Ата жолын діншілер мен ел билеуші білімді қауым тарапынан қудаланып; «Ала аят» деген секталық топқа қосып, соттаудың да артында қазақ дәстүрін зерттеп, білім тұрғысында меңгеруде шығармашылық қауымен, философия мектебінің құлықсыздығында, надандыққа рухани негізделумен, білімді қауымның алты аузы ала болуымен де байланысты болғаны да хақ. Ал негізгі себепші ата жолына келген қауымдардың қазақ даналарының насихаты мен ата дәстүрін тақуалық тұрғыда меңгеруден бас тартуы мен білімін меңгеріп, халыққа түсіндіруден жалқаулық танытудан, деп білген жөн. Әрине мұндай жағдайда шайтан жамағаттары мен ібіліс ұрпақтарына айналған басқарушылардың мұндай қателікті оңай өз пайдасына шешумен аяқталды да.

Ата жолының алағашы кезде әулие–әмбилердің ақ батасымен халықты жаппай жамандықтан тиылып, жақсылық ізгіліктерді меңгеруге шақыруымен байланысты болғанмен, негізінде ата бабалардан қалған сопылық тақуалықты меңгеру арқылы қазақ дін дәстүрінің әулиелік жолын қалыптастырумен құдай патшалығының үлігсін әлемге паш ету керек еді. Ол үшінде әуелі дін исламның бес парызы намаз оқуларымен, масһабтық тәпсірілік білімді меңгерумен аруақтардың көрсетумен ескіргенін тастап, тозғанын жамап, заман қарсылықтарына, күнәдан ақталуға, тағдырды тазартуға байланысты тарихат, мағрипат құлшылық істерін жетілдіруде міндетті болды.