Еректік қасиет жоғалды,
Ойламай ар -ұят иманды.
Қатынды салып алдына,
Министрге қақпан құрғанды.
Еректік қасиет жоғалды,
Ойламай ар -ұят иманды.
Қатынды салып алдына,
Министрге қақпан құрғанды.
Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына- ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескеруімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес.
(Аруақтан ақ бата, нәсілдер соғысы)
Әзәзіл бұл заманда,
Антын елдің ұрлауға,
Аңдыған албасты,
Салмасын зынданға.
Тар құрсақ, тас емшек,
Қадірін кім білмек.
Қыз бенен қырқының,
Заманға жүр күйлеп.
Сараңдық сойқанға,
Күнәдан тазарма.
Табысың азғана,
Садаққа саларға.
Қорқытып былғады,
Ата жол қуғанды.
Шайтандар азғырып,
Зұлымдық шықанды.
Зор табыс тілеген,
Құдайын сүймеген.
Іштегі күнәсін,
Ақтауды білмеген.
Бетпақтық бүгінде,
Қатынның тілінде.
Қартайған шағында,
Қарғыс қой киуге.
Ағарар кімдер бар,
Бүгінде ұрпақтар.
Үлкен мен кішінің,
Қадірін ұғынар.
Сасық түлкі арамдық,
Кикілжің саларлық.
Қойыңдар ұрпақтар,
Арсыздық боларлық.
Жайлаған заманда,
Айқай шу саларға.
Күлкіге қарық боп,
Ашылған аранда.
Тәпсірмен ант ұрған,
Айрыған адалдан.
Бүгінде зар заман,
Пейілің тарылған.
Атадан балаға,
Байлығын аларға.
Есепсіз, қисапсыз,
Шашуға бола ма?
(Аққу Ф.А дерегімен)
**** ****
Аруақтан ақ бата,
Ұрпаққа бақ бата.
Бақ болып келгенді,
Ата жол қазаққа.
Көктетпей қиғанды,
Екі күн ұрланды.
Ессіздер билеген,
Ақырғы заманды.
Тыңдайтын құлаққа,
Ғылымнан суатқа.
Құранның үні бар,
Иман боп қуатқа.
Шайқасы Аңырақай,
Тылсымнан жан айқай.
Ақ пенен қараның,
Арпалыс тұр жағдай.
Тозақтан құтқармай,
Қауымдық аруақты ай.
Қазақ тұр теңселіп,
Ай күнді жапқандай.
(Қазан 2016 жыл)
*** ****
Министр жарлық түсіртті,
Ақтамаған ақ сүтті,
Түзетпекке діншіні,
Орыс тілді мәңгүтті.
Еркектің табанының бүрі кеткен,
Басынан ар қуаттың сыры өшкен.
Етексіз, жаулығы жоқ жалаң білек,
Қатын, қыз жаны өлі көні кепкен.
Қара қатын дегенде қара қатын,
Өзінің жағдайына қарамайтын.
Ақталмаған күнәдан қаралықты,
Қыз, қатындар ұятты білмес ағаратын.
Раббымыздың ескертуімен қазақ елінің жарты жылдық сын сағатының жағдайын алдын ала хабарлап отырғанымыз көптеген оқырманға да таныс болар. Өткен қыркүйек айы жалпы қоңыр салқын шаруаға да жайлы болып, бірақ халықтың жер мәселесінде қарсылық білдіруі болады деп ескерткенді. Бұл жағдайдың уақытша шектеу қойылуымен, бірақ әлі халықтың, дінннің жағдайына қарай шешілмегені де белгілі. Олай болса ел билігі Раббымыздың ескертуіне қарсылығын жалғастырумен сынақтардыңда артуына себеп болып жатқаны сөзсіз. Енді осы айға тоқталсақ;
Молдалар тәпсірмен берер кеңес,
Тәпсір білім Құдайдың сөзі емес.
Таза ақыл құдайдан сөз бейнесін,
Аян, уахи алмаса сөз түзелмес.
Бойыңда нәпсі жауың бар,
Жүректің күйін сауыңдар.
Міндетің енді ауырлар,
Қажыдан қайтқан бауырлар!
(Д.Байтұрсұн ұлы)
**** ****
Сай мен төбе бір болған,
Кедей байға жем болған…
(Бұқар жырау аруағынан)
**** ****