Нұр отандай партия жер сататын,
Құдай жолы нұрлы жол қылып затын
Сөз ұрлаған құдайдан зиялылар,
Ақ жол деп партияның қойып атын.
Нұр отандай партия жер сататын,
Құдай жолы нұрлы жол қылып затын
Сөз ұрлаған құдайдан зиялылар,
Ақ жол деп партияның қойып атын.
«Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түкте жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар. Жан денеме кіргенінде, Бірге кірген осы дерт, Жан беретін дәрігерің де Ем таба алмай қор болар. Менде де бар да, тіпті сізде Жоқ емес бұл қасиет. Оны өшіріп, бәріңіз де Дедіңіздер: «жауды жар». Әлемнің бастауы болып, жерді жаратпай тұрып жаратушы иеміз мәңгілік өмірді яғни өзінің жарлық-құдайлық сипатын жаратқанды. Жанмен бірге кіретін барлық жаратылыстың жанының ерекшелігі мен қасиеттілігінің сапасы; «Мен» — Жар мәңгілік өмірлік нұры болып саналды. Рұқ пен жанды бір деп атап ислам діншілерінің адасуы да, Мен сипатының қасиетін, зайырын, ішкі сырларын түсінбеуден пайда болған.
Қазіргі таңдағы қазақ елінің ел билеушілерінің үш тілді меңгертіп, жастарды ғылымды қыламыз немесе діншілердің бес парыз намазды үйретіп, масһабпен жүріп, құдай ісінсіз-ақ, шындық, хақиқатынсыз елді иманды қыламыз, деген ұғымның ібілістің ықпалымен, шайтанның сыбырлауымен, тек білімге негізделіп, белгілі бір замандағы кісілікке табынумен амалға айналдыратын жындылықтан туындап жатқанын аңғарудан қалғанбыз.
Қияметтік мезгілде тек қана зұлымдықтарға құдайдың жауабы түсіп, жазалаумен ғана шектеледі деп түсіну жаратылыстың сырын, дәуірлік оқиғалардың мән-мағынасына ойды жұмсап, ақыл тоқтата алмаудан пайда болады. Аятта; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.» (43-62) Олай болса, Раббымыздың тарапынан түсетін барлық белгілері мен хикметті білімдерін бейнелеп оқушы әулие-әмбилер мен Алланың сүйікті құлдарының адамзатқа көрсетіп, жол сілтеп жатқан түстері, аяндары, уақиларының бәрі; Алланың өзінен, құдіретті қолы МЕН сипатынан болып және Маған бой ұсыну болып саналады.
Дінсіз адамзат өмір сүре ала ма деген сауалды әрбір есі бар пендеге қойсаңыз, әрине жоқ деген жауап аласыз. Қарапайым ғана түсінікпен аңғарсақ, өлім, ажал бар жерде діннің барын әркім ұғына алады. Барлық өмір тіршілік және өсіп-өніп, қасиеттілікті, тектілікті меңгеру өліммен, яғни «мың өліп, мың тірілу» арқылы ғана пайда болатыны да хақ. Өлім дегеніміз ажалдың «атрибуты», көлеңке бейнелері болып, бір қуаттық жүйеден келесі кезеңге өтуге, жалғануға көпір, жібі болып саналды. Ал енді қазақ билігі заң тұрғысында неге саясатымыз дін-жанынан, бас амандығынан бөлек деп қарсылық білдіреді?
Құтқарар білім тозақтан,
Өмірде түрлі азаптан.
Ілімнен білім шықанмен,
Ойына сынды жаратқан.
Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8
Мақтанбайтын бүгінде пенде бар ма?
Дінші, тілші, жазушы, ақындар да.
Мақтанның буы бүгін білім болып,
Ел құтқармақ мақтанмен сөз жазарға.
Адамзаттың жаратылысында ібілістік, адамдық болмыс қатар болып, қай жағына қарай ықыласымыз ауса, соның ұрпағы болып, аттылы-еркек, жаяу-әйел сипатты үш байлығымызды түгелдей алмай, меңгерген білімімізге мастанып, жұртты құтқармақ болып, дүние байлығымен мәңгілік ел болмақ болып, ол үшін де жындық топтарға бөлініп алып өзара дауласумен, меңгерген керемет өнерімізді «жұлдыз» болдық деп мақтанумен, өмірдің бар бақыттылығы осы деп әлемге де жар салып жатырмыз.
Арлы ақыл бүгінде кімде қалды,
Неге ұятты, ынсапты деп аталады,
Арсыз ұят, ынсапты билер шығып,
Ел жағдайын байлықпен бағалады.
«Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тия, Дауың мен шарыңды. Құрбыдай хош тұттым Жасың мен кәріңді. Жоқтамай, ұмыттым, Ақыл мен нәріңді. Ортаға көп салдым Өзімде барымды. Япырым-ау, неңді алдым, Сау қоймай арымды?..» (Абай ата). Қазіргі таңда ақылды артқа тастап, тек біліммен өлшеуден жас пен кәрі, ақсақал мен жігіттің, кемпір мен бәлекей қара қатынның немесе қыз бен үлкен әйелдің, сол сияқты қатын мен еркектің қоғамдық өмірде, рухани болмысында еш айырмашылығы неге болмай қалды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Іс жүзінде білімді адамзаттың пайдасына жаратып, түрлі мәшинелерді жасап, оны қызметке қою да білімді ақылмен жұмсай білудің әрекетімен ғана болады.