Жаратушымыз ешқандай өз ара тең қуаттарды жаратпағанын жанат пен тозақтан ашық белгі бар. Алла тағалалық әлемдердің жаны жеті қанатты періштелік сипатын, жолын жаратып, оған сегіз жарықтың құдіретін, қасиетімен Алла өзін адамзатқа тануына лайық паш еткені де жаратылыстың ғылымынан, дініміз арқылы Алланы тану ілімі болуы керек. Мұны Алла Тағаланың сегіз сипатын меңгеру деп масһабта, исламдық орта топтарда қарстырылмағанмен қазақтың дін дәстүріндегі сопылық тұғысында қалыптасқан міндетті құлшылықтың амалына жатады.

Армандап өткен талайдың,

Құлшылығын арнайтын.

Үмметінен Мұхаммед,

Тура жолға жалғайтын.

 

Патшалығын Құдайдың,

Ақыл –ойы сарайдың,

Қайрымды қала тұрғызар,

Болатын ұлты құдайдың.

Адам атымызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жүп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын, деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді : «..Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49)

Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;

Ақылдың естілік тұрғысында адамзаттың қалыптасуы үшін; оң солын білу арқылы өмірден өз орынын тауып және төрткүл дүниенінің төрт жағын танумен жер әлемін, өмір сүрген ортасымен жаратылыс әлемімен қуаттық жүйеде тұтастықта болумен ғана адамдықтың, даналықтың сипатымен бейнеленуі керек. Адамдықтың танымы; ішкі қасиеттің (тігінен, биіктік) 3-сипатына және сыртқы әлеммен, кеңістік көлемдік төрт жағына қатынасымен 7-өлшемді танымдық қуаттық жүйе шығады. Әлемді жеті күнде жараттым деген аяттың негізіне сүйенсек, адаматтың жаратылыстың қуаттық әлемдік толық жүйесінен туылуы 7-жарықтық жүйемен байланысты болмақ.

Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде әлемдік 7-жарықтық жүйеге қосылуға 7-қараңғылықты, түнек күштерінің қарсылығын жаратқан. Және ешқандай тең қуаттарды жаратпағанның дәлелі болып; жарықтың тұрғысында, ақ түстің негізінде 8-түрді, сегіз жаннаттық ақиреттік өмірді, Алла тағаланың сегіз сипаттық қадір қасиетінің негізінде тарқатқан. Сонымен әлемдік жеті жарықтық жүйені меңгеру барысында адам баласының туылуы, көбейуі бір жарықтық сипатты өндіріп, одан үш түрлі жарықтық қасиетті тарқатумен, көбейтумен және бір қуатқа жүйеленумен ерекшеленеді. Сондықтанда аспандық әлемдік жарыққа айналу 10-сандық өлшемен кезеңдермен, 10-күнмен байланысты екенін құранда ашық баяндаған.