жақсыны таныр иісінен.
Ұлтжанды боп аталмақ,
Ар білімін ұстанбақ.
Дәстүр-салттың қадірін
Кісі болып сақтамақ.